Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» АҚ еліміздің бүкіл аумағында кеңейе түсті

kaspi bank 2010 жыл бойы өз бизнесін белсенді түрде дамыта отырып, клиенттеріне жаңа өнімдер ұсынды, бөлімше желісін кеңейтті. Нәтижесінде kaspi bank депозиттердің өсімі мен ашылған бөлімшелердің саны жағынан көшбасшылардың бірі атанды.

2010 жылдың 10 айының нәтижесі бойынша жеке тұлғалардың депозиттері мен несие портфелі 50% және 8% өсті. Таза кіріс бір жыл бұрынғы 3 миллиард теңге шығынмен салыстырғанда 1.3 миллиард теңгені құрайды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша банк несие портфелі ең аз дегенде 10 % ұлғаяды деп, ал қалған қаржы қөрсеткіштері бойынша оң серпін болады деп үміттеніп отыр.

«2010 жыл бойы дамуымызға инвестициялауды жалғастырдық, – дейді «Kaspi Bank» АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Біздің негізгі басты жетістігіміз – жаңа өнімдер әзірлеу, жаңа бөлімшелер ашу және қызмет көрсету сапасын жақсарту. Осының бәрі ең алдымен клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалады. 2010 жылы біз еліміздің бүкіл аумағында 27 жаңа бөлімше аштық, жылдың соңына дейін тағы да 20 бөлімше ашуды жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде бүкіл Қазақстан бойынша клиенттерімізге өнімдеріміз бен қызметтерімізді ұсыну мүмкіншіліктерін арттырамыз. Мақсатымыз – бөлімше желісінің саны жағынан алғашқы үштіктің қатарына қосылу.

«Еліміз әлемдік қаржы дағдарысының әсерін табысты жеңіп шықты, – дейді өз сөзінде «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким. – Тұтынушылық сұраныс қалпына келуде. Экономиканың өсуі үшін негізгі импульс – белсенді түрде қайта несиелей бастау. Біз 2011 жылы банктер өз бизнесін белсенді түрде дамытатынына, бәсекелестік күшейетініне, нәтижесінде бірінші кезекте қаржы қызметін тұтынушы жеңіп шығатынына сенімдіміз. Алдағы жылы біз несие портфелін 20-30% ұлғайтуды жоспарлап отырмыз».

2011 жылы банк жаңа өнімдерді іске қосуды, нарықтың жаңа сегментіне шығуды және бүкіл Қазақстан бойынша жаңа бөлімшелерді іске қосу жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ – Қазақстандағы жекелеп несиелеудің көшбасшысы және активтері 311 млрд теңгеден және шоғырландырылған капиталы 39,5 млрд теңгеден асатын қазақстандық жетекші банктердің ондығына кіреді. Банк тұтынушылық несиелеуде көшбасшы орында тұр. Банктің бөлшек желісі 150 филиал мен бөлімшеден тұрады. «Kaspi Bank» АҚ инвесторы - Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялаудың жетекші қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялар қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары қаржы қызметтері, мұнай және газ, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы, kaspi bank сияқты тұтынушылық сектордағы жетекші Европлан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон компанияларының қатарындағы 50 компанияны $600 млн жоғарыға инвестициялады. Қор инвесторлары ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы сияқты, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америкалық, Еуропалық, Азиялық университеттік қорлар сияқты қаржы институттары да бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Үндістан, Еуропа және Латын Америкасын $3,5 млрд активтерге тікелей басқаратын қорлар тобының Baring Private Equity International құрамына кіреді.
«Kaspi Bank» АҚ инвесторы – Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) жетекші тікелей инвестициялар қоры.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
Корпоративтік коммуникация департаментінің директоры
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы тел: +7 (701) 223-87-85







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер