Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» АҚ акционерлері Қазақстанның аумағында қаржы холдингін құрмақшы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің «Caspian Financial Group» АҚ банктік қаржы холдингін құру туралы өтінішін мақұлдады.

«Caspian Financial Group» АҚ – қаржылық активтерді басқару үшін құрылатын Қазақстанның банктік қаржы холдингі және, атап айтқанда, kaspi bank. «Caspian Financial Group» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы – kaspi bank-інің басшысы Михаил Ломтадзе. «Caspian Financial Group» АҚ Басқармасының Төрағасы – kaspi bank-нің Директорлар кеңесінің Төрағасы және «Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» қорының инвестициялар жөніндегі Қазақстандағы кеңесшісі Вячеслав Ким.

- Банктің акционерлері Қазақстанда банктік қаржы холдингін құру туралы шешім қабылдады, – деп түсіндірді банктің басшысы Михаил Ломтадзе. – Холдингтің негізгі және жалғыз қызметі қаржылық активтерге иелік ету және оларды басқару болмақ. Қазір холдингтің активі – kaspi bank, бірақ біз клиенттерімізге ұсынылатын қаржы қызметінің ауқымын кеңейту мүмкіндігін де жоққа шығармаймыз.

- Бізде kaspi bank-ін дамытудың ұзақ мерзімді жоспарлары бар, – дейді kaspi bank-нің Директорлар кеңесінің Төрағасы Вячеслав Ким. - Біз отандық банк холдингін құруды шештік, осының арқасында біз Қазақстан аумағында қаржы қызметін көрсету саласындағы қызметіміздің өрісін кеңейтуге мүмкіндіктер аламыз әрі маңызды стратегиялық шешімдерді жылдамырақ қабылдай алатын боламыз. Сондай-ақ банк холдингі басқару рәсімін айтарлықтай жеңілдете түседі, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттелетін болады.

- kaspi bank – Қазақстандағы жетекші жекелеп қызмет көрсететін банктердің бірі, Қазақстанның аумағында банк холдингін құру мақсатын бұрыннан жоспарлаған болатынбыз, – дейді «Бэринг Восток» басқарушы серіктесі Майкл Калви. – «Caspian Financial Group» құру kaspi bank-ін дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиямызды және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына деген сенімділігімізді растайды. «Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» қоры үшін Қазақстан – инвестициялар тұрғысынан шешуші нарықтардың бірі. Біздің kaspi bank-іне салған инвестициямыз, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы ірі инвестициямыз бар. Қазіргі уақытта біз Қазақстанның түрлі салаларындағы бірнеше ықтимал инвестицияларды қарастырудамыз.

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ шамамен 362 млрд теңге активтерімен және шамамен 42 млрд теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктердің ондығының қатарына кіреді. Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсету сегментінде көшбасшы орында. Банктің жекелеп қызмет көрсету желісі 200-ден астам филиалдар мен бөлімшелерден және 2000-нан астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 350 несие сату орындарынан тұрады. «Kaspi Bank» АҚ-тың инвесторы – Baring Vostok Capital Partners жетекші инвестициялық компаниясының басқаруындағы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток басқаруындағы қорлар Яндекс, kaspi bank, Банк Восточный Экспресс, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми және Озон сияқты компанияларды қосқанда, қаржы қызметі, мұнай және газ, телекоммуникациялар және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы, тұтынушылық сектордағы 50-ден астам табысты компанияға инвестиция салды. Қор инвесторларының санатында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы сияқты атақты халықаралық қаржы институтттары, сондай-ақ әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz 
Ұялы тел: +7-701-223-87-85

Алматы, Қазақстан:
18 қазан 2011







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер