Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Алматы, Қазақстан: 14 тамыз 2007ж.

"Банк "Каспийский" АҚ 2007 жылғы 6 айдағы қызметінің нәтижесін хабарлады. 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, валютаны қайта бағалауды есепке алмағандағы пайда  50%-ға дейін артқан. Меншікті капитал 36 миллиард теңгеге жетіп, 84% көтерілді.


«Банк «Каспийский» АҚ-ның 2007 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі нәтижесі:
• Таза пайда  - 2.7 миллиард теңге
• Таза пайыздық кіріс – 5.4 миллиард теңге
• Операциялық кіріс – 8.1 миллиард теңге
• Операциялық шығын – 4.9 миллиард теңге
• Активтер – 217 миллиард теңге
• Меншікті капитал – 36 миллиард теңге

Қазақстандағы бөлшекті банктер ішінде жетекшілердің бірі саналатын «Банк «Каспийский» АҚ  14 тамызда Алматыда 2007 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өз қызметінің табысты нәтижесін хабарлады.  2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, қайта бағалауды есепке алмағандағы валютадан түскен пайда 50% көтерілді, активтер 26%, меншікті капитал 84% артты.

«Сапалы өсім мен операциялық шығындардың бақылануы 2007 жылдың 6 айында табысты қаржылық нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді, – деді "Банк "Каспийский" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Михаил Ломтадзе. – Біздің банктің жақсартылған өнімдік сызбасымен және белсенді жарнамамен қолдау көрсетілген банктік қызметке деген нарық тарапынан сұраныс біз үшін негізгі көрсеткіш болып табылатын таза пайыздық кірістің 44% өсуіне мүмкіндік берді. Біздің пайыздық кірісіміз операциялық шығындарға қарағанда тез өсуде – 44% және сәйкесінше 28%. Бұл факторлар біздің тиімді өсуімізге, қызмет аясын өсіруге және әрбір қосымша кірісті аздаған шығындармен алуға мүмкіндік береді. Біз валютаны қайта бағалауға пайданың маңызды дереккөзі ретінде қарамаймыз, себебі теңгенің басқа валютаға шаққандағы бағамының өзгеруінің нәтижесі сияқты, бұл банктік қызметіміздің тікелей нәтижесі бола алмайды». 

«Біз Қазақстан халқына өнім беруге және сапалы банктік қызмет көрсетуге бағытталған үздік, сапалы банк  жасаймыз, – деді Михаил Ломтадзе. – Қазақстанның банктік нарығы жедел қарқынмен өсуде. Біз үшін нарықтың өсімі мен үлесі маңызды екендігіне қарамастан, біздің өсуіміз бен тиімділігіміздің сапасы маңызды стратегиялық артықшылық болып саналады. Біздің активтеріміз 2006 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 26%-ға, несие портфелі 32%-ға артты. Біздің дамуымыздың артықшылықты бағыты несиелеу мен жеке тұлғалар мен ШОБ-қа (шағын және орта бизнес) қызмет көрсету болып табылады. Бұл бағыттар біздің несиелік портфеліміздің 50% құрайды. 2007 жылға біздің стратегиямыздың принциптері өзгерген жоқ. Біз қызметіміздің тиімділігін арттыруға, бақыланатын өсімге және қызмет көрсету сапасын арттыруға көңіл бөлуді жоспарлап отырмыз. Біздің әрекеттеріміздің барлығы бір ғана мақсатты көздейді – бүкіл Қазақстан бойынша клиенттерімізге сапалы банктік өнімдер қызметін көрсету».
«2006 жылдың екінші жартысы мен 2007 жылдың бірінші жартысы меншікті капиталдың өсімімен айтулы болды. Каспийскийдің меншікті капиталы акционерлер тарапынан 10,2 миллиард теңгені инвестияциялау мен соңғы он екі айда түскен пайданың нәтижесінде 84%-ға артты. Акционерлер пайданы банк дамуына инвестициялауға және дивидендтерді үлестірмеуге шешім қабылдады», – деп қосты "Банк "Каспийский" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким. – Біздің банкті Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде ең алдыңғы қатарлы капиталдандырылған банктердің бірі ретінде танытатын капиталдың жеткілікті деңгейі 25% құрайды. Капиталдың жоғарғы сәйкестілігі біздің банкті клиенттер үшін, әсіресе салымшылар үшін тұрақты және сенімді банк етеді». 
Михаил Ломтадзе мен Вячеслав Ким 2007 жылғы 14 тамыздағы баспасөз конференциясында Интерфакс баспасөз орталығы агенттігінде (Алматы, Республика алаңы,17)  6 айдың нәтижесін талқылады.

Анықтама:

«Банк «Каспийский» АҚ
216 млрд теңгеден асатын активтерімен және шамамен 36 млрд теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну  несиесі бойынша алдыңғы орындарда. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан аса сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 147 бөлімше мен 548 пунктен құралады. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен Қазақстан халқына берілетін несиелер Банктің несие портфелінің жартысынан астамын құрайды. Тікелей инвестициялаудың жетекші қоры Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) – «Банк «Каспийский» АҚ-ның  инвесторы www.bc.kz.

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспийский» банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында танымал халықаралық қаржы институттары: Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Восток Baring Private Equity International құрамына, ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасындағы $3,5 млрд активі бар тікелей инвестициялау қорларын басқару тобына кіреді.

Толық ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Лариса Пак
«Банк «Каспийский» АҚ Корпоративтік коммуникациялар орталығының директоры
Тел: 250-18-00 ішкі 1099
Эл. пошта:  Larissa.Pak@bc.kz
Ұялы: +7 701 222 9339







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер