Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«The Banker» (Financial Times) журналы kaspi bank-ін «Жыл банкі – 2009» атағымен марапаттады

2009 жылғы 3 желтоқсанда Лондондағы «Интерконтиненталь» қонақ үйінде «The Banker» (Financial Times) журналының жыл сайынғы марапаттау салтанаты өтті. Қаржы индустриясының ең беделді баспаларының бірі әр елден бір банкті «Жыл банкі 2009» атағымен марапаттады. Марапаттау салтанатына 117 елдің банкирлері қатысты. Қазақстанда «Жыл банкі – 2009» атағына kaspi bank-і ие болды.

«The Banker» (Financial Times) мамандандырылған журналының талдаушыларының пайымдауы бойынша, 2009 жыл көптеген елдердің экономикасы мен банкі үшін ауыр жыл болды. Қиыншылықтарға қарамастан, ұзақ мерзімді сәтті даму үшін біршама икемді әрі жол тапқыш банктер артықшылыққа қол жеткізді.

Бөлшекті бизнеске ден қойған kaspi bank осындай ойыншылардың бірі.

«Әрине, ешқандай банк жүйесі қаржылық дағдарыстың салдарынан қашып құтыла алмады. Сыртқы ортаның қиыншылықтарына қарамастан, kaspi bank қарқынды дамуға қол жеткізіп, бөлшекті бизнес сегментінде өз орнын алды, – деп түсіндіреді өз таңдауын басылым. – kaspi bank мұндай жетістікке жоғары деңгейлі технологияның, кәсіпқой басқарушы команданың көмегімен және сыртқы капитал нарығындағы жиналған қорға тәуелділігінің төмен болуының арқасында жетті.

kaspi bank-інің стратегиясы бөлшекті бизнесті дамытуға бағытталған. Банктің барлық негізгі инвестициялары осы стратегияны іске асыруға бағытталған – АТ-жүйесін үнемі дамытып отыру, клиенттерге қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын жақсарту, өнімдерді үнемі жаңартып отыру және сатылым желілерін кеңейту – банкті дамытудың негізгі іргелі бағыттары.

«Осы марапаттау – Қазақстанның бүкіл қаржы секторы үшін жақсы жаңалық, – деп түсіндіреді kaspi bank-інің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Біз ағымдағы жетістіктерімізді мойындағаны үшін алғыс білдіреміз және осындай марапатты еліміздің нығаюы ретінде қабылдаймыз. Бізге әлі де көп жұмыс жасау керек, біздің мақсатымыз – клиенттеріміздің бізді ең үздік деп тануы. Біз бұл мақсатымызға қызмет көрсету сапасын үнемі жақсартып, клиенттерімізге жаңашыл өнімдер мен қызметтерімізді ұсыну арқылы біртіндеп жетеміз».

«Жыл банкі 2009» марапатын иелену – бұл біздің банктің әрбір қызметкерінің және олармен жұмыс жасайтын әрі біздің әрі қарай дамуымызға көмектесетін клиенттеріміздің еңбегі», – деп толықтырады Михаил Ломтадзе. – Мен kaspi bank-інің басқарушы командасын құттықтап, олардың үнемі күш жұмсап, бүкіл уақытын сарп еткені үшін, жеке басын, сондай-ақ кәсіби біліктілігін арттырудағы еңбектері үшін алғысымды білдіремін. Клиенттеріміз бізді ең үздік банк деп атауы үшін күн сайын талпынып, өздерінің табанды еңбегімен банктің дамуына үлес қосқан қызметкерлерге ерекше алғыс айтамын».

«The Banker» (Financial Times) журналының «Жыл Банкі» марапаты – қаржы индустриясындағы ең беделді марапат, ол түрлі елдердегі, аймақтардағы және түрлі санаттағы қаржы институттарына табыс етіледі. Таңдау жасау қаржы институты дамуының сапалы шарттарына, менеджмент сапасына, даму деңгейі мен қазіргі заманғы техникалық инфрақұрылымды енгізуге және болашаққа бет алған стратегияларға негізделген.

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында тұр. Банк тұтыну несиелерін беру бойынша көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы. www.bc.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да тікелей инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы.


Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85
+7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
10 желтоқсан 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер