Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Банк «Каспийский» АҚ-ның  95%  астам акциясының иегері банктік холдинг Директорлар кеңесінің құрылғандығын хабарлайды

«Банк «Каспийский» АҚ «Банк «Каспийский» АҚ-ның 95% астам акциясының иегері және CASPIAN GROUP B.V. банктік холдингтің Директорлар кеңесінің құрамына: Дэвид Хэкстер, Дуглас Гарднер және Николай Зиновьев сияқты үш тәжірибелі маманды тартқандығын хабарлады. Директорлар кеңесінің қызметі «Банк «Каспийский» АҚ-ның  даму стратегиясын анықтау және тиімді іс-әрекетін бақылау болып табылады.  Директорлар кеңесінің басты міндеттерінің бірі – көпшілік қауымның Банк туралы алған ақпаратының толық, шынайы әрі объективті болуын қамтамасыз ету. 

Директорлар кеңесінің жанынан сондай-ақ екі комитет: Аудиторлық комитет және Кадрлық комитет құрылды. Гарднер мырзаның төрағалық етуіндегі Аудиторлық комитет қаржылық есеп берумен және «Банк «Каспийский» АҚ аудиторларының жұмысымен айналысатын болады. Хэкстер мырзаның төрағалық етуіндегі Кадрлық комитет кадрлық саясатпен және Банктің топ-менеджерлері мен қызметкерлерінің өтемақысы мәселелерімен айналысатын болды.
Дэвид  Хэкстердің халықаралық қаржы институттарында мол тәжірибесі бар. 1992 жылдан 1999 жылға дейін Хэкстер мырза Еуропалық Қайта құру және даму банкінде (ЕҚДБ) вице-президент және Инвестициялық комитетте төрағалық қызмет атқарды. Бұл лауазымда ол ЕҚДБ Орта Азияның, Ресейдің, Шығыс және Орталық Еуропаның қаржы секторындағы инвестициялары үшін жауапты болды. ЕҚДБ-дағы қызметіне дейін Хэкстер 20 жылдан астам уақыт «Ситибанкте» түрлі лауазымдарда қызмет жасады және «Ситибанктің» Греция, Оңтүстік Африка және Шығыс Еуропадағы бизнесін басқарды.
 
Дуглас Гарднер 20 жылдан астам әлемнің ірі аудиторлық компанияларында жұмыс жасады, Орта Азия елдерінің аудиторлық тәжірибесін басқарды, атап айтқанда, банктердің аудиттері үшін жауап берді. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Гарднер мырза "Эрнст энд Янг" компаниясында аға серіктес болды және ТМД елдерінің қаржы секторының аудиті үшін жауапты болды.  Оның клиенттерінің қатарында Ресейдің және Орта Азияның, сондай-ақ Қазақстанның да ірі банктері болды. 2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін Гарднер мырза ТМД-дағы "Эрнст энд Янг" компаниясының басқарушы серіктесі болды.

Николай Зиновьев Ресейдегі жетекші автолизингтік «Еуроплан» компаниясының президенті және негізін қалаушысы болып табылады. Зиновьев мырза 1999 жылы осы компанияны құрды және «Еуропланды» автомобильдер лизингісінде портфелінде 12 000 автомобилі және бүкіл ел бойынша 40-тан астам офисі бар ең ірі ойыншыға айналдырды.

«Коммерсант» басылымының рейтингісіне сәйкес Зиновьев мырза Ресейдегі қаржы компанияларының ең жақсы менеджерлерінің қатарына кіреді. «Еуроплан» компаниясы халықаралық жетекші инвестициялық қор және «Банк «Каспийский» АҚ акционері болып табылатын «Бэринг Шығыс Капитал Партнерстің» портфельді компаниясы болып саналады.

Осы жағдайды түсіндіре келе, «Банк «Каспийский» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Вячеслав Ким: «Банктің ең басты артықшылығы – корпоративтік басқарудың ең жоғарғы батыстық стандарттарын енгізу. Директорлар кеңесіне беделді де озат мамандардың келуі Каспийскийдің өз әрекетінде ашық әрі айқындылықты мақсат тұтатын стратегиясының тағы да бір басты растаушысы болып табылады. Бұл жағдай біздің Банктегі корпоративтік басқарудың сапасын жаңа деңгейге көтереді және Қазақстанның банктік секторы үшін стандарттардың жоспарын толығымен көтермелейді», – дейді.

Директорлар кеңесінің мүшесі Михаил Ломтадзе: «Біздің алдымызға қоятын мақсатымыз – ең озық білім мен тәжірибені өзімізге тарту. Басқарудың ең жоғарғы стандартына, бірінші кезекте, Банктің ұзақ мерзімді даму стратегиясын анықтайтын Директорлар кеңесі жауап беруі керек. Директорлар кеңесінің тәжірибелі мүшелерінің ең үздік басқарушы командасымен бірлескен жұмысы Каспийскийдің ойдағыдай дамуының басты негізі болып табылады», – деп мәлімдеді.

Анықтама:
CASPIAN GROUP B.V. банктік холдингі
  2006 жылдың қазан айында банктік холдинг ресми мәртебесін алды және «Банк «Каспийский» АҚ -ның 95% астам дауыс беруші акцияларын ұстаушы болып табылатын «CASPIAN GROUP B.V.» Fitch Ratings рейтингтік агенттігі берген ВВВ несиелік рейтингісінің иесі.
«Банк «Каспийский» АҚ 200 млрд теңгеден астам (1,6 млрд АҚШ доллары) активтерімен және 34 млрд теңгеден  астам  (274 млн АҚШ доллары) шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну  несиесі бойынша алдыңғы орындарда. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан аса сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 147 бөлімше мен 548 пунктен құралады. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен Қазақстан халқына берілетін несиелер Банктің несие портфелінің жартысынан астамын құрайды. Тікелей инвестициялаудың жетекші қоры Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) – «Банк «Каспийский» АҚ-ның  инвесторы www.bc.kz.

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»
«Бэринг Востоктың» төрт тікелей инвестиция қорының инвестициялық кеңесшісі болып табылады . 1994 жылдан бастап аталған қорлар 50 компанияға $600 млн артық қаржы салды. «Бэринг Восток» қорларының портфелінде қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспийский» банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бір қатар компаниялар бар. «Бэринг Восток» қорларының инвесторлары арасында танымал халықаралық қаржы институттары: Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. www.bvcp.ru

«Банк «Каспийский» АҚ баспасөз қызметі:
Вакирова Елена, тел: +7 (327) 250 18 00 (1280);
e-mail:vakirovae@bc.kz







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер