«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің назарына!
Осы арқылы «Kaspi Bank» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) өз акционерлерінен Қоғамның 2013 жылдың қорытындысы бойынша есептелген артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер алу үшін Қоғамның жақын маңдағы филиалына хабарласуды сұрайды (филиалдардың мекенжайлары қоса беріліп отыр).
Акционерлердің тізіліміне бұрын енгізілген деректемелеріңіз өзгерген немесе болмаған кезде (жеке тұлға акционердің Т.А.Ә. немесе заңды тұлға акционердің атауы; бағалы қағаздарды ұстаушының банктік шотының нөмірі; БСН немесе ЖСН; алушы банктің БСК және акционердің басқа да мәліметтері) (мұра алу кезінде; заңды тұлға қайта ұйымдасқан кезде және т.б.) әмбебап құқықтық мирасқорлық арқылы Қоғамның акцияларын меншікке алу үшін:
- Қоғамның («Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ) тіркеушісіне (бұдан әрі – Тіркеуші), бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізушіге (орналасқан мекенжайы: 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 141, тел.: +7 (727) 272 47 60, www.tisr.kz, info@tisr.kz электрондық пошталары) немесе өз қалаңыздағы Тіркеушінің сайтында көрсетілген мекенжайдағы Тіркеушінің филиалына;
- Тіркеушінің трансфер-агенті бөлімшесіне («Қазпочта» ҰК» АҚ) хабарласу қажет.
Сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде деректемелеріңіз болмаған жағдайда, Қоғамның 2014 жылдың қорытындысы бойынша есептелген акциялары бойынша дивидендтер төленбейтінін назарларыңызға жеткіземіз.
Акционерге дивидендтер төлеуге қатысты басқа да мәселелер жөнінде Қоғамның төмендегі қызметкерлеріне хабарласу керек:
А.М. Березняк (тел.: +7 (727) 355-14-27; 258-59-55, ішкі: 1072), сондай-ақ Alla.Bereznyak@kaspibank.kz электрондық поштасы арқылы;
А.В. Соколова (тел.: +7 (727) 258-59-55, ішкі: 2155), сондай-ақ Anna.Sokolova@kaspibank.kz электрондық поштасы арқылы.
Филиалдардың мекенжайлары