Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«KaspiBank» акционерлік қоғамының
Акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

Атқарушы органның толық атауы: «Kaspi Bank»акционерлік қоғамының Басқармасы. 

Атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ.,
Наурызбай батыр к-сі, 154 «А»

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 37-бабының 1-тармағына және 41-бабына сай жиналысты шақыруға бастама көтеруші ретінде 2018 жылғы 25 мамырда жергілікті уақытпен сағат 10-00-де 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) өткізілетінін хабарлайды. 

«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жиналыс өткізілетін жерде жергілікті уақытпен сағат 9:30-да басталып, сағат 10:00-де аяқталады.

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге қосылған адам қоғамның өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иелігінен шығарған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Акционерлік қоғамдар туралы заңның 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар берілуі тиіс.

Кворум болмай қалған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы 2018 ж. 28 мамырда жергілікті уақытпен сағат 10-00-де мына мекенжайда қайтадан өткізіледі: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А».
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалатын күн – 25 сәуір 2018ж.

Күн тәртібі:

  1. «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
  2. Қоғамның 2017 жыл үшін жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
  3. Қоғамның 2017 жыл үшін таза кірісін бөлу тәртібін және Қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерлерін айқындау туралы;
  4. 2018-2022 жылдары Қоғамға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы;
  5. Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің шағымдары және оларды 2017 жылы қарау қорытындылары туралы ақпарат.

Акционерлік қоғамдар туралы заңның 44-бабының 4-тармағына сай күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар жиналыс өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында дайын болады және акционерлердің танысуы үшін қолжетімді болады. Жалпы жиналысты өткізуге қатысты ақпаратпен «Kaspi Bank» АҚ корпоративтік сүйемелдеу департаментінде 8(727)356 34 23 телефон нөмірі арқылы танысуға болады.

Жалпы жиналысты өткізу тәртібі Акционерлік қоғамдар туралы заңның 48-бабына сәйкес жүргізіледі.

Жиналыста сырттай дауыс беру қолданылмайды.    







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер