Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Банк «Каспийский» АҚ «Золотая Корона – Ақша аударымдары» жүйесінің серіктесі болды

Каспий Банкінің арқасында «Золотая Корона» ақша аударымдары жүйесі Қазақстан нарығына шықты. Еліміздің жетекші бөлшекті банктерінің бірімен серіктес болу «Золотая Корона» жүйесіне ТМД картасында соңғы «ақтаңдақты» жабуға мүмкіндік берді. 

Талдаушылардың бағалауы бойынша, егер ақша легін банк аударымдарының аралық әсерімен бағаласақ, Қазақстан Ресейге алғанынан екі есе көп жібереді. Бүгінгі таңда Қазақстан – Ресей Федерациясына аударылатын сома Ресей Федерациясынан түсетін сомадан асып түсетін ТМД-дағы жалғыз мемлекет.

2008 ж. бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстаннан Ресейге жіберілген ақша 300 млн. долларды құрап, еліміз ТМД-да бірінші орынды иеленді. Осы кезеңде Ресейден Қазақстанға түсетін аударымдар көлемі тек 137 млн. долларды құрады.

Енді Каспий Банкінің барлық клиенттері өз туыстары мен достарына аударымды жедел әрі арзан бағамен жібере алады, себебі Банк «Золотая Корона – Ақша аударымдары» жүйесін ерекшелендіретін өте жедел технологиялар мен демократияландырылған тарифтерге кіруді қамтамасыз етті.
– Каспий – Қазақстанда кең филиалдар желісі бар еліміздің ірі бөлшекті банктерінің бірі. Біз 1 миллионнан астам клиенттеріміздің жаңартылған, қарапайым әрі жедел банк қызметі мен өнімдерін алуына бағытталдық.  «Золотая Коронамен» серіктестігіміз – сервисті жақсартудағы маңызды қадам. Енді біздің Қазақстандағы да, шетелдегі де отандастарымыз бір-бірінің материалдық қолдау мәселелерін анағұрлым оңайырақ әрі тез шеше алады, – дейді Каспий Банкінің басқарушы директоры Павел Миронов. – «Золотая Корона» жүйесін пайдаланатын ықтимал клиенттердің саны тоқсан сайын 10 мыңға артады деп жоспарлаудамыз.

– Каспий Банкімен серіктестігіміздің басталуын Жүйенің дамуындағы ең бір елеулі кезең деп бағалауға болады, себебі осыған дейін Қазақстан өзіміздің меншікті орындарымыз жоқ ТМД-дағы жалғыз мемлекет еді, ал жұмыс серіктестік желілер арқылы жүргізілетін, - деді өз тарапынан «Золотая Корона – Ақша аударымдары» жүйесінің директоры Иван Ситнов. – Нәтижесінде барлық  ақша аударымдар легінің 50% елдегі тұңғыш қосылған банк арқылы өтенінін тәжірибе көрсетіп берді. Қазақстанның басқа да қаржы институттарын бір мезгілде қоса отырып,  2009 жылдың соңына таман елдегі ақша аударымдары нарығының шамамен 10% жаулап аламыз деп жоспарлап отырмыз.
 
Ақша аударымдарының басқа да желілерімен серіктестік қарым-қатынастарды ескерсек, «Золотая Корона» жүйесі бойынша аударымдарды жіберуге не алуға болатын орындардың жалпы саны 12 000-нан астам. Каспий Банкі – бүкіл ел бойынша шамамен 150 филиалы мен бөлімшелер желісі бар Қазақстанның көшбасшы бөлшекті банктерінің бірі.     Каспий Банкінің бұл желісі «кері жағдайда» да жұмыс істейді, яғни «Золотая Корона – Ақша аударымдары» жүйесі бойынша Қазақстаннан Жүйе орындары ашылған кез келген елге де аударымдарды жіберуге болады.

Бұл ретте аударым тез жеткізіледі, ал аударымның құны соманың 1,5%-ын құрайды.  

«Банк «Каспийский» АҚ:
«Банк «Каспийский» АҚ 267 млрд. теңгеден асатын активтерімен және 43 млрд. теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 150 бөлімше мен 514 орыннан құралады. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау жетекші қоры– «Банк «Каспийский» АҚ-ның инвесторы www.bc.kz.

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау  қоры :
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн.  артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспий» Банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорацисы сынды  танымал халықаралық қаржы институттары, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялау қорларын басқару тобының құрамына кіреді. www.bvcp.ru

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға  хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (727) 250-19-13 (ішкі 1376)
Эл.пошта:  Zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7-777-232-51-12

Салтанат Әскербекқызы
БАҚ-пен жұмыс жүргізуі басқармасының жетекші маманы
Тел: 8 (727) 250-19-13 (ішкі -1928)
Эл.пошта: askerbekkyzy@bc.kz
Ұялы тел: +7-777-261-15-43
+7-701-758-50-42

Алматы, Қазақстан:
20 қазан 2008 ж.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер