Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank-інің қаржы кеңесшілері миллионыншы қоңырауға жауап берді

kaspi bank-інің қаржы кеңесшілеріне тұтынушылық несиесін қалай жылдам ресімдеуге болады деген сұрағымен қоңырау соққан Тараз қаласының тұрғыны өз қоңырауының миллионыншы болатынын сезген де жоқ. Бар болғаны 1 минуттың ішінде ол несиелеудің біршама тиімді бағдарламасы жайлы толық ақпаратты, несие сомасының алдын ала есебін, сондай-ақ өтінімді ресімдеу үшін жақын арадағы бөлімшенің мекенжайын алды.
kaspi bank-інің қаржы кеңесшілері қызметі 3 жыл бұрын құрылды. Кaspi bank әлеуетті күші күн сайын 10 мыңға дейінгі қоңырауды өңдей алатын қымбат бағалы жабдықты сатып алды. Арнайы құрылған командаға барлық банк өнімдері мен банк қызметтері туралы сапалы кеңес беру міндеті жүктелетін дипломы бар жас қаржыгерлер шақырылды.
Қазіргі уақытта өз сұрақтарымен kaspi bank-інің қаржы кеңесшілеріне күн сайын 3,5 мың қазақстандық қоңырау соғады. Қызметтің тегін нөмірлері арқылы қоңырау соққан клиенттердің 93% өз қоңырауларына 5-7 секундтың ішінде жауап ала алады.

– Біз ең үздік әлемдік үлгілермен жұмыс жасаймыз: тәуліктің кез келген уақытында ұялы телефоныңыздан тегін 9999 нөмірін теріп, клиент жылы жүзді кәсіби менеджердің жанды даусын естиді, – дейді kaspi bank-інің басқарушы директоры Павел Миронов. – Бар және ықтимал клиенттерді анықтамалық-ақпараттық қолдау бір қоңырау деңгейінде тәулігіне 24 сағатты, жылына 365 күнді құрайды.

Қаржы кеңесшілері несие және депозит өнімдері жайында сапалы ақпаратты беріп қана қоймайды. Оларға қоңырау соғып, әрбір тілек білдіруші салымын ашу үшін әрі оны толықтыру үшін өзіне ыңғайлы уақытқа алдын ала жақын арадағы бөлімшеде кездесу уақытын белгілей алады. Несие өнімдеріне қызығушылық білдірген клиенттер өзінің ұялы телефоны арқылы 9999 нөмірін теріп, несие сомасының немесе несие лимитінің алдын ала есебін ала алады.
 
– Қаржы кеңесшілерінің арқасында біз клиенттерге ең үздік өнімдер мен қызметтерді ұсыну үшін қазақстандықтардың қажеттіліктерін тереңірек түсінеміз, – дейді басқарушы директор Павел Миронов.

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 43 млрд. теңге шамасындағы біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында тұр. Банк тұтыну несиелерін беру бойынша көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы. www.bc.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да тікелей инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді.  Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта: ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85
+7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
5 қазан 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер