Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank технологияларға ақша салып, тәуекел менеджментін күшейтеді

kaspi bank бизнес-талдау және тәуекелдер саласында бағдарламалық қамсыздандыру және қызмет көрсету нарығындағы әлемдік көшбасшы SAS компаниясының аналитикалық бағдарламалық қамсыздандыруын сатып алып, оны енгізді.

Нәтижесінде kaspi bank несие тәуекелдерін бағалау, олардың сәйкестігін, несие портфелі мен деректер базасын талдау мониторингін бақылаған кезде ішкі үлгілердің тиімділігін арттыру үшін қосымша құралдар алды.

«Бөлшек бизнесті дамыту – біздің стратегиялық басымдығымыз, ал ол алдыңғы қатарлы технологияларды дұрыс пайдаланғанда ғана мүмкін болады, – деп түсіндіреді өз тарапынан kaspi bank-інің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Біздің әрдайым ақша салып отырған технологияларымыз қазақстандықтарға әлемдік сападағы өнімдерді бере отырып, тәуекелдерді белсенді түрде бақылауымызға мүмкіндік береді. Біз бағдарламалық қамсыздандырудың түрлі жеткізушілерінің мүмкіндіктерін ұзақ талдағаннан кейін SAS платформасын таңдадық. SAS-тың жоғары беделі мен шешу кешенділігі біздің осы платформаны сатып алуымыздың негізгі себебі болды».

kaspi bank-інде дамудың ұзақ мерзімді стратегиясы бар, осы стратегияға сүйенсек, ақпараттық технологияларға инвестиция салу банктің бәсекелестік артықшылықтарын жасау үшін маңызды болып табылады. Сатып алынатын технологиялар еліміздің аумағындағы kaspi bank-інің әрбір сату орнында жылдам әрі сапалы банк қызметтерін көрсету мүмкіндіктерін әрдайым жақсартып отыруға мүмкіндік береді.

«Бөлшек тәуекелдерді басқару үшін бағдарламалық қамсыздандыру саласындағы әлемдік көшбасшы – SAS-тың ұсынысы таңдап алынды, – деп түсіндіреді Ресей/ТМД SAS компаниясының басшысы Валерий Храбров. – SAS шешімінің функционалдығы банктің барлық негізгі талаптарына жауап беріп қана қоймайды, сонымен қатар оған өзінің несие портфелін бұрынғыдан да табысты басқаруына көмектеседі. kaspi bank-інде біз ең бастыны көрдік – бизнесті дамыту менеджментінің анық көрінісін, несие тәуекелдерін бағалаудың қатаң критерийлері мен әлемдік деңгейдегі кәсіпқойлықты көрдік. Нәтижесінде жобаны өте қысқа мерзімде іске асырдық».

Жобаны іске асыру үшін Ресей/СНГ SAS күміс серіктесі – бірнеше жылдар бойы тәуекел-менеджменті мен клиенттік талдау мәселелері үшін SAS өнімдерін қолдануда мамандандырылған «ГлоуБайт Консалтинг» компаниясы таңдап алынды.

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында тұр. Банк тұтыну несиелерін беру бойынша көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы. www.bc.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да тікелей инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы.

SAS компаниясы
SAS компаниясы – бағдарламалық қамсыздандыру нарығы мен бизнес-талдау аясындағы қызметте көшбасшы. Интеграцияның озық технологияларын, деректерді іріктеу және сақтауды, мықты сараптамалық құралдарды біріктіретін жүйелерді жасап шығарушы жалғыз компания. Бұл бір орта шеңберінде - сараптамалық платформада сараптама жүргізуге ерекше мүмкіндік береді. www.sas.com/russia.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85
+7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
16 қараша 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер