Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

9.05

6,5 мыңнан астам ҰОС ардагері kaspi bank-інен 5 мың теңгеден алатын болды

«Kaspi Bank» АҚ Жеңіс күні құрметіне банктің клиенті болып табылатын Ұлы Отан соғысының 6,5 мыңнан астам ардагері мен тыл еңбеккерлерін қаржылық қолдау мақсатында 34 млн. теңге бөліп отыр.
 
«Kaspi Bank» АҚ қызметкерлері банктің клиенті болып табылатын әрбір ҰОС ардагерінің қолына 5 мың теңгеден тапсырады. Бұл үшін ардагерлер банкке шақырылады немесе қажетінше қаражат үйлеріне апарып беріледі.

– Біз қиын-қыстау заманды басынан кешіріп, соғысты жеңген және өскелең ұрпаққа жұмыс істеп, болашағын құруға мүмкіндік берген осы аға буын өкілдеріне үлкен құрметпен қараймыз, – дейді kaspi bank-інің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Қалыптасқан дәстүрге сай банк бүкіл Қазақстан бойынша 6,5 мыңнан астам ардагер-клиентке материалдық көмек көрсетеді.
 
2011 жылы банк 4,4 мыңнан астам ардагерге көмек ретінде 22 млн. теңге шамасында қаржы бөлген. Биыл kaspi bank клиенттерін қаржылай қолдау мақсатында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар адамдарға 34 миллион теңге бөлді.

kaspi bank ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды!


«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ шамамен 431 млрд. теңге активтерімен және 50 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктердің ондығына кіреді. Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсету сегментінде көшбасшы орында тұр. «Kaspi Bank» АҚ инвесторы – Baring Vostok Capital Partners жетекші инвестициялық компаниясы басқаратын Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД елдеріндегі инвестицияларға мамандандырылған. АҚШ-тың, Батыс Еуропа мен Азияның зейнетақы және университеттік қорлары Бэринг Востоктың ұзақ мерзімді инвесторлары болып табылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 56 жобаға $1,6 млрд инвестициялады, олардың арасында қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен медиа, тұтынушылық сектордағы бірқатар табысты компаниялар бар. Қазіргі таңда қорлардың тартылған капиталы $2,2 млрд құрап отыр. Бэринг Восток 2005, 2006, 2007, 2008, 2009 және 2010 жылдары Private Equity Online және Private Equity International оқырмандарының пікірінше «Жылдың тікелей инвестициялар бойынша Ресей компаниясы» болып танылды. Бэринг Восток қорларының жобалары арасында: СТС Медиа, Голден Телеком, Яндекс, Гэллери Групп, Озон, Энфорта, ЦФТ, ЭР-Телеком, Баррен Энерджи, Волгагаз, Жайықмұнай, kaspi bank, Восточный экспресс банк, Европлан және көптеген басқа ұйымдар бар. 2011 жылы Бэринг Востоктың Яндекске салған инвестициясы Investor Allstars Venture Capital Awards-тың пікірінше ең үздік венчурлық инвестиция болып танылды.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі: 1376)
Эл. пошта: ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7 (701) 223 87 85

Алматы, Қазақстан:
3 мамыр 2012 ж
.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер