Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» АҚ акционерлері үшін
2017 жылғы 29 қыркүйекте өткен Банктің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысы туралы ақпараттық хабар

«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің назарына

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II ҚР Заңының 51-бабының 6-тармағына сәйкес «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы 2017 жылғы 29 қыркүйекте өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысын хабарлайды.
17 347 706 дауыс беретін акцияларды (Банктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 98,8%) иеленетін акционердің өкілі қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:
Күн тәртібі:
1.    “Kaspi Bank” акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
2.    «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту арқылы өзгерістер енгізу туралы;
3.    “Kaspi Bank” АҚ-тың қызметі туралы ақпаратты өзінің акционерлеріне беру тәртібі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту арқылы өзгерістер енгізу туралы;
4.    «Kaspi Bank» АҚ-тың жай және артықшылық акциялары бойынша дивидендтер төлеу және «Kaspi Bank» АҚ-тың бір акциясына есептегенде дивиденд мөлшерлерін бекіту туралы;  
5.    Орналастырылған акцияларды сатып алу ережесінің және акцияларды қоғам сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесін жаңа редакцияда бекіту арқылы өзгерістер енгізу туралы;
6.    «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер бекіту туралы.

«Жақтаушылар»  - 17 347 706 дауыс

2. «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда бекітілсін және 2017 жылғы 29 мамырдағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару кодексінің күші жойылды деп танылсын.

«Жақтаушылар»  - 17 347 706 дауыс
    
3. “Kaspi Bank” АҚ-тың қызметі туралы ақпаратты өзінің акционерлеріне беру тәртібі туралы ереже бекітілсін және 2015 жылғы 12 тамыздағы жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген “Kaspi Bank” АҚ-тың қызметі туралы ақпаратты өзінің акционерлеріне беру тәртібі туралы ереженің күші жойылды деп танылсы.

«Жақтаушылар» - 17 347 706 дауыс
    
4. «Kaspi Bank» АҚ-тың жай және артықшылықты акциялары бойынша бір акцияға 855 теңге мөлшерінде дивидендтер төленсін.
• 2017 жылғы 29 қыркүйек «Kaspi Bank» АҚ-тың жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу басталатын күн болып белгіленсін.
• 2017 жылғы 28 желтоқсан дивидендтерді төлеу аяқталатын күн болып белгіленсін.
• Төлеу кезеңі – 2016 жыл.

«Kaspi Bank» АҚ-тың акциялары бойынша дивидендтер төмендегідей тәсілдермен төленсін:
а) акционерлерге - жеке және заңды тұлғаларға –Банктің акционерлер тізімінде көрсетілген ұстаушының Банк акционерлерінің тізілімін жүргізетін «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-тан (бұдан әрі – Тіркеуші (интернеттегі мекенжайы – www.tisr.kz)) алынған банктік шоттарына аудару арқылы;
б) «Kaspi Bank»АҚ Басқармасы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 23, 24-баптарына сәйкес «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысында айқындалған бұқаралық ақпарат құралдарында жай акциялар бойынша дивидендтердің төленетіні туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде; артықшылық акциялар бойынша дивидендтердің төленетіні туралы ақпаратты артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу мерзімі басталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде жарияласын.

«Жақтаушылар»  - 17 347 706 дауыс

5. Орналастырылған акцияларды сатып алу ережесі және акцияларды «Kaspi Bank» АҚ сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесі жаңа редакцияда бекітілсін және 2017 жылғы 29 мамырдағы жалпы жиналыста бекітілген Орналастырылған акцияларды сатып алу ережесінің және акцияларды «Kaspi Bank» АҚ сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесінің күші жойылды деп танылсын.

«Жақтаушылар»  - 17 347 706 дауыс

6. «Kaspi Bank» АҚ Жарғысына өзгерістер бекітілсін. «Kaspi Bank» АҚ Басқарма Төрағасына «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысына өзгерістерге қол қоюға уәкілеттік берілсін, өзгерістер нотариатта куәландырылсын, әділет органдарына тиісті түрде хабарлансын және өзгерістердің нотариатта куәландырылған көшірмесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жолдансын.
 
«Жақтаушылар»  - 17 347 706 дауыс
    
    






КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер