Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Центр Тяжести» форумына қатысушылардың сұрағына Михаил Ломтадзе жауап беруде

«Сенің жеке қаржың». Осындай атаумен ең танымал қазақстандық Интернет-форумдардың бірі «Центр тяжести» 2 ай бұрын жаңа ақпараттық жобаны бастады. Жобада барлығы қарапайым - қарапайым адамдар сұрақ қояды, ал сарапшылар осы сұрақтарға жауап береді. Форум салықта, зейнетақы жүйесінде, сақтандыру және банк бизнесінде белгілі әрі беделді адамдарды парасатты сарапшылар ретінде шақырды. Бір ай бойы қазақстандықтардың сұрақтарына жауап берген Каспий банкінің басшысы Михаил Ломтадзе банк секторының атынан қазақстандықтар қойған сұрақтарға жауап берді. Біз оқырмандарымызға ең көкейкесті және қызықты сұрақтарды ұсынамыз.

PAMUK:

Ломтадзе мырза, 2007 жылдың қорытындысы бойынша, инфляция 18,8 пайызды құрады (ресми деректер). Кепілдік беру қорының ұсынатын депозиттері бойынша мөлшерлемелер, менің білуімше (мүмкін мен қателесетін шығармын), теңгемен 10%-дан және валюталық салымдар бойынша 7%-дан аспайды. Осындай жағдайда депозит ашқысы келетін адамдар не істеуі қажет? Қандай мөлшерлемелерге сүйенуі қажет? Қазір ақшаны қандай валютада ұстаған ыңғайлы? Депозитті қандай мерзімге ашқан дұрыс? Банк менеджерлеріне қандай «қиын» сұрақтар қоюға болады?

Михаил Ломтадзе:

/

Депозиттер бойынша мөлшерлемені банктер тікелей өздерінің мүмкіндіктеріне қарай белгілейді, яғни барлығы ресурстарды, соның ішінде депозит түріндегі ресурстарды тартқаны үшін әр банктің қанша төлеуге дайын екендігіне байланысты.

Инфляция деңгейі депозиттік өнімдердің бағасын анықтаудың жалғыз белгісі емес. Сондай-ақ бұған әр банктің қандай позицияны ұстанатыны және ақшаны қанша пайызбен болса да алуға дайын екендігі әсер етеді. Бүгінгі нарықта 7-ден 15%-ға және одан да жоғары мөлшерлемелер ұсынылуда. Клиент банкті таңдайтын кезде ол банк туралы хабардар болуы қажет және оның ұзақ мерзімді болашағына сенімді болуы қажет.

Мысалы, біздің «Каспийде» мөлшерлемелер нарық бойынша орташа деңгейде. Бір жағынан, ресурстарды кез келген бағаға тартқымыз келген жоқ. Екіншіден, біз пайыздық мөлшерлемеге қызығатын тек тұтынушыны ғана емес, сонымен қатар банктің басқа да өнімдерін ұсыну арқылы оның болашақтағы мақсаттарын жүзеге асыруына септігіміз тиетін серіктеске қол жеткізгіміз келеді.

Депозиттерді таңдау белгілеріне қатысты сұрағыңызға келсек, бұл жерде мен депозиттен бұрын тікелей банкті таңдау қажет дер едім. Яғни банктің меншікті капиталының қарызға қатыстылығы тұрғысынан тұрақты және сыртқы қарыздар деңгейімен тиімді айырмашылығы болуы қажет. Әрине, ыңғайлылық - филиалдың жақындығы, қызмет көрсету сапасы және т.б. ең соңғы фактор емес.

Салым валютасына келетін болсақ, салымды теңгелей ұстаған дұрыс, патриот екенің аңғарылады , оның үстіне теңгелей депозиттің пайызы жоғары. Менің ойымша, ақшаны ұзақ мерзімді уақытқа сақтаған жөн. Сонда жинауға ынта пайда болады, күтпеген жағдайларға әрқашан резервтік капиталың болады.

Банк менеджерлеріне қандай «қиын» сұрақ қоюға болады? Үш сұрақ қоюға болады:
1. Салымымды кез келген басқа қалада және банктің кез келген филиалынан ала аламын ма?
2. Салымды бұзу қандай мөлшерлеме бойынша жүргізіледі?
3. Сіз өзіңіз депозитті қай жерде сақтайсыз?

FAMOUS:

Қадірлі Михаил Ломтадзе,
Мен бір сұрақ қойғым келіп отыр - егер инфляция 18,8 % болса, Қазақстан банктерінде депозитті 7-15 % мөлшерлемемен ашудың қажеті қанша?

Калистрат Калиныч

/

Famous-тың сұрағына қосыламын. Бұлай ақша сақтағанша, оны бірден ішіп-жеп қойған дұрыс.

Михаил Ломтадзе:

/

Сұрақ екіге бөлінеді: 1) неге банктер; 2) неге 7-15%?

Біріншіден, неге банктер? Әрине, өзіңнің бос ақшаңа кірістілікті көбейтуді сан алуан мүмкіндіктер арасынан таңдауға болады. Өкінішке орай, мүмкіндіктер онша көп емес. Бағалардың түсуіне байланысты жылжымайтын мүлікке инвестициялау қиын, ағымдағы жағдайда бағалы қағаздар тым түсініксіз және т.б. Мен кәсіпқойлығына сенім артатын көрнекті инвестициялық компаниялар өте аз. Банктегі депозит, бұл – уақытты және зияткерлік күшті жұмсамай, тұрақты ұзақ мерзімді табыс алу мүмкіндігі. Қалай болғанда да ақшаны банкте сақтау үйде сақтағаннан анағұрлым дұрыс. Мен өзімнің бос қаражатымды банкте сақтаймын, өйткені түрлі инвестициялар жайлы ойлауға уақыт жоқ. Қазіргі менің инвестициям – менің жұмысым мен оған қуана жұмсап жатқан уақытым. Зейнетке шыққанда уақытты емес, ақшаны инвестициялай бастаймын.

Екіншіден, пайыздық мөлшерлемеге келсек, ол нарықтағы бәсекелестікке және депозиттерді тарту ниетіне байланысты. Өз басым жақсы білетін банкті таңдар едім. Қалай болғанда да миллионер болмай тұрып, депозиттің пайыздарына миллионер болу мүмкін емес. Дегенмен, тыныш ұйықтағың келеді ғой!

Құрметті Калистрат Калиныч! Бар ақшаңды ішіп-жеу идеясы жаман емес. Бірақ одан кейін емделгенге ақша көп кетеді. Одан да пайызы жақсы депозитің болса, оған тек ішіп-жеп қоймай, емделуге де болады.  

Winston:

Михаил,
1) Әр банктің ақшаны қай салаға жұмсайтыны (құрылыс, ШОБ және т.б.) туралы құжаты (даму стратегиясы сияқты) болатыны рас па?
2) Банктің клиенті (депозитті салар кезде) осы құжатпен таныса алады ма?

Михаил Ломтадзе:

/

Құрметті Winston!

Тамаша сұрақ. Әр түрлі компаниялардың тәсілдері де сан алуан. Кейбіреулер стратегияны құжат түрінде қалыптастырады. Басқалары күнделікті қабылданатын шешімдерін стратегия деп санайды.

Көп жағдайда қалыптастырылған стратегия құпия құжат болып табылады, оның егжей-тегжейі тек топ-менеджментке белгілі.

«Каспий» банкінде біз басқаша ойластырдық. Біз банкпіз және ақшасын сеніп тапсырған салымшыларымыз біздің нақты инвесторларымыз бен серіктестеріміз болып танылады. Осыған орай, біз банк және оның жоспарлары жайлы инвесторларға қалай айтсақ, дәл солай салымшыларымызға да айтуымыз керек. Біз солай жасадық және алдағы уақытта да осылай болмақ.

IF:

ҚҚА-ның деректері бойынша, жиынтық несие портфелінің 20-25%-н құрылыс секторының несиелері құрайды. Бұл шамамен 20 млдр-қа жуық АҚШ доллары. Қазіргі таңда құрылыс компаниялары қиын жағдайда екендігі белгілі, олардың бітпеген үйлеріне сұраныс жоқ және оларды бітіруге ақша да жоқ. Осыны ескерсек, құрылыс компаниялары банктерге берешектерін қалай қайтаруда? Олардың берешектері көп қой. Бәлкім банктеріміздің басын қатыратын ең қиын мәселе осы шығар?

 
Михаил Ломтадзе:

/

Құрылыс секторындағы жағдай – ең маңызды мәселелердің бірі. Шын мәнінде, осыған әкеп соғатынын болжауға болар еді. Біз 2007 жылдың басында-ақ, біздегі пәтерлер Швейцариянікімен бірдей тұруы мүмкін еместігін айтқанбыз. Жаһандық қаржы дағдарысы бұған тек сылтау болды. Нағыз себеп - жылжымайтын мүлік бағасының негізсіз көтерілуінің үрдіске айналғандығында. Егер жаһандық қаржы дағдарысы болмаса, өзге фактор катализатор болар еді. Кейде мен, Каспийдің қарыз алушыларының арасында құрылыс компанияларының жоқтығы қандай жақсы болған, деп ойлаймын. Бір жағынан, бәрібір бұл жағдай жаппай банк секторына әсер етуде. Құрылыс компанияларының жұмыскерлері, орта және шағын кәсіпорындар мен құрылыс компанияларына қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер, үлеске түсу үшін қарыз алғандар және т.б.– олардың барлығының құрылыс компанияларының жұмысымен байланысы бар әрі банктердің клиенттері. Проблеманы шешу үшін жаңа инвесторлар керек. Неге десеңіз, мәселе ақшада. Мемлекет осындай инвестор ретінде іске араласа алады. Ол үшін, құрылыс секторын банк арқылы қаржыландырудан бастап, құрылыс компанияларын тікелей қаржыландыру және жылжымайтын мүлікті сатып алу сияқты түрлі құралдар бар. Банктер болса құрылыс компанияларымен жұмыстарын жалғастырып, қаржыландыру іздеп оны құрылымдандыруға көмектеседі. Бұған, көп жағдайда банктер мен құрылыс компанияларының қызығушылығы бір екендігі де сеп.


«Центр тяжести» форумы өз жобасын жалғастыруда, ынталы адамдар www.ct.kz сайтының «Қаржы, банктер, экономика» айдарына кіріп, өз сұрақтарын қоя алады.






КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер