Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank маңызды әлеуметтік жобаларды қолдауға шамамен 36 миллион теңге бөлді

6 қараша күні Алматы қаласындағы перинатальді орталыққа шала туған сәбилердің өмірін сақтап қалуға арналған арнайы жабдық тапсырылды. Бұл жабдықты сатып алуға kaspi bank «Аяла» қайырымдылық қорына 15 млн. теңге аударды.

Жабдық жаңа туған сәбилердің жан сақтау бөліміне арналған: 15 жан сақтау үстелдері мен 11 CPAP тыныс алу аппараты.

Алматының перинатальді орталығы – еліміздегі аналарға босануға көмек беретін ірі мекеме, онда бір жыл ішінде 7-7,5 мың ана босанады. Алматыда әрбір үшінші сәби осында дүниеге келген.

«kaspi bank-інің перинатальді орталыққа жәрдем беруі бірінші рет емес екенін атап өткім келеді, – дейді орталық директоры Эльмира Жақашева. – Былтыр да шала туған сәбилердің өмірін сақтап қалуға қажетті жабдық сатып алынған болатын. Салмағы не бары 500 грамм болатын сәбилерді күту – асқан дәлдікті қажет ететін процесс, ал ол арнайы жабдықтарсыз, тиісті жағдайларсыз мүмкін емес. 2008 жылмен салыстырғанда биыл перинатальді өлімнің деңгейінің төмендегіні көңіл қуантады».

Жабдықты тапсыру рәсіміне қатысып қайтқан kaspi bank-інің Директорлар кеңесінің басшысы Вячеслав Ким былай деді: «Біздің банктің ең басты құндылықтарының бірі – әріптестік, достық, отбасылық сияқты адами қарым-қатынастарды қолдап әрі нығайтып отыру. Ал кез келген отбасында ең басты бақыт әрі басты қамқорлық – балалар, олардың денсаулығы мен жарқын болашағы. Жүздеген отбасының осындай бақытқа ие болуына жәрдем беріп жатқанымыз үшін біз өте қуаныштымыз».

«kaspi bank серпінді даму үстінде, – деп түсіндіреді Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Жыл бойы kaspi bank сан алуан әлеуметтік жобаларды қолдап отырды. Бұл іске асырылған жобалар Қазақстан тұрғындарының игіліне қызмет етуде, біздің нақты қадамдарымыз – бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарынан kaspi bank-інің бұлжымайтынының шынайы дәлелі.»

Сондай-ақ биылғы жылы банк Алматы және Алматы облысының 5 балалар үйінде компьютер сыныптарын жабдықтады. Банк сонымен қатар Семей қаласында мешіт салу үшін «Семей» қайырымдылық қорына 7 миллион теңге аударды. Банктің клиенті болып табылатын ҰОС ардагерлеріне көрсетілген қаржылық көмек тек биылғы жылдың өзінде ғана 14 миллион теңгені құрап отыр. Жалпы алғанда, 2009 жылы түрлі әлеуметтік жобаларды қолдауға kaspi bank шамамен 36 миллион теңге бөлді.

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында тұр. Банк тұтыну несиелерін беру бойынша көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы. www.bc.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да тікелей инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Үндістан, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85
+7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
11 қараша 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер