Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Хабарлама

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі (Басқарманың орналасқан жері: 050012, Алматы қ., Әди Шәріпов к-сі, 90) 2012 жылғы 04 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де «Kaspi Bank» АҚ-тың 2011 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетінін хабарлайды. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалатын күн – 2012 жылғы 03 сәуір. 

Күн тәртібінде: 
1. «Kaspi Bank» АҚ-тың акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2011 жыл үшін жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3. 2011 жылғы таза табысты бөлу тәртібін (резервтік капиталды қалыптастыру және басқа аударымдар) және 2012 жылға арналған табыстарды бөлу нормативтерін бекіту.
4. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2011 жылғы қызметінің нәтижелері бойынша бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшері мен төлеу тәртібін бекіту және артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу тәртібі мен мерзімдерін анықтау.
5. 2012 жылы «Kaspi Bank» АҚ-та аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.
6. «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
7. Қоғам акционерлеріне Банктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу.
8. Есеп комиссиясының мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату. Есеп комиссиясының жаңа құрамын сайлау, оның өкілеттіктерінің мерзімін белгілеу.
9. Директорлар кеңесі мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері мен төлеу шарттарын анықтау.

Акционерлер танысу үшін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды 2012 ж. 24 сәуірден бастап мына мекенжайдан алуына болады: 050012, Алматы қ., Әди Шәріпов к-сі, 90 («Kaspi Bank» АҚ-тың ДКА-ның меншікті капитал бөлімі). Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркейтін уақыт – 2012 жылғы 04 мамырда 9 сағат 30 минуттан бастап. Кворум болмай қалған жағдайда акционерлердің қайта өткізілетін жылдық жалпы жиналысы 2012 ж. 07 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де мына мекенжайда қайта өткізіледі: 050012, Алматы қ., Әди Шәріпов к-сі, 90.

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға әрі онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге қосылған адам қоғамның өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иелігінен шығарған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар берілуі тиіс.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер