Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Әрбір екінші адам салымдарды мемлекет кепілдендіретінін білмейді, әрбір үшінші адам ақшасын матрастың астында сақтайды. Қазақстандағы қаржылық сауаттылық туралы жалпыұлттық зерттеудің қорытындысы осындай. 

«Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығы» ҚҚ Қазақстандағы қаржылық сауаттылық туралы kaspi bank-пен бірлескен «Қаржы мәдениеті» атты  ұлттық зерттеу қорытындысын жариялады.

Зерттеу барысында  еліміздің 14 облысында 1 200 қаржы қызметін тұтынушыға сауал қойылды.  Респонденттер жанұялық бюджетті басқару мен қаржылық қызметтерді пайдалану туралы  55 сұраққа жауап берді.

Зерттеуді жетекші зерттеу компаниялары Brif Research Group және TNS Gallup жүзеге асырды. Сауалнама Халықаралық Экономикалық Серіктестік және Даму, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің  стандарттарына сәйкес жүргізілді.

Зерттеу қорытындысы бойынша 5 маңызды қорытынды:
  • Әрбір үшінші адам өз қаржылық сауаттылығын қанағаттанарлықсыз деп бағалады
  • Сұралғандардың 43%-ы депозиттерді кепілдендіру жүйесі туралы білмейді және сұралғандардың барлығы дерлік сақтандырудың  ең жоғары сомасы туралы білмейді (тек  6% ғана біледі)
  • Әрбір екінші қаражатын үйде сақтайды, тек 10 адамның 1 депозитте сақтайды
  • 38%-ы кіріс пен шығыс есебін жүргізбейді. Нәтижесінде 3 адамның 2-іне айдың аяғында қаражат жетпейді.
  • Қаржы қызметін тұтынатындардың 65% -ы қажылық ұйымдардың қызметін тек келісім-шартқа қол қояр кезде салыстырады.
- Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, бізге жанұялық бюджетті басқаруға көбірек көңіл бөлу керек, - дейді «Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығы» ҚҚ директоры  Гүлмира Арбабаева.  – Қаржылық сауаттылық адамның қанша қаржы тауып, қанша жұмсайтындығын түсіне алған күннен басталады. Өкінішке қарай, бүгінде қоғамның 40%-ы  кіріс-шығыс есебін жүргізбейді.

Тек қоғамның 6%-ы депозиттерді кепілдендірудің шекті көлемі 5 миллион теңге екенін білетіндігі, жақындағы оқиғаның неліктен дүрлігіс тудырғанын көрсеткендей, дейді - kaspi bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.-Біз барлығымыз қаржылық сауаттылықты арттыруға барынша күш салуымыз керек. Мықты қаржы секторынсыз мықты экономиканың болуы мүмкін емес және сауатты тұтынушысыз тұрақты және мықты банк жүйесі болуы мүмкін емес.

- Біз сарапшылар тұрақты түрде қоятын сұраққа да жауап таптық,- дейді Михаил Ломтадзе-Әрбір екінші қазақстандық басы артық қаржысын үйінде сақтайды. Тек әрбір оныншы адам банктегі депозиттке салады. Біз «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының арқасында бұл көрсеткіш жасқарады және тұрғындардың банктік депозиттерге қызығушылығы артады деп ойлаймыз.

Сауалнама қорытындысы қазақстандықтардың инвестицияға, салым мен несиелендіру  бағытындағы әрекеттері қаржылық сауаттылық пен инвестициялық мәдениетті арттыру қажеттігін көрсетеді.

Мұнымен қатар зерттеу қорытындысы бойынша тұтынушыларды тек 4 тақырып толғандырады: келісім-шартқа қол қою кезінде неге мән беру керек (сұралғандардың 39.5%), несиенің толық құнын қалай есептеу керек (сұралғандардың 38.4%), жеке бюджетті қалай қалыптастыру керек (36.9%), қаржы өнімдерін тұтынушылардың құқығын қалай білу керек (сұралғандардың 32.8%).

2014 жылдың қаңтар айында  kaspi bank еліміздегі ең ауқымды «Қаржы мәдениеті» ағартушылық бағдарламасына  1 миллион доллар бөлді.  Бағдарламаның бірінші кезеңі «Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығы» ҚҚ бірлесе жүзеге асырылуда.

- Бағдарламаның мақсаты, тұрғындарға жанұялық бюджетті қалай басқару мен қаржы өнімдерін түсініп, қаржы өнімдерін тұтынуда қандай шешім қабылдауды білуге көмектесу, дейді қордың өкілі Гүлмира Арбабаева.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер