Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Қазақстанда алғашқы рет ТМД-ның ірі «Бэринг Восток Капитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры инвесторларының жыл сайынғы кездесуі өтті. Батыстың 36 инвесторы «Бэринг Восток» үшін маңызды және ірі жобалардың  бірі болып есептелетін «Каспийский» Банкі» АҚ-қа келді, сондай-ақ «Қазына» ТДҚ ұсынған инвестициялық жобаларды қарастырды. Кездесу нәтижесінде Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелеуді дамытуға «Каспийский» Банкіне 150 миллион АҚШ долларын бөлу жөніндегі келісімге қол қойылды.

«Каспийский» Банкінің топ-менеджментінің шақыруы бойынша 2007-жылғы 26-қыркүйекте ТМД-дағы ірі «Бэринг Восток Капитал Партнерс» тікелей инвестициялау қорының 36 инвесторы Алматыға келді. Шақырылғандар – ең мықты инвесторлар. Олардың ішінде – Еуропалық қайта құру және даму банкі, Сингапурдың мемлекеттік инвестициялық компаниясы, Нидерландтың бизнесті дамыту жөніндегі мемлекеттік компаниясы, Канаданың Кэйс Депо зейнетақы қоры, әлемдегі ең ірі зейнетақы қор – калифорниялық "Калперс" пен әлемдегі ірі инвестициялық және сақтандыру компанияларының өкілдері бар. Жалпы алғанда бұл инвесторлардың басқаруындағы қаражат 2,5 триллион доллардан асады.

Үкімет өкілдері де қатысқан бизнес-конференцияда халықаралық инвесторлар Қазақстанның және «Каспийский» Банкі» АҚ-тың  даму болашағымен танысты. Атап айтқанда, «Каспийский» Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе отандық банк секторына талдау және «Каспийскийдің» 2007-жылғы 8 айлық нәтижесі туралы баяндама жасады.

Батыс инвесторларына Қазақстанның экономикалық даму болашағы мен инвестициялық мүмкіндіктерінің өсуі жайлы «Қазына» тұрақты даму қорының төрағасы Қайрат Келімбетов баяндады, ал ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Медет Сартбаев Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жағдайы мен оның болашақтағы  өсуіне реттеуші ретінде объективті баға берді.

Конференция аяқталған соң, «Каспийский» Банкі мен инвесторлар арасында Каспийский үшін басымдылықтардың бірі саналатын шағын және орта бизнес секторын несиелеуге 150 миллион АҚШ доллары көлемінде несие желісін ашу туралы келісімге қол қойылды.

2007-жылғы 1-қыркүйекте «Каспийский» Банкінің ШОБ несие портфелінің мөлшері жалпы несие портфелінің шамамен 23%, яғни 41 млрд. теңгені құрады. ШОБ бойынша банктің клиенттік базасы жыл басынан бері 7,7%-ға көбейіп, 1-қыркүйекте 8 мыңға жуық клиентке жетті. Каспийскийдің несиелік портфелінің 65%-дан астам үлесін құрайтын «ШОБ стандарт», Қазақстандық кәсіпкерлер үшін банктегі ең танымал өнім болып табылады.

-«Мұндай деңгейдегі инвесторлардың келуі тек «Каспийский» үшін емес, сондай-ақ Қазақстан үшін де атаулы оқиға. Біз инвесторларды еліміздің экономикасына қаржы салу мүмкіндіктерімен қызықтырғымыз келді, меніңше, ойымыз жүзеге асты, себебі кездесу барысында тұсауы кесілген жаңа жобалар олардың қызығушылығын оятты», - деп мәлімдеді «Каспийский» Банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким.

-«Біз инвесторларға біздің банктің 8 айлық нәтижесі мен болашақ жоспарлары туралы айтып бердік, - деп, әңгімені «Каспийский» Банкі» АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе жалғастырды. – Ең озық халықаралық инвесторлардың біз таңдаған бақыланатын өсімнің даму стратегиясын мақұлдағаны біз үшін өте маңызды. Ал несие желісінің ашылуына келсек, қосымша қаржы біз үшін өте маңызды бағыт болып табылатын ШОБ-ты бұрынғыдан да серпінді дамытуымызға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері ШОБ-тың несиелік портфелі 41%-ға өсті, ал жыл аяғына дейін біз ШОБ портфелін 1,5 есе өсіруді жоспарлап отырмыз».

-«Біз инвесторлардың кездесуін жыл сайын өткіземіз, Қазақстанда «Каспийскийдің» базасында бұл кездесу бірінші рет өтіп отыр», - деп мәлімдеді «Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» басқарушы серіктесі Майкл Калви. – Акционер ретінде біз банктің қалай дамып жатқанына ризамыз, кез-келген елдің және қаржы институтының экономикасы ұзақ мерзімді өсу үшін шағын және орта бизнесті қаржыландыру маңызды болғандықтан, ШОБ, сөз жоқ, «Каспийский» Банкі үшін өсу нүктелерінің біріне айналуы мүмкін. Қосымша қаржы ресурстары Каспийскийге нарықтағы орнын кеңейтіп, клиенттеріне бұрынғыдан да қызықты несиелік өнімдер ұсыну мүмкіндігін береді. «Қазына» ТДҚ өкілдерімен кездесуге тоқталар болсақ, бірлескен инвестициялық жобаларға қатысу – бізге қызықты».







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер