Талдықорған: + шағын офис
25 қазан күні Талдықорған қаласындағы орталық базардың қақ ортасынан kaspi bank-інің шағын офисі ашылды. Банктің стандарттары бойынша мұнда клиенттерге несие карталары, банкоматты пайдалану мүмкіншілігі, сондай-ақ kaspi bank-інің барлық бөлшек өнімдері бойынша кеңестер ұсынылады. Клиенттерді аптасына 7 күн күтеді.
Бұл Талдықорғанда ашылған жаңа пішімде қызмет көрсететін үшінші бөлімше. Kaspi bank өз клиенттері үшін жаңа бөлімшелерді ашуды жалғастыруда.
Бөлімшенің мекенжайы:
Талдықорған қ. Гауһар ана к-сі, 104/106-үй