«Kaspi Bank» АҚ бағалы қағаздарының жаңа шығарылымдары туралы ақпарат
Осы арқылы «Kaspi Bank» АҚ (бұдан әрі – «Банк») Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 ж. 05 маусымда Банктің үшінші облигациялық бағдарламасының шегінде шығарылған 60 (алпыс) миллиард теңге мөлшеріндегі реттелген облигациялардың төртінші шығарылымын мемлекеттік тіркегені туралы хабарлайды (ҰБН –KZP04Y10E834).
Реттелген облигациялардың төртінші шығарылымының талаптарын Банктің Директорлар кеңесі бекіткен (2015 ж. 25 мамырдағы № 2015/05-48 хаттамадан үзінді көшірме).