Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Standard & Poor’s» агенттігі Kaspi Bank-ке «ВВ-/В» рейтингтерін және ұлттық шкала бойынша «kzA-» рейтингін берді, болжамы – «Тұрақты»

kaspi bank-інің капиталы жеткілікті деңгейде теңбе-тең, дамуының бизнес моделі айқын және тәуекел менеджмент жүйесі, әсіресе банк үшін басым болып табылатын бөлшек бизнес бөлігінде үнемі жақсару әрі жетілу үстінде. Осы барлық факторларды халықаралық агенттіктің талдаушылары назарға алды.

«Процестер мен жүйелерді үнемі жетілдіру kaspi bank үшін жетістіктің негізгі факторы болып табылады, ол оған автоматтандырудың, стандарттау мен бақылаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Банктің клиенттермен жұмыс жүргізуге бағытталған бизнес моделі банктің елдегі жоғары танымалдық деңгейіне әсер етеді», - деп жазылған «Standard & Poor’s» агенттігінің хабарламасында.

Сондай-ақ Standard & Poor’s агенттігі банктің соңғы 3 жылда жеке тұлғаларға несие портфельдерін белсенді түрде ұлғайтып отырғанын және бөлшек несие портфелінің өсімінің толық көлемде бөлшек депозиттермен жабылып отырғанын жағымды фактор ретінде атап өтті.

Standard & Poor’s талдаушыларының пікірінше, kaspi bank-тің жеке тұлғалардың салымдары шоғырында банкке тән ұстанымы берік. 2012 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша клиенттердің депозиттері ресурстық базаның 80%-ын құрады, бұл ретте депозиттердің жалпы көлемінің 80% – жеке тұлғалардың салымдары.

«Алынған жоғары рейтингтер біздің банктің тұрақтылығы мен сенімділігін растайды», – деп түсіндірді банктің басшысы Михаил Ломтадзе. – Сондай-ақ қазақстандық банктердің арасында S&P агенттігінен жергілікті шкала бойынша ең жоғары рейтингін алғанымызға өте ризамыз».

«Бүгінгі таңда үш рейтинг агенттігі біздің банкке рейтинг белгілейді, – деп толықтырды Михаил Ломтадзе. – Біз үшін екеуі де жеткілікті. Үшеуі астамшылық болар. Сондықтан жақын арада агенттіктердің бірінің қызметінен бас тартатын боламыз, тек екеуін ғана қалдырамыз».

Сонымен бірге банкке ұлттық шкала бойынша «kzA-» рейтингі берілді.

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ шамамен 431 млрд теңгеден астам активтерімен және 50 млрд теңге біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында. Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсету сегментінде көшбасшы орында.Baring Vostok Capital Partners жетекші инвестициялық компаниясы басқаратын Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-тың инвесторы. www.kaspibank.kz.

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД елдеріндегі инвестицияларға мамандандырылған. АҚШ-тың, Батыс Еуропа мен Азияның зейнетақы және университеттік қорлары Бэринг Востоктың ұзақ мерзімді инвесторлары болып табылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 56 жобаға $1,6 млрд инвестициялады, олардың арасында қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен медиа, тұтынушылық сектордағы бірқатар табысты компаниялар бар. Қазіргі таңда қорлардың тартылған капиталы $2,2 млрд құрап отыр. Бэринг Восток 2005, 2006, 2007, 2008, 2009 және 2010 жылдары Private Equity Online және Private Equity International оқырмандарының пікірінше «Жылдың тікелей инвестициялар бойынша Ресей компаниясы» болып танылды. Бэринг Восток қорларының жобалары арасында: СТС Медиа, Голден Телеком, Яндекс, Гэллери Групп, Озон, Энфорта, ЦФТ, ЭР-Телеком, Баррен Энерджи, Волгагаз, Жайықмұнай, kaspi bank, Восточный экспресс банк, Европлан және көптеген басқа ұйымдар бар. 2011 жылы Бэринг Востоктың Яндекске салған инвестициясы Investor Allstars Venture Capital Awards-тың пікірінше ең үздік венчурлық инвестиция болып танылды.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласыңыз:
Ботагөз Жұманова
Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. поштасы:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы телефоны: +7 701 223 87 85


Алматы, Қазақстан:
5 желтоқсан 2012 ж.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер