Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Каспий Банкінің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның тәуелсіз директоры болып тағайындалды

Михаил ЛомтадзеМихаил Ломтадзе Грузиядағы Еуропалық Менеджмент мектебінде алған BBA дәрежесіне және Гарвард Бизнес мектебінде алған MBA дәрежесіне ие. Каспий Банкіне келгенге дейін ол  «Baring Vostok Capital Partners» тікелей инвестициялар қорында қаржы қызметі секторын инвестициялауға жауап берді. Оған дейін Грузияда өзінің жекеменшік, 2002 жылы әлемдегі ірі аудиторлық және кеңес беруші компаниялардың бірі – Ernst & Young компаниясының бөлігі болған GCG Audit  жетекші консалтингілік компаниясын басқарды.

Қазақстанның инвестициялық қоры – Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму институттарының бірі. Қордың мақсаты – қайта құрылатын және жұмыс жасап жатқан ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу арқылы экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндірісті құруға арналған жеке сектордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету. Қор акциялардың 49%-ына дейін сатып ала отырып, жобалардың тікелей инвесторы ретінде жұмыс жасайды.

Қордың 2006-2008 ж.ж. арналған инвестициялық бағдарламасы отандық және шетелдік инвестициялық ресурстарды әр түрлі ауқымдағы 40-50 тартымды жобаларға
тартуды көздейді, алайда Қазақстанда да, шетелде де бәсекеге қабілетті ірі және тиімді өндірісті құруды ерекше назарда ұстайды.

М. Ломтадзе мырзаның «Қаржы технологиялары орталығы» (банкке арналған бағдарламалық жабдық өндірісі) және «Europlan» (Ресейдегі жетекші лизинг компаниясы) сияқты жетекші компаниялардың Директорлар кеңесіндегі жұмыс тәжірибесі Қазақстанның инвестициялық қорының корпоративтік басқару деңгейін көтеріп қана қоймай, ұсынылатын жобаларды бағалауға және инвестиция тартуға да көмектеседі.

«Банк «Каспийский» АҚ:
«Банк «Каспийский» АҚ 269 млрд. теңгеден асатын активтерімен және 41 млрд. теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. 2007 жылдың қорытындысы бойынша банктің несиелік портфелі 188 млрд. теңгені құрады. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 157 бөлімше мен 514 пункттен құралады. Тікелей инвестициялаудың жетекші қоры Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) – «Банк «Каспийский» АҚ-ның инвесторы .
www.bc.kz.

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн. артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспий» Банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында танымал халықаралық қаржы институттары: Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорацисы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялар қорларын басқару тобының құрамына кіреді.
www.bvcp.ru.

Қосымша ақпарат алу үшін мына мамандарға хабарласу керек:
Лариса Пак
Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директор
Тел: 8 (727) 250-18-00  (ішкі 1099)
Эл. пошта:  Larissa.Pak@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-222-93-39
 
Салтанат Әскербекқызы
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының жетекші маманы
Тел: 8 (727) 250-19-13 (ішкі -1928)
Эл.пошта: askerbekkyzy@bc.kz
Ұялы тел: +7-777-261-15-43
+7-701-758-50-42

Алматы, Қазақстан:
10 сәуір 2008 ж.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер