Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Халықпен белсенді түрде жұмыс жасайтын 18 қазақстандық банктің ішінде kaspi bank қызмет көрсету деңгейі бойынша бірінші орын алды

18 қазақстандық банктің ішінде kaspi bank қызмет көрсету деңгейі бойынша бірінші орын алды.

«Розница.kz» компаниялар тобы Алматыда Қазақстанның банк секторында қызмет көрсету деңгейін зерттеу бойынша өзінің жыл сайынғы тәуелсіз зерттеуін жүргізді. Зерттеу «құпия сатып алушылар» әдісімен жүргізілді. Компания қызметкерлері Алматы қаласындағы банк бөлімшелерін кездейсоқ таңдап, оларға зерттеу аясында әрбір банк желісінде көрсетілетін қызмет түрлерінің санына қарай 3-тен 9 ретке дейін кірді.

Банк қызметкерлерінің сыртқы келбеті, банк өнімдерінің шарттарын білуі, сапалы кеңес беруі және соңына дейін клиентпен ілесіп жүруі сияқты сыртқы факторлардың кең спектрін назарға ала отырып, «құпия сатып алушылар» қызмет көрсету деңгейін бағалады.

2009 жылы жүргізілген зерттеу нәтижесінде осы зерттеуге қатысқан ең ірі 18 банктің ішінде kaspi bank ең көп балл жинап, бірінші орын алды.
 
– kaspi bank үшін стратегиялық маңызды басымдықтардың бірі – клиенттерге қызмет көрсету сапасы, – деп түсіндіреді зерттеу нәтижесін банк басшысы Михаил Ломтадзе. – Біз әрдайым жақсаруға бағытталып жұмыс жасаймыз және өзіміздің мақсатты стандарттарымызға жету үшін көп нәрсе істейміз. Зерттеу нәтижесі бойынша бірінші орынға шығу – біз үшін зор мәртебе. Бұл дегеніңіз біздің оң өзгерістер жасап жатқанымызды білдіреді. Біздің банктің ұраны – Клиенттеріміз үшін тағы не істей аламыз? Бұл құр бос сөз емес, клиенттеріміз бізді әрдайым ең үздік деп тануы тиіс деген басты мақсатымызға жету үшін барын салатын банктің әрбір қызметкері өзіне қоюы тиісті сұрақ.

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 43 млрд. теңге шамасындағы біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында тұр. Банк тұтыну несиелерін беру бойынша көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы. www.bc.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да тікелей инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Үндістан, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы.


Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-19-13 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85
+7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
26 қазан 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер