«Kaspi Bank» АҚ акционерлеріне арналған Банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы ақпараттық хабарлама
«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің назарына
«Kaspi Bank» акционерлік қоғамы (орналасқан мекенжайы: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А», ЖСК KZ69125KZT1001300249, БСК NBRK KZ KX, КБе 14, БСН 971240001315, телефон: (727) 355-14-27, факс: (7272) 50-95-96, E-mail: office@bc.kz) 2017 жылғы 08 желтоқсанда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімінің негізінде жай және артықшылықты акциялар бойынша бір акцияға 1070 теңге дивиденд төленетінін хабарлайды. Дивиденд төлеуді бастайтын күн – 2017 жылғы 08 желтоқсан. Кезең – 2016 жыл. Дивиденд Банктің бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілімі жүйесінде көрсетілген деректерге сай акционерлердің банктік шоттарына теңгемен төленеді.