Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«KaspiBank» акционерлік қоғамы
АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Атқарушы органның толық атауы: «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Басқармасы
Атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А»

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 37-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына және 41-бабына сәйкес жиналысты шақыру бастамашысы ретінде 2018 жылғы 09 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 10-00-де 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – акционерлердің жалпы жиналысы) өтетінін хабарлайды.  

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу жиналыс өтетін жерде жергілік уақытпен сағат 09:00-де басталып, жергілікті уақытпен сағат 10-00-де аяқталады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болу керек.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға қоғамның дауыс беретін оған тиесілі акцияларын иеліктен шығарған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар берілуі керек. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар табыс етілуге тиіс.

Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысы 2018ж. 10 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 10-00-де 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында қайта өткізіледі.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімін жасау күні – 2018 ж. 08 маусым.

Күн тәртібі:

  1. «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
  2. Есеп комиссиясының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы, «Kaspi Bank» АҚ Есеп комиссиясының жаңа мүшелерін сайлау және оның сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу туралы;
  3. «Kaspi Bank» АҚ Жарғысына енгізілетін өзгерістерді бекіту туралы;
  4. «Kaspi Bank» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне енгізілетін өзгерістерді бекіту туралы;
  5. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістерді бекіту туралы;
  6. «Kaspi Bank» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивидендтің мөлшерін бекіту туралы;
  7. «Kaspi Bank» АҚ қызметі туралы ақпаратты өз акционерлеріне беру тәртібі туралы ережеге енгізілетін өзгерістерді бекіту туралы.

Акционерлік қоғамдар туралы заңның 44-бабының 4-тармағына сай күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар акционерлер танысу үшін 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында жиналыс өткізілетін күнге дейін он күн бұрын дайын әрі қол жетімді болады. Жалпы жиналысты өткізуге қатысты ақпаратпен «Kaspi Bank» АҚ Корпоративтік сүйемелдеу департаментінде, 8(727)356 34 23 телефоны арқылы танысуға болады.

Жалпы жиналыс Акционерлік қоғамдар туралы заңның 48-бабына сәйкес тәртіппен өткізіледі.

Жиналыста сырттай дауыс беру қолданылмайды.    







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер