Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» АҚ және GSM Kazakhstan/Kcell ұялы байланыс операторы өз клиенттеріне арналған «Автотөлемақы» атты тегін баланс толтыру қызметін енгізеді

Қазақстанның ең ірі бөлшек банктерінің бірі – Kaspi Bank және GSM Kazakhstan/Kcell ұялы байланыс операторы «Автотөлемақы» атты бірегей қызметті енгізетінін жариялайды, ол банктік шоттан автоматты түрде ақша аудару арқылы ұялы телефонның балансын тегін толықтыруға мүмкіндік береді, осының арқасында абонент өз уақыты мен ақшасын үнемдейді.

Қазақстанның нарығындағы жаңа «Автотөлемақы» қызметі бүгінгі таңда «Kaspi Bank» АҚ несие картасының иелеріне және Kcell, Activ, Vegaline абоненттеріне қолжетімді. Қызметтің артықшылықтары – ұялы телефонның балансында 100 теңгеден аз қалғанда оны автоматты түрде шұғыл толтыру, терминалдар немесе ақы төлеу карталары арқылы ақы төлеу қажеттігінің болмауы, сондай-ақ бірден бірнеше телефон нөмірлерін қосу мүмкіндігі. Бұл кезде қызмет тегін қосылады. Сонымен қатар абонент 100 бонустық минут алады.*

«Біз ұялы байланыстың ақысын төлеу бойынша ең ыңғайлы әрі тиімді қызмет жасау міндетіне үлкен құлшыныспен кірістік, – деп түсіндірді Михаил Ломтадзе, «Kaspi Bank» АҚ Басқарма Төрағасы. – Kcell-мен бірге біз Қазақстан үшін және біздің клиенттеріміз үшін бұрын-соңды болмаған жаңа «Автотөлемақы» қызметін әзірледік. Енді ұялы телефон арқылы сөйлесудің ақысын төлеген кезде біздің клиенттерімізге және Kcell абоненттеріне комиссия төлеудің немесе терминалдар іздеудің қажеті жоқ. Бұл қызметтің арқасында клиенттеріміз айтарлықтай ақша мен уақыт үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ қоңырау шалу керек болғанда шотта ақшаның болмай қалатын жағдайларына ұшырамайтын болады. Біз балансты су тегін толтырамыз. Нәтижесінде kaspi bank пен Kcell клиенттері әрқашан байланыста болады және туғандарымен және жақындарымен көбірек әрі арзанырақ сөйлесу мүмкіндігіне ие болады».

GSM Kazakhstan компаниясы абоненттердің уақыты мен ақшасын үнемдеуге мүмкіндік беретін қызмет түрлерін енгізуді жалғастыруда. Былтыр байланыс операторы «Онлайн ақы төлеу» қызметін енгізді, бұл уақтылы енгізілген шара болды және клиенттердің арасында жоғары сұранысқа ие болды. Енді компания «Kaspi Bank» АҚ-мен бірлесіп «Автотөлемақы» қызметін ұсынады, оның көмегімен қызметті бір рет қосқан абоненттер ұялы телефонының балансы туралы алаңдамаса болады. Баланста 100 теңгеден аз қалғанда жүйе автоматты түрде оны толтырады. «Біз бұл қызметті kaspi bank-пен бірге іске қосамыз. Біздің абоненттеріміз жаңа қызметтің артықшылықтары мен тиімділігін жоғары бағалайды деп сенеміз», – дейді Вейсел Арал, GSM Kazakhstan/Kcell компаниясының Бас атқарушы директоры.

Kcell компаниясының санауы бойынша қазақстандықтар ұялы байланыс балансын толтыру қызметін көрсететін түрлі ұйымдар мен делдалдарға комиссия түрінде жыл сайын 50 млн. доллардай ақша төлейді. Енді «Автотөлемақы» қызметін қосса, «Kaspi Bank» АҚ несие картасы бар Ксell клиенттері балансын толтырған кезде ешкімге ешқандай комиссия төлемейді.

«Автотөлемақы» қызметін «Kaspi Banк» АҚ несие картасының иесі және жеке тұлғаға ресімделген нөмірі бар Kcell, Activ, Vegaline абоненті қоса алады. Қызметті қосу үшін кез келген kaspi bank бөлімшесіне бару қажет. Қызмет тегін қосылады.

*Бонустық минуттар Қазақстан ішіндегі кез келген бағыттағы қоңырауларға қолданылады.
*Бонустық минуттардың қолданылу мерзімі – «Автотөлемақы» қызметіне қосылған сәттен бастап 30 күн.
*Бонустық минуттар роумингте қолданылмайды.

Алматы, Қазақстан:
31 қазан 2011

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ шамамен 362 млрд теңгеден астам активтерімен және 42 млрд теңге біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында. Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсету сегментінде көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі шамамен 200 филиал мен бөлімшеден және 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 350 жедел несие сату орындарынан тұрады. Baring Vostok Capital Partners жетекші инвестициялық компаниясы басқаратын Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-тың инвесторы. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Востоктың басқаруымен Яндекс, kaspi bank, Шығыс Экспресс Банкі, Европлан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарский ЛПК, Сладко, Боржоми және Озон сияқты компанияларды қоса алғанда қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы 50-ден астам табысты компанияларды инвестициялады. Қор инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласыңыз:
Ботагөз Жұманова
Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. поштасы:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы телефоны: +7 (701) 223 87 85


GSM Қазақстан/Kcell

GSM Қазақстан/Kcell 1998 жылы құрылған және 1999 жылдың ақпан айынан бастап Kcell сауда маркасымен ұялы байланыс қызметін көрсетіп келеді. Activ сауда маркасы дәл сол жылдың қыркүйек айында іске қосылды. Бүгінгі таңда компанияның абоненттік базасы 8 миллион адамнан асады. GSM Қазақстан қазақстандық ұялы байланыс нарығында EDGE, GPRS, WAP сияқты жаңа технологиялардың пайда болуына бастама көтерді. Компания 147 елде GSM-роуминг, 97 елде GPRS-роуминг қызметін көрсетеді, Activ абоненттері үшін онлайн-роумингі әлемнің 79 елінде қолжетімді. GSM Казахстан/Kcell «TeliaSonera» скандинавиялық телекоммуникациялық холдинг компаниялары тобына кіреді.

«TeliaSonera» компаниясы
«TeliaSonera» компаниясы Скандинавия, Балтық елдерінде, Испания мен Еуразияның дамушы нарықтарында, соның ішінде Ресей мен Түркияда телекоммуникациялық қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда 460 миллионнан астам адам тұратын 20 елде қызмет етеді. 2009 жылдың соңындағы деректер бойынша акцияларының иесі «TeliaSonera» болып табылатын компаниялардағы абоненттердің саны 147,6 миллионнан асады. 2009 жылы «TeliaSonera» компаниясының табысы шамамен 14,3 миллиард АҚШ долларын құрады. Жылдың соңындағы деректер бойынша компанияда шамамен 30000 адам жұмыс істейді.
«TeliaSonera» акциялары Стокгольм мен Хельсинкіде NASDAQ OMX қор биржасында тіркелген. Компанияның негізгі акционерлері – Швед мемлекеті (акция мен дауыстардың 37,3%) және Фин мемлекеті (13,7%). 2010 жылғы ақпандағы деректер бойынша «TeliaSonera» нарықтық құны шамамен 30 миллиард АҚШ долларын құрады.
«TeliaSonera» адамдар мен компанияларға қоршаған ортаға зиян келтірмей оңай әрі тиімді сөйлесуге мүмкіндік беретін желілік қолжетімділік пен телекоммуникация қызметін ұсынады. «TeliaSonera» өз инфрақұрылымына деген сенімділіктің жоғары дәрежесін қамтамасыз етуге, өз клиенттеріне бірегей тәжірибе мен әлемдік санатты қызмет көрсетуге ұмтылады. «TeliaSonera» – ғаламдық стратегиясы бар, бірақ әр жеке нарықта жергілікті оператор ретінде әрекет ететін халықаралық компания.
Еуразияның дамыған нарығында «TeliaSonera» компаниясы Қазақстанда (Kcell), Әзербайжанда (Azercell), Грузияда (Geocell), Молдовада (Moldcell), Тәжікстанда (Tcell), Өзбекстанда (Ucell), Непалда (Ncell) және Камбоджада (Star-Cell) ұялы байланыстың жетекші операторлары акцияларының бақылау пакеттеріне ие. Сонымен қатар «TeliaSonera» Ресейдегі «МегаФон» ААҚ мен Түркиядағы Turkcell-дің ірі миноритарлық акционері болып табылады.
«TeliaSonera» компаниясы туралы толық ақпаратты www.teliasonera.com сайтынан ала аласыз.

Қосымша ақпаратты мұндан алуға болады:
Наталья Еськова, PR сарапшы
www.kcell.kz, www.activ.kz, pressa@kcell.kz
+7 (701) 211 06 72, 8 /727/ 258-27-55, 1902







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер