Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай «Kaspi Bank» АҚ Ұлы Отан соғысына қатысушыларға 20 миллион теңге бөліп отыр

«Kaspi Bank» АҚ Жеңіс күнінің 65 жылдығы құрметіне 20 млн теңге бөліп отыр әрі банктің клиенттері болып табылатын 4 мыңға жуық Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қаржылық қолдау көрсетпекші.

Қызметкерлер «Kaspi Bank» АҚ клиенті болып табылатын әрбір ҰОС ардагерінің қолына 5 мың теңге табыс етеді, ол үшін ардагерлерді банкке шақыртады немесе қажет болған кезде үйлеріне жеткізеді.

– Бүкіл әлем ауыр экономикалық кезеңді басынан кешіруде, – дейді «Kaspi Bank» АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Алайда бұл экономикалық қиыншылықтарды біздің отандастарымыздың Ұлы Отан соғысы жылдары басынан өткергенімен салыстыруға болмайды. Олардың қайсарлығы, еңбегі мен ерлігі бүгінгі әлемге негіз болды. Осы аға буын өкілдеріне үлкен құрмет көрсете отырып, банк ізгі дәстүрмен бүкіл Қазақстан бойынша біздің банктің 4 мыңға жуық ардагер-клиенттеріне материалдық көмек көрсетеді.

Былтырғы жылы банк 13 млн теңгеге жуық қаражат бөліп, 2,5 мыңнан астам ардагерге қолдау көрсеткен болатын. Биылғы жылы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан банк клиенттерінің саны 40 % астам көбейді, соған сәйкес банктің бөлетін көмегі де 20 миллион теңгеге артып отыр.

«Kaspi Bank» АҚ клиенттері болып табылатын ардагерлердің көбісі Шымкент, Алматы және Қарағанды қалаларында тұрады.

kaspi bank барлық ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды!

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында тұр. Банк тұтыну несиелерін беру бойынша көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы. www.bc.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да тікелей инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді.
Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы.


Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85
+7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
28 сәуір 2010 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер