Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank 7 сәуірде қазақстандық банктердің ішінде алғашқы болып өзінің 2008 жылғы аудит жүргізілген қаржылық қорытындыларын ұсынды. Баспасөз конференциясында банктің басшысы Михаил Ломтадзе журналистерге ШОБ қолдау және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бойынша мемлекеттік бағдарламаның қалай іске асырылып жатқаны жайында әңгімеледі.

Қорытынды баспасөз конференциясының барлық сұрақ-жауаптарын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

МИХАИЛ ЛОМТАДЗЕ: Қайырлы күн, құрметті журналистер. Таза техникалық, алайда өте жағымды жайт – біздің банк аудит процесін өте жалдам аяқтады және біз оларды ірі қазақстандық банктердің ортасында ұсынамыз. Біздің тамашалауға болатын негізгі көрсеткіштеріміз мыналар:

2008 жылдың қорытындысы, аудит жүргізілген шоғырландырылған есептілік 

 

АКТИВТЕР – 267 миллиард теңге

НЕСИЕ ПОРТФЕЛІ – 192 миллиард теңге
КЛИЕНТТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТЕРІ – 129,4 миллиард теңге
МЕНШІКТІ КАПИТАЛ – 44,1 миллиард теңге
КАПИТАЛДЫҢ БІРДЕЙЛІГІ* -25,5%
ТАЗА ПАЙДА - 4 миллиард теңгенге
НЕСИЕ/ДЕПОЗИТТЕР ҚАТЫНАСЫ ** – 141,4%

Тағы да бір маңызды цифрды атап өткім келеді – 2008 жылдың соңында біздің шотымызда шамамен 37 миллиард теңге мөлшерінде қолма-қол қаражат болды. Банктегі ағымдағы өтімділік тұрғысынан алып қарайтын болсақ, бұл шынымен өте жақсы көрсеткіш. Бұл kaspi bank-інде депозиттердің жоғары қарқынмен өсіуіне байланысты. 2008 жылдың қорытындысы бойынша біздің депозиттер 45%-ға өсті, бұл нарықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Басқа банктердің жоғарғы өсу қарқынын көрсете алатындығы да түсінікті, алайда, түсінесіздер ғой, нөлден бастап біршама жылдам көтерілуге болады, ал біздің депозиттік қорымыз 2008 жылдың басында айтарлықтай жоғары болды. Сіздер білесіздер, 2008 жылдың ішінде біз сыртқы төлемдер жөнінде бірде-бір баспасөз релизін жасаған емеспіз. Неге? Менің жеке ұстанымым мынадай – банк өзінің қарыздарын жұмыс тәртібімен төлеуге тиіс, ал бұдан ақпараттық сылтау табудың не қажеті бар. Қазір мен банктің 2008 жылы өзінің барлық сыртқы төлемдерін өтегенін, бүгінгі күні бізде ешқандай нақты сыртқы қарыздардың жоқ екендігін айта аламын. Бізде тек мақсатты бағдарламаларға бағытталған қаржы институттарының қарыздары ғана бар. Бұл Еуропалық қайта құру және даму банкінен, Халықаралық қаржы корпорациялары мен Голландия мемлекеттік даму компаниясынан арзан бағамен алынған ұзақ мерзімді қаржыландыру. Біз 2009 жылы наурызда төлеген соңғы транш – 140 миллион доллар болатын. Маңызды көрсеткіш, себебі бұл банктің сыртқы қарыздарға қаншалықты тәуелді екенін көрсетеді, kaspi bank – ең орнықты банк.

2008 жылдың ішінде банк сондай-ақ біздің өнімдеріміздің ешбіріне де тосқауыл қойған жоқ, біз барлық негізгі саладағы жұмысымызды белсенді түрде жалғастырумен болдық. Біз тұтынушылық несиелері саласында аса белсенді болдық. 2008 жылы kaspi bank халыққа және ШОБ 250 мыңнан астам несие берді. Банктің ай сайын қызмет көрсететін клиенттерінің саны жағынан – қазақстандық банктердің арасында бізде ең жоғары көрсеткіш. Кaspi bank-інің басқалардан басты ерекшелігі неде? Кейбір банктер 100 мың теңгеден 100 несие беруді ұйғарады, ал біз болсақ 1 мың теңгеден 100 мың несие бергіміз келеді. Міне, біздің басты ерекшелігіміз осыда. Егер 2009 жылғы наурыз айын алып қарайтын болсақ, онда тек осы айдың ішінде ғана жеке тұлғаларға 20 мыңнан астам несие бердік. Енді біз ай сайын несиені сату көлемін екі есеге арттыруды өзімізге мақсат етіп отырмыз, яғни біз қазақстандықтарға ай сайын 40 мың несиеден беруіміз қажет.

ШОБ-қа қатысты айтар болсақ, онда біз осы саланы «Даму» қорының бағдарламасымен берілген қаражатпен, сондай-ақ өзіміздің жеке ақшамызбен белсенді түрде несиеледік. Бұл ресурстарды біз тиімді орналастырдық. Бағдарламаны іске асыру барысындағы деректерді сіздер банктің алдағы уақыттағы релиздерінен толығырақ көре аласыздар.
Жалпы мен жылдың қорытындысы бойынша да, сіздерді қызықтыратын басқа да барлық сұрақтарға жауап бере аламын.

СҰРАҚТАР – ЖАУАПТАР СЕССИЯСЫ
(ыңғайлы болу үшін олар тақырыптарға бөлінген)


Қаржылық қорытындылар, провизиялар, банктің 2009 жылғы даму стратегиясы, бонустарды төлеу,
акционерлердің шешімдері және т.б.

- Банктің 2008 жылы жасаған првизиялары жайлы толығырақ түсіндіріп беріңізші. Олар өсті ме?
- Иә, өткен жылдың ішінде провизиялар 2 еседен астам өсті. Біздің несие портфелімен белсенді жұмыс жасағанымызға қарамастан, клиенттерге проблемаларын шешулеріне көмектесуге тырысамыз, сондай-ақ проблемалы қарыз алушылармен де қатаң жұмыс жүргіземіз. Кез келген жағдайда біз тәуекелдерге сақтықпен қарауды жөн көреміз, сондықтан да бірдей провизияларды қалыптастырамыз.

- Бірақ ҚҚА деректері бойынша бізде провизициялар мерзімі өткен қарыздардың көлемінен аз…
- Барлық банктердегі бірдей көрсеткіштерді байқау үшін, сіздерге, ең алдымен, тұрақты есептіліктерге емес, үнемі шоғырландырылған есептіліктерге қарау қажет. Шоғырландырылған аудит жүргізілген есептіліктер бойынша, біздің даму кезеңімізде бүгінгі күнге дейін ешқашан провизиялардың деңгейі мерзімі өткен несиелерден төмен болған емес. Халықаралық стандарттар бойынша клиенттер 90 күннен астам қызмет көрсетпеген несиелер мерзімі өткен несиелер болып саналады. Мерзімі өткен несиелер несие портфелінің шамамен 6% құрайды, ал провизиялардың мерзімі өткен несиелерге қатынасы бойынша деңгейі 110% (10% астамын жабады) құрайды.

Провизиялардың пайда мен капиталға да ықпалы болатынын айта кеткім келеді. Ал бізде капиталдың бірдейлігі 25% астам, біз мерзімі өткен несиелерді жабатындай провизияларды құруға дайынбыз.

- 2009 жылғы банк көрсеткіштеріне қандай болжам жасай аласыз?  
- Ағымдағы жағдайда болжам жасау – жақсылыққа апармайтын іс. 1,5 жылда алдағы бес жылға жоспар құруға болар еді. Қазір мен тек бірінші кезекте жеке тұлғаларды несиелеу ісін белсенді жалғастыратынымызды ғана айта аламын, өздеріңіз көріп отырғандай, біз клиенттерге үнемі жаңа өнімдер мен талаптарды ұсынамыз. Біз клиенттердің қызығушылықтарын, оларға не ұсыну қажеттігін түсіну үшін көп уақытымыз бен ресурстарымызды инвестициялаудамыз. Қазір біз 20 мамырға дейін тұтынушылық несиелеріне жеңілдіктерді ұсынып отырмыз. Біз мұндай бірнеше бағдарламаны енгіземіз. Екінші басымдылық – бұл мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жүргізу, клиенттерге біршама арзан ресуртарды ұсыну үшін біз бұл ынтымақтастықты жалғастырып, сапалы қарыз алушыларды тартатын боламыз.
Осыған орай 2009 жылы бізде бөлшекті бизнес айтарлықтай өсуі тиіс, егер біз тартылатын клиенттердің санын ай сайын 2 есеге арттыратын болсақ, онда, сәйкесінше, біздің несие портфеліміз де өседі. Меншік иелері сияқты, банктің менеджементі де бизнесті дамытуды көздеп отыр, артық пайда табу – бұл бір жылғы басымдылық емес. Банк қазақстандықтарға дұрыс өнімдерді ұсынады, біз тәжірибе жасап көреміз, біршама ұтымды талаптарды ұсынуға тырысамыз.

- «Дұрыс» өнімдер дегеніміз не?
Қазіргі сәтте kaspi bank – 15 минуттан бастап несие беретін Қазақстандағы бірден-бір банк. Бізде толық өнімдер желісі бар. Бұл, мысалы біздің несиені мақұлдау және беру бір-ақ күндік уақытты қажет ететін 2 000 астам дүкендер мен біздің филиал желілерімізде клиенттерге өзіміздің тауарлық несиелерімізді ұсына алатынымызды білдіреді. Бірнеше сағаттың ішінде клиент 1,5 миллион теңгеге дейінгі соманы ала алады. Несие беру туралы шешім қабылдауға, ең басты әсер ететіні – оның жеке қаржылық жағдайы. Нақты жалақысы неғұрлым көп болса, бізден соғұрлым үлкен соманы ала алады. Барлығы автоматты түрде жасалады, біз көп құжаттарды талап етпейміз, бізге негізгі үш құжат қана қажет. Мен Қазақстанда жылдам несие беретін басқа мұндай банкті білмеймін. Қазір біз сондай-ақ карточка бизнесін де белсенді дамытудамыз.

- 2008 жылдың 4 тоқсаны алдыңғыларынан несімен ерекшеленеді?
- Біз алға қойған мақсаттарымыз бен жоспарларымыздың көпшілігін өткен жылдың 4 тоқсанында жүзеге асырдық. Біз 1,5 млн теңгеге дейінгі «Қолма-қол несиені» жаппай енгіздік, несие картасын енгіздік және осылардың барлығын біз kaspi bank жаңа брендін қолданысқа енгізу арқылы жасадық. Соған сәйкес, бізде ребрендингке үлкен инвестициялар салынды, сондықтан да 4 тоқсандағы пайданың көрсеткіші айтарлықтай болмады.

- Сіз халықаралық институттардан белсенді түрде қаражат тартатыныңызды айттыңыз. Биылғы жылы қаражат тартуға байланысты қандай жоспарларыңыз бар?
- Біз тек арзан әрі ұзақ мерзімді қаражатты ғана тартамыз. Соңғы екі жылда біз барлық халықаралық қаржы интситуттармен тығыз байланыста жұмыс жүргіздік. Халықаралық институттар деп мен мемлекеттің түрлі нарықтардағы бизнесті дамыту үшін құрған ұйымдарын айтып отырмын. Ол ЕҚДБ, IFC және Бизнесті дамыту жөніндегі голландық компания. Өткен жылы біз ШОБ несиелеу үшін ЕҚДБ-дан 120 миллион доллар, IFC – 100 млн доллар, голландық компаниядан – 45 млн доллар тарттық, оларға қоса 100 млн долларға синдикатталған қарыздарды ұйымдастыруға келісімшартқа қол қойылды. Бұл 2009 жылы бізге тартылатын ақша. Біз капитал нарығына шықпаймыз, еуробондтарды орналастырмаймыз және коммерциялық банктерден синдикаттарды тартпаймыз, себебі бұл қымбат әрі қысқа мерзімді. Ал бізге қысқа мерзімді ақша қажет емес, сондықтан мақсатты қарыздарды тартуды жалғастырамыз.

- Сіз бұған дейін қаржы активтерін: зейнетақы қорын немесе басқа банкті сатып алғыңыз келетінін айтқан болатынсыз. Жоаспарыңыз қалай болып жатыр?
Біз өз жоспарларымыздан бас тартпаймыз. Қазір қызық уақыт – көп күткен сайын, барлығы арзандай түседі. Сатып алу ешқайда қашпайды. Бізде әр түрлі мүмкіндіктер болып жатыр, бізге бәрі: несие портфельдерінен бастап банкоматтар мен филиал желілеріне дейін және бағасына байланысты – мақсатты қаржы интситуттарын да сатып алу қызық. Біздің ресурстарымызға қатысты, мен өзімнің командаммен бірге көптеген инвестиция құйдым, сондықтан бір ғана нәрсені айта аламын: өзіңнің сатып алу жөніндегі жоспарларың жайлы неғұрлым көп айтсаң, сатып алудың жүзеге асу мүмкіндігі соғұрлым аз болады .
Сондықтан бізде жоспар бар, қаржы ресурстары – бар, нарықта мүмкіндік – бар. Уақыт өткен сайын біз жай ғана кездесіп, сатып алуға қолайлы уақытты қарастырамыз.

- Сіз голландық компаниямен 100 миллион долларға синдикат тарту туралы шартқа қол қойылғанын айттыңыз. Ол қандай синдикат және не үшін қажет екендігі жайлы толығырақ айтып берсеңіз.
- ЕҚДБ, IFC сияқты мемлекеттік дамыту институттары осы синдикат бойынша кепілгер болып табылады. Тек олардың кепілдігімен ғана коммерциялық банктерден синдикатты тартуға болады. Соған сәйкес біз өткен жылы голландық компаниямен нарықта мүмкіндік бола қалған кезде олар бізге 100 млн долларға синдикат ұйымдастыратындығы туралы келіскен болатынбыз. Мен мұны қазіргі уақыттағы капитал нарығынан ақша тартудың бірден-бір мүмкіндігі деп білемін. Біз тура тартып, мұндай ақылға қонбайтын пайызды төлемейміз. Бізде ЕҚДБ-дан алған 120 миллион доллар несие желісі бар, 20 млн долларды біз әлі алған жоқпыз. Біз ресурстарымызды өз бизнесіміздің қажеттіліктерінен шыға отырып жоспарлаймыз. Турасын айтқанда, егер ШОБ-ты несиелеуге үлкен сұраныс болса, біз 65 миллион долларды 10 күннің ішінде өзімізде бар несие желілерінен тарта аламыз. Біз әзірге мұны қолға алмадық, себебі қазір көбінесе «Даму» қорының шеңберінде еңбектеніп жатырмыз. Бізде сыртқы төлемдер жоқ, сондықтан оларды төлеу үшін ақша тартудың қажеті шамалы.

- Ал тұтыну сұраныстары қалай болып жатыр, тұтынушылық несиелерін қандай пайызбен беріп жатырсыздар?
- Сұраныс азайды, кез келген адам қаражатын үнемдеуге тырысады, адамдар мейрамханаларға баруды, қымбат заттарды сатып алуды және т.б. азайты. Бұл орынды да. Бірақ біз осындай уақытта осы сегменттегі бірден-бір ойыншымыз, сондықтан тұтынушылық несиеге деген сұраныстың төмендеуі аса маңызды емес десек те болады. Бұл ай сайын 20-30-40 мың сапалы қарыз алушыларды, өз тарапынан, экономикалық жағдайға қарамастан, жақсы демалғысы келетін, жақсы теледидар сатып алғысы келетін адамдарды тартуға болмайды деген сөз емес. Біз мұндай адамдарды да ескереміз. Мысалы, егер наурыз айын ақпанмен салыстыратын болсақ, өздеріңіз білетіндей, желтоқсан – мереке күндерінің арқасында несиені сату бойынша көшбасшы ай, ал наурыз айы желтоқсан айымен тең түсті. Пайыздық мөлшерлемелер әр түрлі, олар қарыз алушының өз тәуекеліне байланысты, жалақысы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жоғары соманы және төменгі мөлшерлемені ала алады. Бірақ 20 мамырға дейін бізде акция жүріп жатыр – несиеге берілетін жеңілдік 20%-ға жетті. Келесі акция бұдан да қызығырақ болады.

- Михаил, сіз қалай ойлайсыз, әлемдік дағдарыстың жалғасуына байланысты біздің экономикамыз қалай болмақ?
- Қазақстан ең бай елдердің бірі болады. Мен оған сенімдімін. Елімізде бар мұнайдың көлемін халықтың санына шаққанда, бір адамның үлесі айтарлықтай мол десек болады. Ағымдағы жағдайдайға қатысты айтар болсақ, онда дәл қазір барлық елде қиын-қыстау кезең орнағаны анық. Басты айтарым, бүгінгі күні қолданылып жатқан шаралар Қазақстанды барлық өзге елдерден ерекшелендіруде. ТМД елдерімен салыстырғанда ең үлкен өзгешелік - бізде 10 банкпен жұмыс жасау қажет. Егер банк жүйесі айтарлықтай дамымаған дәл сондай Ресей елін алып қарасақ, онда тікелей жұмыс жасауды қажет ететін мыңдаған компаниялар бар. Сондықтан онда компаниялардың банкроттық деңгейі қарқынды өсуде. Мұнда жағдай біршама жақсы бақылануда. Қазір мемлекет инфрақұрылымды жобаларды дамытуы тиіс, яғни бюджет қаражаты салымдарының есебінен жұмыс орындарын ашудың 2 жақты пайдасы бар. Бір жағынан, мемлекеттің ақшасы тиімді пайдаланылады, ұзақ мерзімді дамытуға инвестицияланады, инфрақұрылым кез келген уақытта қажет емес пе, ол әлемдік экономика оңалған кезде елдің дамуы үшін қажет болады. Екінші жағынан, елімізде нақты жұмыс орындары ашылады, соның арқасында жұмыссыздықты тұрақты деңгейде бақылауға болады.

- Банктің акционерлері түскен пайданы қалай үлестіреді және әдетте басқарушы командаға төленетін бонустарға байланысты тағы да бір сұрақ. Әлем бойынша топ-менеджменке төленетін бонустар қысқартылуда, ал kaspi bank-інде қандай шешім қабылданды?
- Түсетін пайдаға қатысты біздің акционерлер 2006 жылы дивидендтер алынбайды, барлық пайда әрі қарай дамыту үшін капиталға айналдырылады деп шешім қабылдаған болатын. Мен мұндай жағдай алдағы жылдары болмайды және kaspi bank-інің капиталының бірдейлігі әрқашан жоғары болады деп ойлаймын. Бонустарға қатысты. Өз басымда, жалақым көтерілмейді және мен бонустарды да алмаймын. Басқа команда мен қызметкерлерге қатысты айтар болсам, мен, біріншіден, команданы әрқашан уақыт пен экономикалық жағдайға тәуелсіз етіп ұстау керек деп ойлаймын, себебі команда – ұзақ мерзімді инвестиция. Осыған орай қол жеткізген нәтижелерге байланысты kaspi bank-інің топ-менеджерлерінің бүкіл командасы бонус алады. Яғни мен бонусты кесіп тастамаймын. Дәл солай қол жеткізген нәтижелерге байланысты банктің қызметкерлері де бонус алады. Нақты айтқанда, 20% ең үздіктер Х соманы, 70% - Y соманы алады, ал 10% - ештеме алмайды және алдағы уақытта олар жұмыстан босатылады, себебі олар өздеріне қойылған міндеттерді орындай алмады. Біз мұны 2007 жылы жасағанбыз, 2008 жылдың нәтижесін де дәл солай қарастырамыз. Яғни біз жалақыны да қысқартпаймыз, бонустарды да кеспейміз. Оған қоса, 2008 жылы қызметкерлер ерекше күш салды, топ-менеджерлер 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы көп бонус алады.

«Даму» бағдарамасы және кәсіпкерлерді толық несиелеу

- Ал қазір «Даму» қорымен және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды игеру нәтижелері қандай?
 
- ШОБ бойынша біз барлық бағдарламалардың, яғни «Даму» қорынан барлық үш транштың қатысушысымыз. Соңғы транш бойынша біз 6 миллиард теңге алдық. Осы ақшаның 1,5 миллиард теңгесі мақұлданды. Шамамен 5 миллиард теңге барлық филиалдардың деңгейінде қарастырылу үстінде. Біз бұл ақшаны ала салысымен әрбір филиал мен несие менеджерлері оның шеңберінде жұмыс жасайтын өз жоспарларын алды. Бізде «Дамуда» мақұлданған ай сайынғы жоспар бар. Егер наурызда біз 800 миллион теңгені мақұлдауға тиіс болсақ, біз нақты 1,3 млрд теңгені игердік. Осы бағдарламалар бойынша ең басты мәселе мемлекеттің ақшасы – қарыз алушылар үшін де, банк үшін де үлкен жауапкершілік. Мен осыған аса мән беруді жөн көремін, себебі адамдар мемлекет бұл ақшаны жай ғана, төменгі пайызбен алып, не болса соған жұмсау үшін бөлді деп ойлайды. Кез келген банкте «Даму» бағдарламасында жазылған қарыз алушылар бойынша нақты талаптар бар. Біз бұл ақшаны жұрттың бәріне бермейміз, банк теріс несие тарихы бар немесе басқа да үлкен несиелері бар көптеген клиенттерге несие беруден бас тартады. Біз мұндай шешімдерді қабылдай отырып, ең бірінші кезекте клиенттердің жағдайын ойлаймыз, біз сіздерге бұл ақшаны алмай-ақ қойған дұрыс болады дейміз. Әрине, несие беруден бас тарту ол ақшаны алмағандардың арасында наразылық тудырады.
 
- Сіздердің банктеріңіз «Дамудан» 6 миллиард теңге алды, бұл сома неге негізделіп алынды? Неліктен басқа банктерде ақшаны игеру баяу жүріп жатыр деп ойлайсыз?
- Мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасау үшін біз шешімді қалай қабылдаймыз? Біріншіден, біз шын мәнісінде қанша бере аламыз, сонша аламыз.

Біз бір менеджер қанша несие бере алатынын, бір филиал қанша несие бере алатынын бағалаймыз. Сомасын шығарамыз. Осы соманы біз несие бере алатын уақытқа бөлеміз. Сол себепті де Дамумен ықтымақтастық құрмас бұрын біз өзіміздің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімізді, белгілі бір уақыт аралығында қанша несие бере алатынымызды бағалаймыз. Басқа банктерде не болып жатқанын мен білмеймін. Бастапқы кезде мүмкіндіктерін дұрыс бағаламаса керек. Кaspi bank-інде ең үлкен филиал желісі бар, бізде нақты жоспар, осы бағдарламаға жауап беретін адамдар бар және осы жоспардың орындалуын өзім жиі, аптасына бірнеше рет бақылап отырамын. Оны игеру банктердің өзіне, олардың ішкі рәсіміне және бірінші кезекте, мемлекеттен осы немесе өзге соманы тарту туралы шешім қабылдау қаншалықты ойластырылғанына да байланысты.

- Алайда мемлекет бағдарламалардың жүзеге асырылуына риза емес, әсіресе ақшаның ШОБ дейін жетпейтіні туралы жиі айтылады, кәсіпкерлердің түрлі қауымтастықтары.
- Банктер бас тартқан клиенттердің тобы бар. Маған дейін келіп есік қаққандары да бар. Ақша алуға деген ынталары оны қайтару мүмкіндігінен де асып түсетіні анық. Ақшамен абай болу қажет. Адамдарда, егер ол мемлекеттің ақшасы болса, еш қиналмай ала беруге болады деген түсінік бар. Біз өз тарапымыздан бұл қаражатты орналастыруға жауапкершілікпен қараймыз.

Ипотекалық қайта қаржыландыру, ипотека, жылжымайтын мүлік…

- Премьер-министр Кәрім Мәсімов Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарының жүзеге асырылуын нақтырақ білгісі келеді, қазір ол сондай-ақ соңғы қарыз алушылар үшін мемлекеттің қаражатын алудың біршама жеңіл талаптарын жасауды ұсынды. Сіз бұл идеяны қалай бағалайсыз?
- Шектеу неғұрлым аз болса, осы бағдарламаға түсуі мүмкін мақсатты сегмент соғұрлым көп болмақ. Кез келген банк кез келген шектеудің алынып тасталуын қолдайды, мен әсіресе қазір түспеген қарыз алушылардың кейін түспейтіндігіне сенімдімін. Осы тұрғыдан алып қарағанда, ағымдағы жағдайда бұл дұрыс қабылданған шешім. Біздің өзімізге қатысты айтар болсақ, онда ипотекалық қарыздар – күрделі өнім. Адам бұл ақшаны алуы үшін көптеген деңгейлерден өтуі керек, сондықтан адам құжаттарын әзірлеген сәттен бастап ақшаны алған сәтке дейін біз бір-ақ күннің ішіне беретін тұтынушылық қарыздарға қарағанда көп уақыт өтеді. Нақты қазіргі жағдайда күн сайын біз ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бойынша 100 млн теңгеге дейін өсеміз. Біз клиенттер қорынан шыға отырып, қайта қаржыландыруға үміткерлерді өзіміз таңдайтын рәсімді қалыптастырдық. Мұнан соң біз клиенттермен өзіміз байланысқа шығамыз, оларды филиалға шақырамыз және қарызды қайта ресімдеу рәсімін жүргіземіз. Біз миллиард сомасындағы теңгені игеріп, алға жүре бермейміз. Біз басынан бастап тізім жасадық. Банктің тарапынан бас тарту біршама жоғары деңгейде, себебі қарыз алушылардың жартысы бағдарлама бойынша қандай да бір талаптарға сәйкес келмейді. Мысалы, клиенттің пәтері 250 шаршы метр емес, 125 шаршы метр болған кезде.
Сондықтан мен кейбір шектеулерді алып тастауды қолдаймын. Бір жағынан Үкімет банк секторы тарапынан жақсы нәтижелерді көргісі келеді, берілген несиелердің нәтижесі әзірге мемлекет тарапынан ипотекалық қайта қаржыландыруға бөлінген 120 миллиард теңгеге жете қойған жоқ. Мен біздің қолымызда бар 3 миллиард теңгенің шеңберінде біз бұл соманы өзгелерге қарағанда жылдамырақ игере аламыз және кез келген басқа бағдарламаға қатыса аламыз деп ойлаймын.

- Банктің мемлекеттік бағдарлама бойынша кірісі қандай және қазақстандықтарға ұсынатын өзіңіздің қандай да бір жеке ипотекалық бағдарламаңыз бар ма?
- Мемлекеттік бағдарлама бойынша мөлшерлемелер белгіленген. Біздің жеке ипотекалық бағдарламамыз жайлы айтатын болсам, онда біз үшін ағымдағы клиенттермен жұмыс жасау маңызды, яғни біз ипотека бойынша жаңа клиенттерді іздемейміз, біз бар клиенттерімізді қайта қаржыландырамыз. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақша табу басымдылығы нөл десек болады. Біз мемлекеттік бағдарламалардан ақша табуға басымдылық бермейміз және біздің шығындарымыз өтелмейді, себебі бұл аса көп еңбекті қажет ететін процесс. Көптеген адамдардың ықпалы бар. Біз тіпті «Самұрық-Қазына» қорымен пайыздық мөлшерлемелер бойынша саудаласқан жоқпыз, тағы да қайталаймын, басымдылық – адамдарға ипотекалық қарыздар бойынша өз мүмкіндіктерін уақтылы төлеуге мүмкіндік беру үшін, банктер арқылы барынша ең төменгі пайыздырды жеткізу.

- Қазір көптеген банктер қайта қаржыландыруға көңіл бөліп отыр, ал бұрын ипотека алмаған және қазіргі жылжымайтын мүлік құнының төмендегенін көріп, оны сатып алғысы келетін адамдар не істемек?
- Соңғы сұрақтан бастайын. 2009 жылдың наурыз айында ғана біз шамамен 20 мыңнан астам несие бердік, бұл толық спектр: сауда орындарындағы тауар несиелері несие карталары, қолма-қол несиелер. Осы несиелердің барлығы оның сомасына байланысты көп дегенде бір күннің ішінде беріледі... 15 минуттан бастап. Бұл бизнес - біз үшін негізгі бизнес. Біз несие беру туралы шешімді бір минуттың ішінде қабылдайтын және бір күннің ішінде ақша бере алатын Қазақстандағы бірден-бір банк болғымыз келеді. Біздің соңғы 2 жылдың ішінде банкте жасаған жұмыстарымыз осыны іске асыруға мүмкіндік береді. Біз бұл бағытты әрқашан жетілдіріп отырамыз. Біз кепілге қою арқылы ақша беруді қолдамаймыз, клиентті бағалау керек, оған не қажет екенін түсіну керек, содан кейін ғана несие берген жөн. Болды. Кепіл – несие төленбеген кездегі бізге ең қажетті нәрсе. Ал біз клиентке ақшаны ол бізге қайтаруы үшін береміз және кейіннен оның кепіл заттарымен айналысқымыз келмейді. Біздің бизнестегі философиямыз осындай, кепіл заттарына емес, қарыз алушының өзінің қаржылық жағдайына қарап несие тәуекелдерін бағалаймыз. Егер оны зияткерлік машина жасамаса, ай сайын 20 мың несиені мақұлдау мүмкін емес, біз мұндай зияткерлік машинаны да жасап қойдық. Олар скорринг деңгейінде шешім қабылдайды.

Ипотекалық қарыздарға қатысты айтар болсақ, біз үшін ипотека – басымдылық емес. Себебі қарапайым. Ипотека – күрделі өнім және ол несиені 1 күннің ішінде беру философиясына сәйкес келмейді. Егер біз қандай да бір сәтте бір-ақ күннің ішінде беруге болатын ипотекалық өнімді әзірлей алсақ, онда мен ипотеканы дамытатынымызға кепілдік беремін.

 - Сіз бұрын қазір жылжымайтын мүлік сатып алуға ең қолайлы кез деп айтқан болатынсыз. Сіз өзіңіз соңғы уақытта не сатып алғаныңызды айта аласыз ба?
- Менде ештеме жоқ демеймін . Жеке заттарымды басқару жағына келгенде мен уақытымды жеткізе алмаймын. 25 сағат, тіпті демалыс күндері де жұмыста боламын. Мен мүмкін өзіме жеке заттарды сатып алумен айналысуға және басымды қатыратын жасқа жетпедім деп айтсам да болатын шығар. Жылжымайтын мүлікке қатысты, мен бұрынғыдай, адамдарға жылжымайтын мүлік сатып алуға ең қолайлы уақыт деп есептеймін. Баға қолжетімді, алдағы уақытта көтерілетін болады. Мен өз ойымды өзгерткен жоқпын.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер