Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Қазақстанда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша
ауқымы кең науқан басталады

20 қараша 2013 ж., Алматы қ.

Қазақстанда «Қаржы туралы ақпарат» атты халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша ауқымы кең науқан жүзеге асырылмақшы. Бұл жоба kaspi bank-пен «Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы» (ХЭСО) ҚҚ бірлесуімен қолға алынбақ. Бастаманың аясында Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы мен kaspi bank ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, қалың жұртшылыққа жыл сайын 20 қарашаны «Қазақстандағы қаржылық сауаттылық күні» деп жариялауды ұсынды.

«Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы» ҚҚ – халқымыздың қаржылық сауаттылығының арттыруды мақсат тұтқан Қазақстандағы алғашқы үкіметтік емес ұйым. Қордың миссиясы – жеке қаржылық қауіпсіздік пен әл-ауқатты қамсыздандыруға мүмкіндік беретін шешімдерді қабылдау бойынша адами әлеуетті дамыту; мемлекеттік органдардың, депутаттардың, бизнес-бірлестіктердің, БАҚ-тың, сарапшылардың біліктілігі мен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесіне қызығушылықтарын арттыру. Орталықтың бағалауы бойынша жоғарыда аталған қаржылық сауаттылық жөніндегі науқан 2 млн. астам қазақстандық азаматтарды қамтитын болады.

- Бұл бірлескен бағдарламаның мақсаты – қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыру жолында белсенді әрі жүйелі түрде жұмыс істеу және бұл үрдіске мүдделі мемлекетттік органдарды, депутаттарды, бизнес-бірлестіктерді, жетекші сарапшыларды, БАҚ-ты тарту, - деп мәлімдеді Салтанат Жарасова, Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығының тең құрылатайшысы. – Бұл маңызды әлеуметтік бастаманы Қазақстандағы жетекші бөлшек банк kaspi bank-тің бірінші болып қолдағанына біз ерекше разымыз, және де бұл үлгіге басқа да танымал компаниялар қосылады, деп үміттенеміз.

Тәуелсіз 20 жылда азаматтардың аз ғана бөлігі бүгінгі таңда нарықта ұсынылатын қаржылық өнімдер мен қызметтен хабардар, сондай-ақ өзінің жанұялық бюджетін сауатты жоспарлап, өзінің жеке қаржысы тұрғысынан дұрыс шешімдер қабылдай алады. Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығының басшылары - Салтанат Жарасова мен Гүлмира Арбабаеваның айтуынша, дамыған елдерде тұрғындар жүздеген қаржылық өнімдер мен қызметті пайдаланады, ал Қазақстанда барынша танымал 10 шақты ғана қаржылық өнім бар: «Жүргізілген зерттеулерге сай сұрақ-жауап алынған қазақстандықтардың 90%-дан астамы банктік өнімдерді пайдаланады. Олардың ішіндегі ең танымал дегендері 5 негізгі банктік өнім: жалақылық карта, коммуналдық төлемдер, тұтынушылық несие, мерзімді салым және несие картасы. Яғни бүгіннен бастап-ақ ең танымал өнімдерге көңіл бөліп, халықты болашақта туындайтын барынша күрделі қаржылық өнімдерге дайындай аламыз».

- Нарықтағы көшбасшы ретінде біз еліміз үшін маңызды бұл бастаманы үлкен дайындықпен қолдаймыз және бүкіл қаржылық бірлестікті еліміздегі қаржылық сауаттылықты арттыруға белсенді түрде қатысуға шақырамыз, - дейді kaspi bank-тің Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе. – Мықты банк секторынсыз берік экономиканың болуы мүмкін емес. Және де қаржылық өнімдерді пайдаланған кезде саналы түрде шешім қабылдайтын қаржылық білімі бар, сауатты клиенттерсіз мықты банк секторының болуы мүмкін емес. Біз адамдардың өмірін жақсартып, өзінің клиенттерімен бірге дамып отыратын мықты, озық әрі инновациялық қаржы секторын құрғымыз келеді. Бұл үшін біз күш-жігерімізді Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығымен, басқа банктердегі серіктестерімізбен, қоғаммен және жетекші сарапшылармен біріктіріп, еліміздегі қаржылық сауаттылықтың деңгейін арттыру үшін бар күшімізді салғымыз келеді.

Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы жақында ірі масштабты ұлттық зерттеу жүргізуді (1200-ге жуық респонденттің қатысуымен) жоспарлап отыр, оның нәтижесінде 2014 жылы елімізде қаржылық қызмет туралы білімді арттыруға ықпал жасайтын «Қаржы туралы ақпарат» атты науқан басталады. Қазірдің өзінде әрбір тілек білдіруші www.economgramota.com сайтына кіріп, өзінің қаржылық IQ деңгейін анықтау үшін кішігірім тестілеуден өтуіне болады.

Сонымен бірге жеке қаржы туралы портал ашу көзделуде және бағдарламаның аясында Сарапшылардың қоғамдық кеңесі құрылады, оған белсенді өмірлік ұстанымы бар, әрі осы ауқымды әлеуметтік жобаға өзінің оң үлесін қосқысы келетін танымал адамдар шақырылады.

Қордың орта мерзімді жоспарында – бірқатар көпшілік және ақпараттық-түсіндірмелік семинарларды, соның ішінде әлімдегі ең танымал қаржы сарапшыларын тарту арқылы өткізу, миллиондаған таралыммен мамандандырылған әдебиеттерді шығару, қазақстандық қоғамдық қордың Қаржылық білім берудің халықаралық желісіне (INFE) енуі және т.б.

Анықтама үшін:
Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы халықтың жеке бюджетке қатысты негізді шешімдер қабылдаған кезде орынды қаржылық мінез-құлқын қалыптастыруға және қаржылық қызметтің тұтынушылары ретінде олардың құқықтарының тиімді қорғалуын арттыруға ықпал жасауға; қаржылық өнімдер мен қызметті жеткізушілердің тұтынушыларға қатысты әлеуметтік жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға, қызметті сатудың және көрсетудің айқын әрі алдын ала дайындалып қоймаған үлгілерін жасауға; елдегі азаматтардың қаржылық сауаттылығы мен инвестициялық мәдениетін арттыру мәселесінде мемлекеттік органдардың, МЕҰ мен бизнес-бірлестіктердің ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.

ҚҚ-ның міндеттері – елдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, тиісті жобаларды жасау және оларды іске асыру арқылы халықтың қаржылық сауаттылық мәселе жөнінде хабардар болуын қамтамасыз ету.

Ұйымның қамқоршылық қорына қаржы нарығының белгілі сарапшылары, еліміздің жетекші журналистері енді.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер