Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank-інің тұтынушылық несиелерінің күн сайын берілетін сомасы 1 миллион долларға жетті

Қазақстандықтардың тарапынан тұтынушылық сұраныстың артуының нәтижесінде kaspi bank маусым айында оң несие тарихы бар қарыз алушыларға күн сайын орта есеппен 155 миллион теңге немесе 1 миллион доллар тұтынушылық несие берді. Маусым айында барлығы 30 000 астам қазақстандықтар kaspi bank-інен тұтынушылық несие алды.

Егер ағымдағы жылдың мамыр айында kaspi bank қазақстандықтарға шамамен 26 мың тұтынушылық несие берсе, маусым айында – оң несие тарихы бар қарыз алушыларға берілген несие саны 30 мың болды. Әдетте Қазақстанның банк секторында жаз айлары атам заманнан тұтынушылық сұраныстың өсімі жағынан «әлсіз» саналатынына қарамастан, kaspi bank осылайша нарықтың бұл сегментіне қатысудағы өз үлес салмағын арттырды.
Орта есеппен алғанда банкке өтінішпен келген әрбір екінші клиенттің кaspi bank-інде тұтынушылық несиесін алуға мүмкіндігі бар. Несие тарихының сапасы мен жеке төлем қабілеттілігі – несие беру туралы шешім қабылдаған кезде назарға алынатын басты критерий. Kaspi bank үшін және оның клиенттері үшін несие тарихының сапасы басты құндылық болып табылады. Жақында ғана kaspi bank өзінің ең үздік клиенттері үшін өнім шығарды, kaspi bank-інде сапалы әрі оң несие тарихы бар олар енді төмен мөлшерлемемен әрі қомақты мөлшерде несие ала алады. Kaspi bank өз өнімдерін әрдайым жетілдіріп отыруға әрі клиенттерге ең қолайлы шарттарда қарапайым банк өнімдері мен қызметін ұсынуға ниет білдіріп отыр.

– 20 тамызға дейін біз «Несие бойынша төлемдеріңе демалыс бер!» атты бірегей акция өткізбекшіміз, – деп атап өтті банктің басқарушы директоры Павел Миронов. – Бұл мынаны білдіреді: жазда жаңа несие ресімдеген клиент ол бойынша алғашқы төлемді 2 айдан кейін ғана төлеуге мүмкіндік алады. Бұл бірінші кезекте клиенттерімізге өзінің жазғы уақытын еркін түрде жоспарлауға, мысалы, демалысқа баруға мүмкіндік береді.

Соңғы 1,5 жылда kaspi bank-інде несие ресімдеген клиенттердің қажеттіліктеріне қарасақ, қазақстандықтар бірінші кезекте өмір деңгейінің сапасына әсер ететін тауарды сатып алады. Несиеге алынатын танымал заттардың алғашқы ондығына түрлі тұрмыстық техника кіреді, олардың қатарында қазіргі заманғы пәтерді оларсыз көзге елестету қиынға соғатын телевизорлар, тоңазытқыштар, кіржуғыш машиналар, жиһаз және т.б. бар.

Әсіресе балалар жиһазын сатып алатыны көңіл қуантады, ол сәби күтіп жүрген отбасылардың саны артқанын білдіреді, ал ол өз кезегінде қазақстандықтардың өз болашағының жарқын болатынына деген сенімділігі мен жағдайларының тұрақтылығының индикаторы іспеттес. Сондай-ақ ұялы телефондар, компьютерлер мен ноутбуктер сұранысқа ие болып отыр, бұл адамдардың шапшаңдығының әрі үйренуге бейімділігінің артқанын білдіреді.

Соңғы 1,5 жылда қазақстандықтардың kaspi bank-інде несиеге ресімдеген
тауарларының алғашқы ондығы

Компьютерлер мен ноутбуктер Күн сайын адамдар kaspi bank-інің көмегімен 15 компьютер мен ноутбук сатып алады
Телевизор kaspi bank-інің несие менеджерлері күн сайын несиеге 10 телевизор ресімдейді
Кіржуғыш машина Күн сайын 6 қазақстандық отбасы kaspi bank-інің көмегімен кіржуғыш машина сатып алады
Тоңазытқыш Жақсы тоңазытқышсыз жақсы ас үй жоқ. Күн сайын 6 қазақстандық пәтерде жаңа тоңазытқыштар пайда болады
Газ плитасы Күн сайын 5 қазақстандық үй шаруасындағы әйел жаңа плиталарда ас әзірлейді
Жұмсақ жиһаз Күн сайын 4 отбасы банктің көмегімен өз қонақ үйлеріндегі жиһазын ауыстырып отырады
Шаңсорғыш Күн сайын 2 қазақстандық kaspi bank-інің клиенті атанып, несиеге шаңсорғыш сатып алып, үйлерін тазалайды
Балалар жиһазы Күн сайын екі отбасы дүкендерге келіп балалар жиһазын несиеге сатып алады
Асүйлік жиһаз 2 қазақстандық анаға өз ас үйін тұрмысқа қолайлы ету туралы ой келеді, ал банк оларға бұл армандарын іске асыруға көмектеседі
Илі тондар, ішіктер Күн сайын сүйікті жұбайларының және kaspi bank-інің несиелерінің арқасында екі әйелдің гардеробында жаңа илі тондар пайда болады


«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиесін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы – жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-223-87-85
 +7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
7 шілде 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер