Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«BizMedia» Іскерлік Журналистика Орталығы» Қоғамдық Қоры өткізген I байқаудың қорытындысы

29 қазан күні бұқаралық ақпарат құралдары мен қазақстандық бизнес өкілдерінің арасында «BizMedia» Іскерлік Журналистика Орталығы» Қоғамдық Қоры өткізген I байқаудың қорытындысы жарияланды. 

«Үздік бизнес-спикер» номинациясын кaspi bank-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе иеленді . кaspi bank сондай-ақ «Үздік баспасөз қызметі» номинациясында да жеңімпаз атанды.

«Үздік бизнес-спикер» номинациясы бойынша орындар былайша бөлінді:

1-орын – Михаил Ломтадзе, «Kaspi Bank» АҚ Басқарма Төрағасы;
2-орын – Жомарт Ертаев, «Евразиялық Банк» АҚ Басқарма Төрағасы;
3-орын – Григорий Марченко, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы.

Сонымен қатар байқаудың «Үздік бизнес-басылым», «Стиль үшін!», «Аймақтық БАҚ-тың үздік бизнес-журналисі», «Үздік корпоративтік БАҚ» номинациялары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

«Журналист әріптестеріміздің біздің баспасөз қызметінің еңбегін мойындауы бұл марапатты одан сайын құндырақ етеді», – деп санайды кaspi bank-тің корпоративтік коммуникациялар жөніндегі атқарушы директоры Лариса Пак. – Клиенттерімізге БАҚ арқылы шұғыл, анық және түсінікті ақпаратты беру біз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық болып табылады. Біздің банк ашық, айқын, оның мықты халықаралық акционерлері, нық даму стратегиясы бар. Бұл қазақстандықтардың сенімін ақтап қана қоймай, оны күшейтуге де септігін тигізеді. Ал біз банк қалай дамып жатыр, нарықтағы ахуал жайында, әсіресе қазіргі жағдайды қарапайым әрі түсінікті етіп айтқымыз келеді». 

Байқаудың Сараптамалық Кеңесінің құрамына экономиканың қаржы және нақты секторларындағы қоғамдық және кәсіби пікірдің көшбасшы өкілдері, сондай-ақ көрнекті сарапшылар мен аналитиктер кірді. Байқаудың Сараптамалық кеңесінің төрайымы – Қазақстан Кәсіпкерлер Форумының Атқарушы директоры Мунавара Палташева, төрайым орынбасары – «BizMedia» ІЖО» ҚҚ президенті Төлеген Асқаров, сондай-ақ құрамында Қазақстан Қаржыгерлері Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы Серік Аханов, KASE вице-президенті Андрей Цалюк; «MediaNet» ХЖО ҚҚ президенті Әділ Жәлелов, Тәуекелдерді бағалау тобының (RAG) директоры Досым Сәтбаев, «Қазақмыс» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі департамент Директоры Нұрлан Махмұдов, «Прайм-ТАСС» ақпарат агенттігінің журналисі Бақытжан Жұмалиева, «BizMedia» ІЖО» ҚҚ Қамқорлық Кеңесінің Төрағасы Мәлік Күшмұхановтар бар.

«BizMedia» ІЖО» ҚҚ Президенті Төлеген Асқаровтың пайымдауынша, «BizMedia» іскерлік журналистика орталығы» Қоғамдық Қорының тұңғыш байқауы ауқымды қаржы дағдарысы жағдайында еліміздің іскери БАҚ пен қазақстандық бизнес өкілдеріне бизнес-журналистер мен кәсіпкерлер арасында өзара іс-әрекет етуге және өзара түсінісуге, кәсіби біліктілігінің артуына және қазіргі таңдағы қиын экономикалық жағдайда БАҚ-та іскери тақырыпта жарияланатын материалдардың сапасының артуына мүмкіндік берген маңызды қоғамдық оқиға болды.


 «Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ 267  млрд. теңгеден астам активтері және 43 млрд. теңге шамасындағы біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші банктердің ондығының қатарына кіреді. Банк тұтыну несиелерін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпкерліктеріне қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан құралған. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры «Kaspi Bank» АҚ инвесторы болып табылады. www.bc.kz

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс тікелей инвестициялау қоры:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн астам долларды инвестициялады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн.  артық қаржы салды. Олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспий» Банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорацисы сынды  танымал халықаралық қаржы институттары, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялау қорларын басқару тобының құрамына кіреді. www.bvcp.ru


Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласыңыз:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (7272) 50-19-13 (ішкі1376)
Эл.пошта: zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7-777-232-51-12

Салтанат Әскербекқызы
БАҚ-пен жұмыс жүргізуі басқармасының жетекші маманы
Тел: 8 (7272) 50-19-13 (ішкі -1928)
Эл.пошта: askerbekkyzy@bc.kz
Ұялы тел: +7-777-261-15-43
+7-701-758-50-42

Алматы, Қазақстан: 
30 қазан 2008 ж.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер