Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

ХАБАРЛАМА

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі 2016 жылғы 18 мамырда жергілікті уақытпен сағат 10:00-де 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтетінін хабарлайды. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасайтын күн: 2016 жылғы 18 сәуір.

Күн тәртібі:

  1. «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
  2. 2015 ж. үшін «Kaspi Bank» АҚ-тың жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
  3. 2015 ж. Үшін «Kaspi Bank» АҚ-тың таза кірісін бөлу тәртібін бекіту;
  4. 2015 ж. үшін «Kaspi Bank» АҚ-тың бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін, төлеу тәртібі мен мерзімін бекіту;
  5. 2016 ж. «Kaspi Bank» АҚ-тың қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін  аудиторлық ұйымды анықтау;
  6. «Kaspi Bank» АҚ-тың және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау;
  7. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін жаңа мерзімге қайта сайлау туралы.
  8. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеудің және шығыстарын өтеудің мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.

Күн тәртібінің мәселелері жөніндегі материалдар акционерлердің танысуы үшін 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында 2016 жылғы 8 мамырдан бастап («Kaspi Bank» АҚ ДКА Меншікті капитал бөлімі) қолжетімді болады. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу басталатын уақыт: 2016 жылғы 18 мамыр 9 сағат 30 минут.

Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталап өткізілетін жылдық жалпы жиналысы 2016 жылғы 19 мамырда жергілікті уақытпен сағат 10:00-де 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында өткізіледі.

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.

Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердiң тiзiмi жасалғаннан кейiн осы тiзiмге енгiзiлген тұлға қоғамның оған тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен айырса, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар табыс етілуге тиіс.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер