Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Михаил Ломтадзе kaspi bank стратегиясы мен Қазақстанның экономикасы жайында

kaspi bank депозиттегіден гөрі көбірек ақша табуды көздейтін адамдарға акцияларын сата ма? Алдағы жылы жаңашыл өнімдер өндіріледі ме және тұтынушылардың сұранысы нендей күйде? kaspi bank басшысы Михаил Ломтадземен болған сұхбатты оқыңыздар.

«Алматы» телеарнасында қаржы туралы жаңа бағдарлама ашылды. Оның алғашқы қонағы болып гарвардтық білімі және халықаралық тәжірибесі бар қазақстандық банкир, kaspi bank-інің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе таңдалды. «Деньги за работой!» бағдарламасында қойылған сұрақтарға kaspi bank басшысының берген жауаптарын Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

- Жұрттың барлығы «дағдарыс» деп дабыл қағуда, ал мұнайдың бағасы өсіп жатыр. Сіздің көзқарасыңыз бойынша, қазақстанның экономикасы қандай күйде, неліктен өсім жоқ, бүгінгі күні не себепті тек сіздердің банктеріңіз ғана осындай нарықтық жағдайда белсенді түрде дамып келе жатқан бірден бір ойыншы болып отыр?

Михаил Ломтадзе- Бүкіл әлемдік экономикада, сондай-ақ Қазақстанда да өсімнің негізгі қозғаушы күші тұтынушылардың сұранысы болып табылады. Қай уақытта болмасын кез келген ішкі экономиканың дамуына тұтынушылардың сұранысы негіз болады, қарапайым адамдар тауарды өздерінің қаржылық мүмкіндіктерінің есебінен немесе, мысалы, несиеге сатып алса, онда нәтижесінде олар бүкіл нарықтың: өндірушілердің, сатушылардың, барлық ШОБ өкілдерінің тізбегіне дұрыс жұмыс жасауға және дамуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні бүкіл әлемде осы жаһандық дағдарыстан шығудың жолдары қарастырылып отыр және Қазақстан мұны бірінші болып сезінеді деген ойдамын. Қазір жағдайымыздың біршама жақсарып қалғанын сенімді түрде айтуымызға болады, алайда ол қазақстандықтар тарапынан тауар мен қызметке деген сұраныстың қаншалықты жылдам қалпына келетініне және өсетініне байланысты болмақ.
Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның үлкен іргелі қоры – табиғи ресурстары бар. Олардың бағасы осыдан 2 жыл бұрынғыдай жоғары болмаса да, мемлекеттің инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырғанға өзіндік қаржы көздері көбірек пайда бола бастайды. Өз кезегінде, үлкен жобалар:
- тұтынушылар сұранысын қолдауға;
- бір-екі жыл өткен соң жасалған инфрақұрылымның (мысалы, жақсы жолдар) деңгейінде экономикалық өсімді тиімді дамытудың іргетасын қалауға себепкер болып табылады.

- Сіздер ірі корпорациялармен емес, бөлшекті сегментте, қарапайым тұтынушылармен жұмыс жасайсыздар. Экономиканы қолдауға бағытталған «жол картасы» мен басқа да мемлекеттік жобалар жүзеге асырыла бастаған уақытта сіздер тұтынушылық сектордағы жағдайдың жақсарғанын сезіндіңіздер ме?

- Мұны біздің «Сулпак», «Технодом», «Электроника әлемі» және басқа да көптеген ірі сауда желілерімен серіктестігімізден көруге болады деп ойлаймын. Біз бірлескен акцияларды өткізген және банк тұтынушылық несиелері бойынша үздік шарттарды ұсынған кезде олардың сатылымы 30-50% артады. Сатылымның артуы бұл сауда желілеріне келесі айда мұнан да көп тауар сатып алуға және тұрмыстық техникалардың түрін әлі де көбейтуге мүмкіндік береді. Соған сәйкес, сөрелерде тауарлар көбейе салысымен, адамдар белсенді түрде сауда жасайды. Ал біз, өз тарапымыздан, банк ретінде қазақстандықтарға қолында бар қаражатқа ала алатын тауардан жақсырақ тауарды, тіпті «артық төлемсіз» сатып алуға көмектесеміз.

- Михаил, дағдарыс мәселесіне қайта оралсақ, жалпы біздің елімізде шын мәнінде дағдарыс болды ма өзі? Қазақстандағы дағдарыс бұрмалаушылыққа көбірек ұқсайтын сияқты!

- Ешбір экономика ағылып жатқан миллиардтаған доллардың бірден толастағанына бейжай қарай алмайды. Халықаралық қаржы нарығындағы қиыншылықтардың нәтижесінде, біз Қазақстанда дәл осы жағдайға куәгер болдық. Егер сырттан қарыз тартылмағанда және банктердің ақшасы жеткілікті болғанда, олар бұрынғыша тұтынушылық индустриясын қаржыландыруды жалғастыра беретін еді, онда, дағдарыс салдары елімізде айтарлықтай сезілмес еді. Бірақ, екінші жағынан, мен мұны Қазақстанның нарығы үшін жақсы тәжірибе және нарықты түзету – позитивті сәт деп санаймын. Себебі әрқайсысымыз өз шығындарымызды жақсылап жоспарлауға және бақылауға, сауда-саттық операцияларын аздап жүргізуге үйренеміз және осының нәтижесінде, компаниялар, халық, топ-менеджерлер – барлығы дағдарыс кезеңіне дейінгімен салыстырғанда біршама тәжірибе жинақтайды.

- Сіз басқарып отырған kaspi bank дағдарыстан көп ұтты, басқалары – көп ұтылды. Сізге өз уақытында мұндай бағытты – тұтынушылық несиелерін беру бағытын таңдауыңызға не себеп болды және сол уақытта сіз оның дағдарыс уақытында ұтымды болатынын болжай алдыңыз ба?

- Халықаралық инвесторлар банкті сатып алған кезде біздің ұзақ мерзімді стратегиямыз болған және басынан бастап елімізде және Орталық Азияда ең үздік бөлшекті банк жасауды қалайтынымызды мәлімдедік. Біз үнемі осы басымдылыққа мән беріп инвестицияладық. Соған сәйкес, біз қаражатымызды салған технологиялар бізге тәуекелдерді бақылауға да, қазақстандықтарға барлық маңыздылығы мен технологиясы тұрғысынан әлемдік сападағы өнімдерді де ұсынуға мүмкіндік берді. 2009 жылы бұл технологиялар бізге бизнесті бұдан әрі белсенді жетілдіруге жол берді.
Дағдарысқа келер болсақ, ол әрбір 6-10 жылда болып тұрады, сол себепті оған эмоционалды тұрғыдан даяр болу қажет. Біз өз тарапымыздан 3-5 жылға ілгері дамуға жоспарланған сапалы іргелі инвестицияларды жасадық. Мысалы, егер банктің бүкіл командасы жақсылап жұмыс жасаса, кез келген банкте ақпараттық технологияны жаппай өзгерту кем дегенде 2 жылды қамтиды. Өзге банктер даму үстінде болғанда, біз осымен айналыстық. Біз қалаған іргетас kaspi bank-іне алдағы 2-3 жылдан соң да дәл қазіргідей қарқынмен дамуға мүмкіндік береді. Және біз үнемі осыған инвестиция жұмсайтын боламыз.

- Сіз технология туралы айттыңыз, ал мен стратегия жайлы білгім келеді. Менің ойымша, сіздердің банктеріңізге қарасам, өзінің не істеп отырғанын түсінетін және білетін бірден бір банк деп атауға болатын сияқты. Қазақстанда мұндай стратегияны қолдайтын бір де бір банкті көрмедім: сіздер фабрика мен зауыттарды тұрғызып жатқан жоқсыздар, түрлі еншілес ұйымдар мен құрылыс нысандарын тұрғызбай, тұтынушылар сұранысын қаржыландырып отырсыздар. Бұл кездейсоқ таңдау ма?

- Жоқ, біз ең басында осындай шешім қабылдағанбыз және қазір сол мақсатымызды көздеп, kaspi bank-ін жоспарға сай дамытып келеміз. Біз бизнесіміздің тұжырымдамасы мен стратегиясын өзгертпек емеспіз.

- «Деньги за работой!» бағдарламасы адамдарға ақшамен жұмыс жасауға көмектеседі. Біз «ақшаны үнемдеу – оны табумен бірдей» дейміз және қарапайым нәрселерден табыс табуға үйретеміз. Қаржылық тиімділікке қол жеткізгісі келетін адамдарға қазір қандай кеңес беруге болады?

- Депозиттер – бұл ең бірінші құрал smile. Барлық қалған құралдар адамның тәбеті мен тәуекелге баруға деген қалауына байланысты. Мысалы, қазіргі жылжымайтын мүлік нарығының бағасы алдағы 5-10 жылда жақсы табыс табуға мүмкіндік береді. Сондықтан жылжымайтын мүлік қазір ең жақсы инвестиция болып табылады. 

 - Ал сіздер жылжымайтын мүлікке несие бересіздер ме?

- Жоқsmile. Ипотека күрделі өнім, ал біздің стратегия несие ұсыныстарының қарапайымдылығын білдіреді. Ипотека біздің бизнесіміздің философиясына жат. Бағалы қағаздарға инвестиция салуға келсек, ең қауіпсіз американдық мемлекеттік қағаздардан бастап нақты компаниялардың акцияларына дейінгілері, сіздің бірдей пайда әкелуді білетін жақсы тәжірибесі бар, жақсы қаржы кеңесшісін іздеп таба алатыныңызға байланысты. Мұнай компанияларының, мобильді операторлардың акцияларына, тұтыну секторына инвестициялауға болады – барлығы адамдың қаражатты қайтарып алуға кепілдік берілмейтін бүкіл тәуекелді өз мойнына алуға деген ынтасына байланысты.

- Сіздердің даму тарихтарыңыз сәтті болғандықтан, яғни банк салым үшін кірісті әрі қызықты болғандықтан, халық одан табыс табуы үшін kaspi bank акцияларын еркін нарыққа шығару жоспарларыңызда бар ма?

- Батыстағы капитал нарығы қолайлы болысымен және листинг алаңдары өздерінің дамуы мен қаржылық секторына сенім артқан уақытта, онда… біз ең басында стратегиямыздың бір бөлігі батыстық – Лондон немесе Гонконг сауда алаңдарында акцияларымызды орналастыру деп айтқан болатынбыз.

- Бұл батыстық биржалар, ал мен ішкі нарықты айтып отырмын. Егер қазір сіздер еліміздің халқын несиелендіріп отырсаңыздар, онда акцияларыңызды сатып ала алатын қазақстандықтар сіздерді несиелей алады ғой smile? Егер ең табысты банктердің бірі болсаңыздар, 2-3 мың доллары бар адамға неге акцияларыңызға немесе облигацияларыңызға салып, бүкіл банк пайдасының бір бөлігін алмасқа?

- Біздің бизнестің көзқарасы тұрғысынан, халық қаражатын шарттары тиімді депозиттер арқылы тарту ең бірінші басымдылық болып табылады. Облигациялар мен акцияларды ұсыну – бұл күрделі процесс.

- Түрлі бағалаулар бойынша, Қазақстандағы өте жылдам тартуға болатын еркін ақша шамамен 2 миллиард доллар. Әрбір отбасының депозиттен гөрі табысы біршама мол құралдарға салғысы келетін 300-400 доллары болса керек. Және біз халыққа акционерлердің қатарына кіруге және бірігіп табыс табуға ұсыныс жасайтын банкті көрсек деп едік…

 - Идеяңыз қызық екен, қазіргі акционерлер бұл жайлы ойланып көрер деген ойдамын smilesmilesmile.

- Жеке табысыңыздың құпиясы неде екенін айтыңызшы? Банктің басқарма төрағасы болу үшін, білімді қоспағанда, адам өз бойында нені жетілдіруі тиіс?

- Жеке табыс деген жоқ деп ойлаймын. Бұл қашанда бірдей ойлайтын, бірге жұмыс жасайтын адамдар тобының жетістігі. Біздің жағдайда – табыстың негізгі кепілі.

- Қазақстанда жаңа ерекше банк өнімдері өндіріле ме, банктеріңіз жақын уақытта адамдарды таңғалдыратындай жаңа бір нәрсе ұсына ма? 

 - Біз әрқашан жаңалық енгізіп отыратын үш зат бар. Бірінші – тұтынушылық несиелер, екінші – депозиттер, үшінші – аударымдар. Негізгі 3 бағыт осы. Ең арзан аударымдардың, ең тиімді депозиттердің, ең қолайлы тұтынушылық несиелердің бірі бізде. Біз әрқашан осының бәрін қалай қосуды ойлаймыз және біздің мақсатымыз - әрбір 3-4 айда жаңа өнім немесе жаңа шарттарды ұсыну. Соған сәйкес қарашада жаңа бір нәрсе ұсынамыз…

Келесі жылы несие карталарымен жұмыс жүргізу және жалпы банкпен қарым-қатынас тұрғысынан барлық өнімдерді шоғырландыруымызға және клиенттерімізге сөзсіз құндылық ұсынуға көмектесетін тағы бір бағыт пайда болады.

- Келесі сұрақ технологиялар жайында, олар ойыңызда жүрген де шығар. Озық технологиялар шындығында кеңселерден бас тартуға мүмкіндік береді. Жылдам жұмыс жасайтын интернет және т.б. пайда болады. Осы кеңселерден бас тартып, электронды кеңістікте жұмыс жасау кезеңіне дайындалып жатырсыздар ма?

- Бұл алдымызда тұрған қызықты міндеттердің бірі – қалайша интернеттің және өзге құрылғылардың көмегімен клиенттермен қарым-қатынас ұстауға болады. Біз үшін стратегиялық тәсілдердің бірі – клиенттермен жеке байланыс жасау бұл мәселеде қиындық тудырады. Есіңізде ме, каталогтар пайда болғанда барлығы енді дүкеннің қажеті жоқ деген, интернет пайда болғанда да солай. Бірақ дүкендер бар және ашылып жатыр! Яғни бәрібір, барлығы клиенттерге қызмет көрсету үшін арнайы үй-жайлар керек дегенге келіп тоқтайды. Сондықтан клиенттерімізбен интернет және басқа байланыс жүйелері арқылы байланысты қолайлылық үшін маңызы бар қосымша ретінде қарастырамыз, бірақ бөлімшелердің кеңейтілген желісінсіз ұзақ мерзімді болашақта бөлшекті банкті дамыту өте қиын.

Мәселен, кейін бөлімшелері бар банкке сату үшін бөлімшесіз бөлшекті банк ашып, оны алдағы үш жылда дамытуды идея ретінде қарастыруға болады, бірақ бізде ұзақ мерзімді стратегия екенін ескерсек, біз қазір керісінше филиал желісін дамытуға және қызмет көрсетудің жаңа пішімдегі 100 бөлімше ашуға үлкен инвестиция салып жатырмыз. Бұл болашақтағы 5-10 жылда көшбасшы орнын алғысы келген банк үшін сөзсіз басымдылық болмақ.

- Адамдар алған тұтынушылық несиелерін қалай төлеп жатқанын айтасыз ба? Соңғы ресми деректерге қарағанда, сіздер күніне 1 миллион доллар тұтынушылық несие беріп жатырсыздар.

- Берілген несиелердің сапасы жақсы. Себебі көп көлемде жарнама беріліп, сатылымдар көлемінің көбейгеніне қарамастан, сіздің несие алу мүмкіндігіңіз, менің айтайын дегенім, орта статистикалық мүмкіндігіңіз, 50% құрайды. Яғни шамамен бізге келген әрбір екінші адам несие алады. Экономикалық жағдайдың жақсаруымен бұл көрсеткіш әлі де жақсара түседі деген үміттемін.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер