Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

2024 жылғы 18 наурызда өткен «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы
АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДА ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің назарына

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II ҚР Заңының 51-бабының 6-тармағына сәйкес «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы 2024 жылғы 18 наурызда өткен акционерлердің Жылдық жалпы жиналысында дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды.

17 347 729 дауыс беретін акцияны («Kaspi Bank» АҚ-тың дауыс беретін акцияларының жалпы санының 94,6%) иеленетін акционердің өкілі қатысты.

1. «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

Күн тәртібі:
1. «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
2. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2023 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
3. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2023 жыл үшін таза табысын бөлу тәртібін және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін айқындау туралы;
4. «Kaspi Bank» АҚ пен оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне келтірген акционерлердің арыздары және 2023 жылы оларды қарастыру қорытындылары туралы мәселені қарастыру туралы.

«Жақтағандар» - 17 347 729 дауыс

2. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2023 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.

«Жақтағандар» - 17 347 729 дауыс

3.«Kaspi Bank» АҚ-тың 2023 жылғы таза табысын бөлудің төмендегі тәртібі бекітілсін:

Банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төленсін және дивиденд мөлшері бір акцияға 4000 (Төрт мың жүз) теңге мөлшерінде бекітілсін.
Төлеу кезеңі: 2023 жыл;
Төлеу басталатын күн: «18» наурыз 2024 жыл;
Банктің акциялары бойынша дивиденд Орталық депозитарийден алынған Банк акционерлерінің тізімінде көрсетілген ұстаушылардың банктік шоттарына есепке жазу арқылы төленсін. Банктің Басқармасы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 24-бабына сәйкес дивиденд төлеу мерзімінің басталуы алдындағы бес жұмыс күні ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде жарияласын.
«Жақтағандар» - 17 347 729 дауыс

4. «Kaspi Bank» АҚ пен оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне келтірілген акционерлердің арыздары және 2023 жылы оларды қарастыру қорытындылары жоқ екені назарға алынсын.

«Жақтағандар» - 17 347 729 дауыс






КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер