Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

"Банк "Каспийский" АҚ  Директорлар кеңесінің Басқарманың жаңа құрамын бекіткені жайлы хабарлайды:

- Ломтадзе Михеил Нугзарович (Басқарма төрағасы)
- Христов Александр Ханс-Юрген фон Гляйх (төрағаның бірінші орынбасары)
- Самзаев Нұрбол Артықбайұлы (Басқарма төрағасының орынбасары)
- Кирвалидзе Мамука (Басқарма төрағасының орынбасары)
- Жұмаділлаева Гүлмира Жәнібекқызы (Басқарма төрағасының орынбасары)
- Диденко Юрий Михайлович (Басқарма төрағасының орынбасары)

«Каспийский» банкі Басқармасының құрамына кірген Юрий Диденко қаржы блогын басқаратын болады. Қазақстандық банкте жұмыс істегенге дейін Ю.Диденко мырза 1999-2008 жж. Baring Vostok Capital Partners тікелей инвестициялау қорының инвестициялар жөніндегі директоры қызметін атқарған. Ол ТМД аумағындағы алуан түрлі салалардағы ықтимал инвестициялық мүмкіндіктер мен жете бағаланбаған активтерді айқындады. Оның жауапкершілік саласына сонымен қатар due diligences-ті өткізу, бизнесті сатып алу және дамыту стратегияларын әзірлеу, сондай-ақ стратегиялық инвесторларға сату арқылы жобалардан шығу бойынша мәмілелерді тармақтау және жасасу кірді.

«Банк «Каспийский» АҚ:

«Банк «Каспийский» АҚ 216 млрд теңгеден асатын активтерімен және 36 млрд теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну  несиесі бойынша алдыңғы орындарда. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан аса сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 147 бөлімше мен 548 пунктен құралады.Шағын және орта бизнес кәсіпорындарына және Қазақстан тұрғындарына берілетін несиелер Банктің несиелік портфелінің жартысынан көбін құрайды. Тікелей инвестициялаудың жетекші қоры Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) – «Банк «Каспийский» АҚ-ның  инвесторы www.bc.kz.

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс:

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспийский» банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында танымал халықаралық қаржы институттары: Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Восток Baring Private Equity International құрамына, ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасындағы $3,5 млрд активі бар тікелей инвестициялау қорларын басқару тобына кіреді.

Қосымша  мәлімет алу үшін мына  маманға хабарласу керек:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:  Zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7--777-232-51-12
+7-701-223-87-85

Алматы, Қазақстан:
13 ақпан 2008 жыл.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер