Алматы қаласында валюталық операциялар жасайтын заңды және жеке тұлғалардың назарына!
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы (ҚРҰБ АҚФ) Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына сәйкес есептік нөмір берілген валюталық шарттар бойынша тоқсан сайынғы есептерді ұсыну мерзімдерін естеріңізге салады:
• Қаржылай қарызды игеру және қызмет көрсету туралы есеп – Валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына №3 қосымша;
• Инвестициялау объектісінің капиталына қатысу туралы есеп – Валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына № 4 қосымша;
• Міндеттемелердің орындалуы туралы есеп – Валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына № 5 қосымша;
• Шетелдік банктегі шоттағы ақша қозғалысы туралы есеп – Валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына № 6 қосымша.
2023 жылдың 4 тоқсанындағы валюталық операциялар бойынша есептер жоғарыда көрсетілген нысандар бойынша
2024 жылғы қаңтардың 10-на дейін (қоса алғанда) қабылданатын болады.
Бекітілген нысандар, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында
www.nationalbank.kz Статистика → Статистикалық және әкімшілік есеп беру нысандары → Төлем балансы бойынша статистикалық есеп нысандарының тізімі бөлімінде орналасқан.