Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Baring Vostok Capital Partners тағы да ең үздік инвестициялық компания болып танылды

Private Equity International журналының оқырмандарынан алынатын жыл сайынғы сұрақ-жауаптың нәтижесі бойынша «Baring Vostok Capital Partners» тікелей инвестициялаудағы маманданған ең үздік компаниялардың бірі болып танылды және Global Private Equity Awards 2008 сыйлықақысымен марапатталды. Компания мұндай беделді марапатты қатарынан төртінші жыл иеленіп отыр.

«Baring Vostok Capital Partners»-тің Қазақстандағы ең ірі инвестициясы 2 жыл бұрын kaspi bank-інің бақылау акциясын сатып алуы болып табылады.

Global Private Equity Awards сыйлықақысын халықаралық беделді Private Equity International журналы тағайындады және жыл сайын тікелей инвестиция саласындағы жетістіктер үшін табыс етіледі. Baring Vostok Capital Partners ТМД елдерінің нарығында 15 жылдан астам қызмет етіп келеді және қазіргі уақытта бұрынғы Кеңес Үкіметі елдеріндегі ең ірі тікелей инвестициялық компаниялардың бірі. Бүгінгі күні Baring Vostok компаниясының портфеліне 20 компания – жыл сайынғы жалпы кірісі 1,7 млрд долларды құрайтын, таза кірісі шамамен $300 млн немесе қызметкерлерінің саны 10 мың адамнан астам осы саланың көшбасшылары кіреді.

«Baring Vostok Capital Partners компаниясы қатарынан төртінші жыл Global Private Equity Awards сыйлықақысын алып отыр, бұл біз үшін жаңалық емес, – дейді компанияның қосалқы басқарушы серіктесі Майкл Калви. – Алынған марапат – BVCP командасының әрбір мүшесі орындайтын және қаржылық дағдарыс кезеңіндегі аса маңызды фактор болып табылатын күн сайынды жоспарлы жұмысының нәтижесі».

«Baring Vostok Capital Partners тек 2006-2007 жылдары ғана kaspi bank-інің капиталына 100 миллионға жуық АҚШ долларын инвестициялады, нәтижесінде банк бүгінгі күні капиталдың ең жоғарғы деңгейін иеленуде, – дейді kaspi bank-інің басшысы Михаил Ломтадзе. – Бұдан басқа акционерлер дивидендтерді бірде-бір рет төлеген емес және төлемейді де, осы арқылы олар банкті инвестициялауды үнемі жалғастыруда. Кaspi bank жекелеп несиелеуді дамыту жағынан мамандануда, біз өзге банктерге ұқсас банк құрмаймыз және басқалардың жасағанын, жасап жатқанын көшірмейміз. Біз әлемдегі ең үздік тәжірибе мен білімді аламыз, өзгелердің қателерін ескереміз және Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең жақсы бөлшекті банкті құрамыз».

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді.

Private Equity International
PEI – тікелей және венчурлық инвестицияларға арналған халықаралық журнал. Аса құрметті журналистер тобының бірі отыз жыл бойы шығарып келеді және осы саланың барлық мәселелерін жаңартып келеді. Private Equity International өз оқырмандарына жаңалықтар мен осы активтер класының әлемдік деңгейде қалай дамып жатқанын жан-жақты түсіндіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-223-87-85
 +7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
25 мамыр 2009







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер