Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Каспийский» Банкі» АҚ Басшылығының құрамындағы өзгерістер

Қазақстандағы жетекші бөлшекті банктердің бірі «Каспийский» Банкі» АҚ, Михаил Ломтадзенің Басқарма Төрағасы болып тағайындалғанын хабарлайды. Ломтадзе мырза бұл лауазымда жаңа жұмысқа ауысқан Нұрмұхамед Бектемісов мырзаның орнын басты. «Каспийский» Банкі» АҚ Ломтадзе мырзаны тағайындауға қажетті барлық келісулерді реттеуші органдардан алуда.

Михаил Ломтадзенің қаржылық қызмет көрсету және инвестицияларды басқару саласында 8 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Ломтадзе мырза бұған дейін «Каспийский» Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі болды және жеке несиелендіруді, тәуекелдерді, қаржы және ақпараттық технологияларды басқарды. Михаил Ломтадзе Гарвард Бизнес Мектебінің (MBA) әкімшілік бизнес магистрі дәрежесіне ие.

«Каспийский» Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким: «Михаилдың тағайындалуы – осы жылдың басында акционерлер мақұлдаған стратегияның жалғасы және оны жүзеге асырудың жаңа кезеңі. Нұрмұхамед «Бэринг Восток Кэпитал Партнерстің» 2006-жылы инвестор ретінде біздің Банкке тартылуында негізгі рөл атқарды. Нұрмұхамед жоғары деңгейлі кәсіпқой және ең бастысы, мен кездестірген адамдар арасындағы ең әдепті әрі адал жандардың бірі», – деді.

«Алдағы уақытта біздің Банктің дамуы үшін зор мүмкіндіктер тұр. Күшті басқарушылар командасынан тұратын құрам, акционерлер мен Қазақстанның дамушы нарығының қолдауы, біздің Банктің кеңеюі мен өсуіне ауқымды қарым береді», – деді Михаил Ломтадзе.

«Вячеславпен, Михаилмен бірге қызмет жасау – мен үшін үлкен абырой, екеуі де менің жақын достарым. Біз, 2005-жылдың соңынан бастап Каспийскийде иық түйістіріп жұмыс жасап келеміз және мен біздің серіктестік қарым-қатынасымыз бен достығымыз болашақтан да көрініс табады деп сенемін, – деп қосты Нұрмұхамед Бектемісов. «Михаил Банктің дамуында ерекше орын алады. Оның басшылығының арқасында «Каспийский» сапалы әрі табысты өсуі үшін күшті серпін алады».

Анықтама:

«Каспийский» Банкі» АҚ
212 млрд. теңгеден асатын (1,7 млрд. АҚШ доллары) активтерімен және 31 млрд теңгеден астам (256 млн. АҚШ доллары)  шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну  несиесі бойынша алдыңғы орындарда. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан аса сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 147 бөлімше мен 548 пункттен құралады. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен Қазақстан халқына берілетін несиелер Банктің несие портфелінің жартысынан астамын құрайды. Бэринг Восток Кэпитал Партнерс жетекші инвестициялық қоры «Каспийский» Банкі» АҚ инвесторы болып табылады www.bc.kz.


Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994-жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн. артық қаржы салды. Олардың портфелінде қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторында «Каспийский» банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Инвестор қорлардың арасында танымал халықаралық қаржы институттары, зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар,    Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активтері бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялау қорларын басқару тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат қажет болса хабарласыңыз:
Лариса Пак
«Каспийский» Банкі» АҚ корпоративтік коммуникациялар орталығының директоры
Тел: 250-18-00 ішкі 1099
Эл. пошта:  Larissa.Pak@bc.kz
Ұялы: +7 701 222 9339







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер