Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank «Төмен бағалар аумағында»

Халықты жекелеп несиелеуде көшбасшы атанған kaspi bank Қазақстандағы ең ірі сауда компанияларының бірі – Sulpak компаниясымен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Осы арқылы kaspi bank тек барлық аймақтарда ғана емес, барлық ірі қазақстандық сауда желілерінде танылған бірден-бір банк болмақ.

Ай сайын kaspi bank қазақстандықтарға техника сатып алуға, білім алуға, тұрмысын жақсартуға шамамен 25 мың несие береді. 2009 жылы банк несиелеу көлемін 2 есеге арттыруды жоспарлап отыр.

– Банк қазақстандық банктердің ішіндегі филиал желіcі ең көп таралған банк, – дейді kaspi bank-інің басшысы Михаил Ломтадзе. – Тамыры тереңге жайылған банк Қазақстандағы «Планета Электроники», «Технодом», «Алсер» сияқты мұндай ірі бөлшекті желілермен, сондай-ақ «Белый ветер», «Мечта» және т.б. көптеген аймақтық желілермен бұрыннан жұмыс жасап келеді. Банктің мұндай шамамен 2 мыңға жуық серіктестері бар. «Sulpak» компаниясымен ықтымақтастық – kaspi bank-ін тек Қазақстанның барлық аумақтарында ғана емес, сондай-ақ барлық ірі сауда желілерінде де танымал ететіндіктен, бұл біздің клиенттерге деген маңызды қадам. Кaspi bank қарапайым қазақстандықтарға ең жақын, ыңғайлы әрі қолжетімді банк болуға үнемі талпынады.

Sulpak компаниясы – Қазақстандағы ең ірі дүкендер желісінің бірі әрі тұрмыстық техника мен электрониканы сатуда көшбасшы. Желіде дүкендер саны айтарлықтай көп, бұл kaspi bank-іне өзінің нарықтағы орнын ұлғайтуға және соған сәйкес несиелеу көлемін арттыруға үлкен мүмкіндік береді.

– Филиал желісі үлкен, ең жақсы бөлшекті банктердің бірімен ынтымақтастық орнату өзара тиімді болатынына сенімдіміз, – дейді Sulpak компаниясының атқарушы директоры Олег Райков. – kaspi bank-інің қызықты несие бағдарламасының арқасында біз жаңа сатып алушыларды тарта аламыз және сатылымды 15-20% арттыра аламыз.

– Sulpak компаниясының слоганы – «Төмен бағалар аумағы», – деп жалғастырады сөзін Олег Райков. – Біз баға саясатын және біздің дүкендердегі тауарлардың көптеген түрлерін сақтауға, сонымен қоса сатып алушылардың санын көбейтуге ниеттенеміз. Sulpak дүкендердің саны, тауарлардың түрлері мен тауар берушілердің сервистік қызметі сияқты көрсеткіштер жөнінен алдыңғы орында.

Дүкендер желісінен зат сатып алуды несиелеуге негізделген кaspi bank-інің статистикасы бойынша, несиеге сатылатын ең танымал тауар бренді – ең қолжетімді LG техникасы. Содан кейін Samsung пен Indesit.

Қазақстандықтар көбінесе несиеге сатып алатын ең танымал техника – бірінші кезекте қажетті техника: теледидарлар, тоңазытқыштар, кіржуғыш машиналар, ас үй пештері, содан кейін тұрмысыңды біршама жайлы ететін техника: шаңсорғыштар, үй кинотеатрлары және т.б. Алайда өтімділігі тұрғысынан көшбасшы тауар – компьютерлер, себебі тұтынушылар өздерінде ең жаңа әрі алдыңғы қатарлы барлық заттардың болғанын қалайды.

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиесін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы – жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Baring Vostok Capital Partners» тікелей инвестициялау қоры
«Baring Vostok Capital Partners»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Baring Vostok қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Baring Vostok ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-223-87-85
 +7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
20 мамыр 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер