Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank ел аумағында өз ауқымын кеңейтуде, табыс табуда және Америкаға қарағанда қауіп-қатерді жақсы бағалайды. 

9 желтоқсанда «Posh» кафесінде «Kaspi Bank» АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе мен банктің Директорлар кеңесінің басшысы Вячеслав Ким жылдың алдын ала қорытындысы туралы әңгімелеп беру үшін және 2011 жылға арналған жоспарлармен бөлісу үшін журналистермен кездесті.

kaspi bank Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе:
Қайырлы күн! Бүгін көптеген қызықты сұрақтарға жауап бере аламын деген үміттемін smile.

Біз осы жылы белсенді түрде дамуды одан ары жалғастырдық. Банк даму үшін инвестициялауды тоқтатпағанын бірнеше рет айтқан болатынбыз және өнімдер, стандарттар әзірлеуді, қызметкерлер құрамын оқытуды және тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсартуды жалғастырды. 

Біз Қазақстан аумағында өзіміздің бөлімшелер желісін белсенді түрде дамыта бастадық. Бүгінгі таңда 30 бөлімше аштық және күн сайын оларды ашуды жалғастыру үстіндеміз. Филиалдық желі «100 жаңа бөлімше» атты үлкен жоба аясында кеңеюде және келесі жылы жүзіншісі ашылатын болады. Осы жылдың аяғына қарай бізде шамамен 200 бөлімше болады, сәйкесінше, сетка мөлшері бойынша біз төртінші орында тұрмыз, жақын арадағы біздің мақсатымыз – көшбасшы үштіктің қатарына ену.

Қаржылық көрсеткіштерге келетін болсақ, дағдарыстан шыға отырып, бір шетінен пайда таба білу де қуантарлықтай жайт. 10 айдың қорытындысы бойынша бізде жақсы нәтиже байқалды және осы жылды тек таза пайдамен аяқтаймыз. Сондай-ақ барлық қаржылық көрсеткіштер бойынша даму серпіні жағымды болмақ. 10 айдың нәтижесі бойынша біздің пайда 1.3. млрд теңгені құрады. Депозиттер бойынша біз көшбасшылардың біріміз, егер бірінші нөмір болмаса депозиттердің өсімі 50%, жылдың аяғына дейін бұдан да жоғары болмақ. Жеке тұлғалар салымының өсімі – халықпен жұмыс істеу, өнімдерімізді сату, жаңа бөлімшелер ашуға инвенстициялау тұрғысынан бұл өте маңызды көрсеткіш,

«Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким:
Бөлімшелердің ашылуы туралы айтқан кезде жаңа пішімде қызмет көрсететін бөлімшелер туралы сөз қозғалады. Тұңғыш бөлімшені ребрендингпен бірге 2008 жылдың қарашасында аштық. Мұндай орындарда бәрі де оңай әрі түсінікті, қарапайым өнімдер және әмбебап менеджерлер. Осы тұрғыда Михаил ақша табудан бөлек, оны жақсы санай алатын және үнемдей алатын нағыз қаржылық гуру. Себебі тек ашылатын бөлімшелердің пішімі ғана емес, сондай-ақ олардың ашылуына жұмсалатын cost (баға) жетілдіріледі. Бұл cost нақты қанша екенін айта алмайтыным өкінішті, себебі бұл ақпарат бәсекелестерге арналмаған smile.
Әзірге Қазақстанның бірде-бір банкі банк бөлімшелерінің мұндай пішімдегі тұжырымымен жұмыс істемейтіндігін айта алам.

Михаил Ломтадзе:
Жақында Қызылорда қаласында соңғы бөлімшелердің бірі ашылды, ол Алматы қаласындағы Орталық стадионда ашылған ең бірінші бөлімше сияқты. Біздің жаңа бөлімшелеріміз стандарт болып келеді: жиһаздан бастап қабырғада ілулі тұрған шам және брендтің сыртқы көрінісіне дейін барлық жерде бір-біріне ұқсайды.

Сұрақ: шығындарды қысқартудың арқасында сіздерде жағымды нәтиже бола ма?

Михаил Ломтадзе:
Бізде келесі жылдың бірінші тоқсанында қаржылық көрсеткіштерді толығырақ әрі егжей-тегжейлі талқылауымызға мүмкіндік болады. Шығындарға қатысты айтар болсақ, операциялық шығыстарымыз кірістерімізбен салыстырғанда өте аз. Шығыстар бір жыл ішінде шамамен 10%-ға өседі деп күтіп отырмыз. Бұл өзіміздің филиалдық желімізді шамамен 30%-ға кеңейткенімізге қарамастан, әр бөлімшеде 4-5 адам жұмыс істейді, соған сай қызметкерлер құрамы үшін шығыстар өсті. Өз өнімдеріміз туралы ақпаратты клиенттерімізге жарнама мен басқа да байланыс құралдары арқылы жеткізу үшін өнімдерімізді белсенді түрде ұсынғанымызды көріп отырсыздар. Бұларға қарамастан біздің операциялық шығыстарымыз мүлдем өскен жоқ. Операциялық шығыстардың өсу қарқыны бойынша біз нарықтағы ең үздік банктердің біріміз деп ойлаймын.

Сұрақ: Қызметкерлерді қалай қабылдайсыздар? Басқа банктерден бе?

Михаил Ломтадзе:
Бөлімшелерімізде тек қарапайым өнімдер болатындай етіп, пішімді таңдап алдық. Біздің өнімдер өзге бактердің өнімдерінен ерекшеленеді, жүйелеріміз бен пішіміміз де, сондықтан басқа банктерден қызметкер алмаймыз деп шештік. Біз жұмыс тәжірибесі жоқ, енді ғана ЖОО бітірген студенттерді аламыз. Оларды үйретеміз, тез өркендеп келе жатқанымызды ескеретін болсақ, жас жігітте немесе бойжеткенде 12 айдың ішінде көтеріліп, бөлім бастығы болатындай үлкен мүмкіндік бар.

Вячеслав Ким:
Көптеген банктер біздің қызметкерлерді «еліктіріп әкеткісі» келетіндігін байқаймыз. Бұл минус, бірақ плюс жақтары да бар. Біздің қызметкерлер арқылы басқа банктерде де қызмет көрсетудің белгілі бір стандарты пайда болады. Жалпы айтқанда, мұндай жолмен біз барлық банк жүйесінің дамуына үлес қосамыз smile.

Сұрақ: қызметкерлерді тұрақты ұстап тұру жайлы не айтасыздар?

Михаил Ломтадзе:
Жаңа қызметкердің бөлім бастығы болу мүмкіндігі 20%-ды құрайды. Көтерілу мүмкіндігі бәрінде бірдей. Бірақ егер адамда ынта болмаса, ол адамның әйтеуір бір күні мансап сатысында алға жылжуына қарамастан, ұстап тұра алмаймыз. Біз нәтиже мен тиімділікке бағытталғанбыз. Біздің басқа банктерден айырмашылығымыз – біз жаңадан қабылдап, оқытып, олардың бойында біз үшін ең маңызды болып табылатын кәсіпқойлық пен адалдықты қағидаларын тәрбиелейміз.

Вячеслав Ким:
Менің ойымша, соңғы 2 жылда фронтта қызмет ету үшін басқа банктерден бірде-бір қызметкер қабылдаған жоқпыз. Ал кетіп қалғандар кейіннен қайта келгісі келді. Бірақ біз қабылдамаймыз. Қағидамыз сондай.

Сұрақ: сіз дағдарыс топ-менеджментке кәсіпқойларды тарту үшін қолайлы уақыт деп айтып өттіңіз. Сіз осы мүмкіндікті пайдаланып көрдіңіз бе?

Михаил Ломтадзе:
Біздің банкте халықаралық команда қызмет етеді. Түрлі жұмыс тәжірибесі бар топ-менеджерлер банктерде және ТМД елдерінде сан алуан бағытта қызмет етеді. Бізде классикалық банкингтен шыққан қызметкерлер аз, сол себептен ол біздің керемет сапа болып табылады деген ойдамын. Шамамен 10% кәсіпқой банкирлер бар, ал қалғандары қаржымен айналысқан, бірақ араласқан түрде. Біздің команда толығымен құралған, біз тек қана клиенттермен жұмыс істейтін жалпы бөлімді белсенді түрде кеңейтеміз. Мүмкін сіз де жақын арада менеджменттің өте кең ортасымен араласа алатын шығарсыз smile. Жалпы айтқанда, біздің банктің негізгі жетістігінің кепілі командамыздың супер болғандығында деп сенемін.

Сұрақ: депозиттер қорландырудың қымбат түрі. Келешекте олармен қалай жұмыс ітейсіздер?

Михаил Ломтадзе:
Біз екі нәрседен бастау аламыз: Нарықтағы жағдайдан және алға қойған мақсатымыздан. Қазіргі таңда депозиттер бойынша ең тартымды мөлшерлеме біздікі. Депозит бізде біреу-ақ, онда ең үздік шарттар жинақталған. Өте қарапайым өнім. Егер әлдекімге жақсы мөлшерлеме керек болса, мархабат! Депозиттер бойынша стратегия тұрғысынан қарайтын болсақ, бізді тек тарту ғана емес, сондай-ақ салымшылармен келешекте де жұмыс істеу қызықтырады. Ол бізге ақша алып келген адам ғана емес, ол басқа да өнімдерді ұсынуға болатын клиент.

Біздің бизнес өркендеп, дамып жатыр. Осы жылы несие портфелі ең аз дегенде 10%-ға өседі, ал келесі жылы 20-30%-ға өсім болмақ. Сондықтан несиелеуді дамыту үшін біз депозиттерді пайдаланамыз. Несие протфелі өскен жағдайда, ақша жұмыс үшін тек «шикізат» болып қалады.

Біз депозиттерді бізді қанағаттандыратын баға бойынша тартамыз. Бізде сыртқы қаржыландыру жоқ, тек FMO (голландық мемлекеттік компания) түскен 45 млн долларға несие желісі ғана бар. Бізде қорландырудың 95%-ы дерлік Қазақстанға кетеді.

Сұрақ: филиал желісін ұлғайтқанда жалпы портфель сапасы төмендеп кетеді деп қорықпайсыздар ба?

Михаил Ломтадзе:
Білесіз бе, мен Интернеттен басқа банктердің ұстанымдары мен газеттердегі хабарландырулар арқылы қандай қызметкерлерді іздеп, жалдайтынын қадағалай отырып, үлкен рақат аламын. Өйткені бұл олардың қандай бизнесті дамытып жатқанынан мәлімет береді. Филиалға аймақтық тәуекел-менеджер керек екенін байқасам, бұл біздің банктің басқаларынан ерекшеленетіндігінің растауы болып табылады. kaspi bank-інде Бас банктен тыс несие бойынша шешім қабылдайтын қызметкер жоқ. 15 минутта немесе 1 күн ішінде несие беру керектігіне қарамастан, барлық шешім бас банкте қабылданады. Бізде шешім қабылдаудың орталықтандырылған жүйесі бар. Бөлімшелер мен филиалдарда кәсіпқой мамандар қызмет атқарады, біз оларды сатылым менеджерлері деп атаймыз. Олар клиенттерге бірінші кезекте қызмет көрсететін қызметкерлер. Олар клиенттерді қарсы алып, өнім жайлы айтып береді, құжаттарды сұратып, жүйеге енгізеді, ал бұдан кейін несие беріледі не болмаса берілмейді – ол клиентпен жұмыс істейтін адамға байланысты. Бізде барлық тәуекелдер орталықтандырылған.

Вячеслав Ким:
Егер логикалық түрде саралайтын болсақ, несиелеу көлемін ұлғайтқан кезде бізде пропорционалдылық сақталып қалады. Яғни 100 несие беріп, оның 5-еуі нашар болса, ал егер 1 000 несие берсек, олардың 50-і нашар болады. Несиелеу көлемін ұлғайту маңызды емес, өйткені шешімді тәуекелдерді орталықтан жүйелі түрде бағалай отырып, Бас банк қабылдайды. Өнімдер – қарапайым, түсінікті және Шешім қабылдау орталығының шешімі қызметкерлердің және басқа факторлардың көңіл күйіне байланысты емес. Шындығына келгенде, Қызылордада немесе кез келген басқа қалада қызметкер жай ғана компьютер алдында отырады, ал сервер Бас банкте орналасқан. Несиені алу жылдамдығы да қарыз алушының бағасы сияқты бірдей.

Михаил Ломтадзе:
Бұрын кейбір қызметкерлерімізде, көптеген қазақстандық банктердегі сияқты, басқа идеология болған. Бірінші кезеңде орта топтағы кейбір менеджерлермен кездесіп: «Сенде неге осындай сапалы портфель?» - деп сұрағанымызда, «Тағы да көбірек несие берем, содан кейін жақсарады», - деп жауап беретін. Бізде қазір мұндай менеджерлер жұмыс істемейді.

Шындығында, тек көбірек несие берсең, сол кезде өсім қарқыны нашар несиелер санын таза автоматты түрде орнын толтыратын қатыныс та бар. Дағдарыс басталған кезде барлығы тоқтап қалды, нашар несиелер барлық банк жүйесі бойынша бірден өскеніне өздеріңіз де куә болдыңыздар, сондықтан соның нәтижесінде банк жүйесінде мерзімі өткізілген берешек ұлғайды. Kaspi bank «үлкен сандар» қағидасы бойынша жұмыс істемейді. Несие алу үшін клиенттеріміздің қолдау пайызы әзірге 50%-ды құрайды. Яғни әрбір екінші адамның несие алуға мүмкіндігі бар. Қызметкерлер құрамымен жұмыс істеу тұрғысынан қарайтын болсақ, бізде шынайы уақыт режимінде ел бойынша бөлімшелерде не болып жатқандығын бейнекамера арқылы көру мүмкіндігі бар. 

Вячеслав Ким:
Тақырыпты жалғастыратын болсақ, «көшедегі» әрбір екінші адам бізден келіп несие ала алмайды. Тек біздің критерийлерге сай келетін, бөлімшелерде несие өтінімін толтырған әрбір екінші адам. Біз бұдан да ары өркендей аламыз. Мысалы, Швецияда тұрғындардың 98% несие алады және оның экономикасы әлемдегі ең мықты әрі тұрақтылардың бірі болып саналады. Біздің елде тұтынушылық сұраныс пен тұрғындардың табысы өскен бойда банктен қосымша қаржы алу мүмкіндігі көптеген қазақстандық азаматта пайда болмақ. Қолдау пайызы жалпы экономиканың өсімен қарай өсуі мүмкін.

Сұрақ: банктегі қазіргі портфель сапасы қандай?

Михаил Ломтадзе:
Барлық портфель бойынша шамамен 10% және бөлшек сауда бойынша шамамен 6%. Бұл Қазақстанның банк жүйесі бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі. Сапа мәселесі өте өзекті. Көпшілігінде біз белсенді түрде дамып жатқандықтан, банк айналасында түрлі делдалдар пайда болады деген елес қалыптасады. Тәуекелдер тұрғысынан қарайтын болсақ, ол біз үшін біздің ішкі операциялық тәуекелдерімізге қарағанда әлдеқайда маңыздырақ.

Делдалдардың қызметі – бұл шешім қабылдауға еш әсер етпейтін алаяқтар қызметі. Алаяқтар несие рәсімдеуге өз көмегін ұсыну арқылы адамдардың аңқаулығын пайдаланады.

Сұрақ: портфельдің сапасымен жұмыс істеу үшін тағы да қандай құралды пайдаланасыз? Қазіргі таңда тұтынушылық несиелеу нарығы белсенді түрде дами бастады және бәрі сенімді қарыз алушыларды іздейді.

Михаил Ломтадзе:
Келесі жылы бәсекелестік арта түседі. Бөлшекті бизнес – жақсы нарық. Оны тез арада тұрғызу қиын. Айына 100 мыңнан несие бере бастаймын деп шешіп, ертең бастап кету мүмкін емес. Егер біреу осылай істесе, кейін міндетті түрде портфельмен байланысты қиындығы болады.

Технологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, kaspi bank – бұл бір жыл бұрын, екі жыл бұрын болған банк емес. Біз үнемі IT-ға инвестициялаймыз. Себебі бөлшекті банк IT компания мен сауда компаниясын қатар алғанда үлкен. IT-да жасағанымызды қайталау үшін бізге көп уақыт керек.

Мұнда көптеген фактор жұмыс істейді: несие беру кезде сатылғаннан кейінгі клиенттермен жұмыс, портфель сапасын басқару, ынталандыру жүйесі, ұйымдастыру құрылымы және басқалары маңызды. Асқан пайда алу үшін осының барлығын бірге тұрғызу – ең қиын міндет.

Кейін онымен жұмыс істеу үшін сенімсіз қарыз алушыны алғаннан гөрі несие бермеген дұрыс деп ойлаймыз. Басынан бастап сенімсіз қарыз алушыны алмау үшін біз көп тер төктік. Мысалы, бірінші төлемді төлемеген қарыз алушылардың пайызы сияқты көрсеткіш бар. Бізде ол 0,5%-дан 1%-ға дейін құрайды. Бұл деректерді рейтинг агенттіктерінің біріне көрсеткен кезде, олар Американың өзінде мұндайды көрмегенін айтты. Бұл көрсеткіш біздегі әлем тәжірибесіндегі ең үздіктің бірі және бұл біздің даму сатысындағы нарықта орналасқанымызға және елдің енді ғана дағдарыстан шыққанына қарамастан.

Сұрақ: 2011 жылы банктік нарықтың өсуі сіздің күтуіңіз бойынша қалай болмақ? Қазіргі таңда тұрғындардың тұтынушылық несиелеуге сұранысы қандай?

Михаил Ломтадзе:
Біріншіден, тұтынушылық несиелеу әр түрлі болады. Таяу арадағы 12 айда іске асырылатын кейбір сегменттер бар. Оны жасау үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар, бірақ біз үшін басымдылық – қазір бар өнім желісі.    

Біздің бизнес тұтынушылық сұранысқа шамалас дамитын болады. Сұранысты бір жыл бұрын электроника дүкендерінде, кафеде, сауда орталықтарында қандай зат болғанымен салыстыруға болады. 12-15 ай бұрын уақытқа қарағанда алға жылжу әлдеқайда жоғары, онымен көпшілігіңіз келіседі деген үміттемін. Өзіміздің ағымдағы тұтынушылық қажеттіліктерімізді қаржыландыру тұрғысынан қарайтын болсақ, адамдардың көбі өздерін сенімді сезінеді. Сауда желілері келесі жылы орташа есеппен 30%-ға өсуді жоспарлап отыр. Демек, егер тұтынушылық несиелеу нарығы туралы жалпы айтатын болсақ, онда ол 30-40%-ға өсуі мүмкін. Бірақ kaspi bank одан да жоғары өседі smile.

Вячеслав Ким:
kaspi bank дағдарыс кезінде қарызды қайта құрылымдаумен де, басқа банктер сияқты сенімсіз қарыз алушылар тобымен жұмыс істеумен де, құрылыс компанияларының мәселелерімен де айналыспады.
Тұтынушылық сұраныстың қалпына келгенін біз тіпті күлімсіреген жүздерінен көре аламыз. Тұрғындардың негізгі бөлігі ақшасынан айырылған жоқ, олар экзотикалық биржа құралдарына ақша салмады, ақылға қонымсыз мәмілелерге қатыспады. Сондықтан дағдарыс толқыны әлсіреген кезде адамдар зат сатып алуға аз ақша жұмсай бастады. Егер бұрын ол жалақының 10%-ы болса, қазір 20-30%.

Банк бұл уақыт аралығында ауқымды мәселелерді шешумен айналыспады, тек ақырын ғана бөлшекті бизнесін құрды, технологияларға инвестициялады, адамдарды оқытты, ребрендинг өткізді және желіні кеңейту жобасын бастады.

Михаил Ломтадзе:
Біз бір жыл бойы жаңа бөлімшелердің стандартын дайындадық және оны тіптен үстелдің өлшеміне дейін үнемі жақсартып отырдық, осыдан кейін ол қандай болмақ smile.

Сұрақ: дизайнерлер жалдадыңыздар ма?

Вячеслав Ким:
Бізге бөлімшенің, арманымыздағы бөлімше пішімін таныстырған кезде, ең алғашқы жиһаз туралы ұсыныс яхтаға арналған корпустар дайындайтын компаниясыдан болды. Ол кез келген пішімді қабылдайтын көп қабатты пластик қорытпасы. Үлкен болып көрінеді және smile… өте қымбат тұрады.

Ортақ тұжырымды қоя тұрып, қызметкердің компьютердің алдында қалай отыру керектігінен бастап, клиенттің қалай отыру керектігін, оған өтінімді толтыру қолайлылығына және т.б. дейін, эргономика мәселесіне назар аудардық.

Сұрақ: банктің капиталдандыруын өсіресіздер ме?

Михаил Ломтадзе:
Бізде капиталдандыру өте жақсы.

Вячеслав Ким:
Бұл орынсыз ақша салу. Ақша жеткілікті болса, капитал мөлшерін 5 есе өсірудің не қажеті бар. Не үшін?

Сұрақ: келесі жылы несие бойынша мөлшерлемелер пайызы қалай болмақ? Олар төмендетіледі деп айтып жүр ғой.

Михаил Ломтадзе:
Несиенің құнына сұраныс пен конъюнктура әсер етеді. Біздің саясат өте икемді. Өз өнімдеріміздің қаншалықты сұранысқа ие екендігі, бәсекелестерге олардың өнімдері бізге қаншалықты әсер ететіндігі тұрғысынан қараймыз. Өз өнімдерімізді үнемі өзіміз және серіктестер көмегімен де жақсартып отырамыз.

Өткен жылы барлық ірі сауда желілерімен «артық төлем 0 теңге» талапта сауда несиесін бастамаға алуды шештік. Қазіргі таңда бұл сегменттегі нөмір бірінші ойыншымыз. Егер адам дүкеннен 10 мың теңгеге тауар көріп, оны біздің несие көмегімен алса, ол тура 10 мың теңге төлейді. Яғни артық төлемсіз. Бұл өнімге қатысты әртүрлі алыпсатарлық бар (бәрібір банктің комиссиясы болады, ал желілер бағаны көтереді және т.б.) Тоңазытқыш 100 мың теңге тұрады, сіз оны сатып алып, 6 айда 100 мың теңге төлейтініңіз факт. Бұл айқын өнім.

Барлығы «неліктен нөл?» - деп сұрайды. Бірақ мен адамдардың менің кірісімді немесе банктің кірісін осы тұрғыдан санайтынын түсінбеймін. Біздің банк қарызы шартында нөл теңге ме, әлде нөл емес пе, мен сауда желісін жеңілдік беруге көндіре алдым ба немесе сауда желісі мені көндіре алды ма – бәрібір емес пе. Сіз құны 100 теңге тұратын стаканды несиеге сатып алып, тура сондай қылып қайтарып бересіз.Бұл тұтынушылар үшін жақсы мүмкіндік, әлде олай емес пе? Желілердің жеңілдік бере бастағаны, біздің осы өнімнен түсетін пайдамызды азайтып, тұтынушыларға жаңа техниканы артық төлемсіз алуға мүмкіндік бергеніміз артықшылық болып табылады.  

Индустрияда бір жыл бойы «артық төлем 0 теңге» стандарт өнімінің пайда болуына қол жеткіздік. Бұрын акцияға бару үшін бір желіден екіншісіне жүгіріп жүру керек болған, ал қазір ол маңызды емес, қайда барсаңыз да, kaspi bank қызметкерлері отырған барлық жерде айқын «артық төлем 0 теңге» болады.

Сұрақ: Sulpak компаниясымен жұмыс істейсіздер ғой? Бұл желімен жұмыс істеу болшағын қалай бағалайсыздар, себебі оларда басқа банкте қарыз бойынша қызмет көрсетуде проблема бар емес пе?

Вячеслав Ким:
Бүгінгі таңда Sulpak-қа өте кәсіби команда келді. Казкоммерцбанкпен болған келеңсіздіктер бұрынғы акционерлерге қатысты.

Михаил Ломтадзе:
Қазақстан бойынша жұмыс істейтін шамамен 1,5 мың дүкеніміз бар. Қазақстандағы барлық ірі желілерде шамамен 30-40 дүкен. Осы жағынан Ресейден өте ерекшеленеміз. Кеше ғана келесі жылға арналған жоспар бойынша бір желімен кездестік. Олар біздің сатылымдағы олардың үлесі айтарлықтай аз болғандығына таңғалды, алайда олардың сатылымындағы біздің үлес 50%-ды құрайды, сондықтан біз клиенттерімізге «артық төлем 0 теңге» керек, сол себепті біздің акциямызды қолдаңыздар деп айттық. Айтпақшы, Ресейге қарасаңыздар болады, оларда клиенттерге Қазақстанның сауда индустриясында бар «артық төлем 0 теңге» акциясының талаптары берілмейді.

Вячеслав Ким:
Егер тұтынушылық несиелер жайлы айтар болсақ, әлеуеті өте жоғары, әңгіме тек тұрмыстық техниканы ғана емес, сонымен бірге жиһаз, құрылыс материалдары, киім және т.б. туралы. Батыста барлық жерде төлем жасайтын несие картасы ғана болғандықтан, онда тауар несиелері жоқ. Алайда бұл кезеңге дейін жету үшін көптеген сатыдан өту керекпіз. 4 жыл бұрын несие карталарының даму әлеуетіне қараған кезде, Қазақстанда 1 мың адамға шамамен бір несие картасынан келген. Бұл әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі болды.

Сұрақ: ШОБ-тың сіздерде қандай үлесі бар және оларға қандай несие мөлшерлемесін ұсынасыздар?

Михаил Ломтадзе:
Несие портфелі өте қарапайым. Шамамен 40%-ға жуық. Бұл корпоративтік бизнес. Ал қалған 60% мынадай екі құрамаға бөлінеді: 30% – көпшілікке бөлшекті несие, 30% - біз жұмыс істейтін несие портфелі «бұрынғы бөлшекті несие» деп аталатын ШОБ.

ШОБ-ға қатысты мөлшерлемеге келетін болсақ, нарық бойынша қарыз алушыға байланысты 12%-дан басталады. Оның үстіне мөлшерлеме ШОБ үшін қарыздарды қайта құрылымдау үшін белсенді түрде мүмкіндік берген «Даму» қорының бағдарламасының арқасында жақсы түзетілді.

Вячеслав Ким:
Мен бір нәрсені айта алам. Банктер – техника, тауар және т.б. сатумен айналысатын бизнес сияқты жеке бизнес. Ұстанымы мен тәсілі бірдей. Барлық жеке кәсіпкерлер ақша тапқысы келеді. Демек, мөлшерлемелерді реттеу, оларды төмендету немесе көтеру нарыққа байланысты. Түсіндіре кетейін. Қазіргі таңда бөлшек саудада бәсекелестік күшеюде. Сондықтан банктер алғашқыда өз өнімдерін жетілдіреді, содан кейін ғана пайыздық мөлшерлемелерді төмендету сияқты қаруды қолдана бастайды. Себебі бағаны түсіру өте оңай, бұл факт, ал көтеру өте қиын.

Сұрақ: қазіргі уақытта өнімдер қаншалықты жетілдірілген?

Михаил Ломтадзе:
Мен мұндай жағдайда Фордтың сөзін еске аламын. Мәнісі мынадай: егер адамнан тез жүргісі келе ме деп сұрасаң, ол екінші ат сұрайтын еді. Ал Форд болса автомобильді ойлап тапты.

Егер маркетологтарды жинайтын фокус-топтан сіз үшін депозиттер мен несиелер бойынша не маңызды деп сұрайтын болсақ, олар үшін депозиттер бойынша 100%, ал несие бойынша 0% төлеу ең маңызды критерий мен құндылық болып табылады. Бірақ бұның іске аспайтыны түсінікті smile.

Сондықтан біздің мөлшерлемелер қарыз алушыға, өнімге, талапқа байланысты қалыптасады. Егер біз несиелеудің бұл сегментіне барсақ, келешекте аймаққа, кепілге байланысты болады.

Біз кейіннен кепілді сатумен айналысу үшін несие бермейміз, бізде ондай идеология жоқ. Бізде аздаған сомада тұтынушылық несиелеу бар және біз тәуекелдерді бағалай білеміз. Егер адамның несиені қайтару пайызы «Х» құраса, біз бұл тәуекелге баруға дайынбыз және біздің модель тәуекелді дұрыс бағалайтынымызды растайды. 

Бұрын берілген ескі кепілді несиелері қазіргі таңда біз жұмыс істейтін жаңа көпшілікке арналған бөлшек сауда сапасынан төмен екендігін айта аламын. Әрі біздің көпшілікке арналған бөлшек сауда сапасы барлық банк жүйелеріне қарағанда жақсы.

Сұрақ: Банк өздеріңіз жоспарлап отырған IPO-ға қашан шығады?

Вячеслав Ким:
Барлығы инвесторлардың тәбетіне байланысты. Барлығыңыз инвесторлардың қазақстандық банктерге қалай қарайтынын жақсы білесіздер.Бірнеше банк қарызды қайта құрылымдаудан өтті, қалғандары өтіп жатыр, соған сай бұл біздің банкке де әсер етеді. Бұл жағдай не IPO-ға шығу, не сіздермен бірге қартаю стратегиясын көрсетеді smile.

Сұрақ: ресми тұлғалар банктердің қарыздарды қайта құрылымдауы керемет өткенін, инвесторлардың ешқайда кетпейтінін, жарты жылдан кейін келіп, келешекте бұрынғыға қарағанда көбірек ақша әкелетінін айтады.

Михаил Ломтадзе:
Бұл факт.

Вячеслав Ким:
Михаилдың тікелей инвестиция қорында елеулі жұмыс тәжірибесі бар. Оның айтуынша, инвесторлардың стратегиясы өте қарапайым және ұялатындай: сараңдық пен қорқыныш. Яғни нарық төмендеген бойда инвесторлар жүгіреді, бұл кезде ақшадан айырылады, бірақ олар тура сондай жылдамдықта, егер одан да жылдам болмаса, қайтарылады. Ресейдегі 1998 жылғы кризис соны растайды. Көптеген инвестициялық банктер жабылды, бірақ қандай да бір пайданың иісі сезіле бастағанда, тез арада қайта оралды. Шындығына келгенде, қазақстандық банктердің қайта құрылымдалуы өте сәтті өтті. Әлемде ұқсастықтар көп емес, мұны барлық кәсіпқой мамандар айтып жүр. Біздің мемлекеттік менеджмент әдемі және сәнді түрде елдің ірі банкінің қайта құрылымдалуы сияқты нарықтық мәселені шешуді үйренгеніне, шынымды айтсам, қатты таңғалам және шын ниетіммен массаттанамын. Басымды иемін.

Сұрақ: яғни сіздерде келесі жылы IPO болады деген түсінік жоқ болып тұр ғой?

Михаил Ломтадзе:
Жалпы алғанда, тәуелді болатын ешқандай мерзім бізде жоқ. Қазіргі таңда нарықтың кез келген жаңалыққа қалайша реакция танытатынын өздеріңіздер де көріп жүрсіздер. Барлығы соншалықта тұрақты емес, баға да өсіп жатыр. Бұл барлығының материалды және кепілдендірілген бір нәрсені көргісі келетінінің белгісі, ал қалғандары болса сұранысқа ие емес. Келесі жылы нарыққа капиталды қайтару болады деп жатыр. Жақсы болар еді. Егер біз капитал нарығының қаржы нарығын бірдей бағалай бастағанын көрсек, біздің стратегия қосымша капитал талап етеді және акционерлер мұны іске асыруға дайын болады, біз IPO-ны қарастырамыз. Алайда бұл 12 айдың болашағы емес, бұл 3 жылдың орташа мерзімді болашағы.

Сұрақ: ал халықаралық өзара байланысқа, еуробондтар мен синдикаттарға қалай қарайсыздар?

Михаил Ломтадзе:
Қорландыру тұрғысынан қайрайтын болсақ, бірінші болғымыз келмейтінімізді нақты айта алам. Біз кімнің бірінші болатындығын көргіміз келеді және бірдей түрде бағалана алатындай ірі банк болғаны дұрыс. Бүгінгі таңда біздің стратегиядан несие портфелінің өте қарқынды өсімін көре алмайсыздар. Бізге көп ақша қажет емес.

Сондай-ақ барлығы қорландыру бағасына байланысты. Біздің акционерлер құрылымымен және бизнес-модельмен мәмілеге келу оңай болады. Қазіргі сәтте біз өте көп немесе аз ақшаның болмауын жоспарлап отырмыз. Келесі жылдың бірінші тоқсанында аудит жүргізілген деректерді көріп, пайыздық кіріс өсімі мен пайыздық шығыстың өсімін салыстыра аласыздар. Бұл әсерлі болады деген ойдамын.

Сұрақ: ал егер бұл IPO болмаса, стратегиялық инвесторды тарту қаншалықты мүмкін болады?

Михаил Ломтадзе:
Иә, біз қандай стратегиялық инвесторға өзіміздің ноу-хауды ұсынатынымыз жайлы ойландық. Алайда әлі күнге дейін тартқымыз келетін стратегті таппадық smile.

Вячеслав Ким:
Бұл IPO немесе сатылымға қатысты соңғы 3-5 жылдың қазіргі заманғы лебі деп айтса болады. Акционерлер дивиденттерден жаман ақша таппайды. Стратегияның мұндай нұсқасы көңілдеріңізден шықпай ма? smile

Михаил Ломтадзе:
Стратегиялық инвестордың құндылығы неде? Ылғи да бұл ақша, технологиялар мен менеджмент. Акционерлерде ақша бар. Менеджментке қатысты айтатын болсақ, стратегиялық инвесторлардың қатысуы арқылы нарықта елеулі алға жылжушылықты мен әлі көрген жоқпын. Дәл қазір біз стратегтан қаншалықта пайда көретінімізді көрмей отырмыз.

Сұрақ: ақша табуға қатысты. Сіз жылды пайдамен жабуды жоспарлап отырғаныңызды айттыңыз, дәл қандайымен екенін білесіз бе?

Михаил Ломтадзе:
Біз мұндай болжамдар жасамаймыз. Сізге айтсам, 5 минуттан кейін Интерфакстен өз банкім туралы барлық жаңалықты біліп отырамын smile.

10 айдың нәтижесі бойынша пайда болады. Не бары 2 ай қалды. Ғажайыптар болмайды, сондықтан шамалап есептеуге болады. Біздің барлық көрсеткіштердің айқын болатынын атап айтқым келеді. Бір жағынан біз бүгін айтылған негізгі бизнесімізді дамытып жатырмыз. Банкте тарихи тұрғыда келе жатқан бұрынғы портфель және бизнеспен жұмыс істейміз. Сондай-ақ біз провизия қалыптастырамыз, себебі бізде олардың жасалуын талап ететін қолданыстағы белсенді несиелеу бар.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер