Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

EPSI Rating тәуелсіз зерттеу нәтижесі бойынша kaspi bank қазақстандық банктер арасында клиенттердің қанағаттану индексі бойынша көшбасшы атанды

EPSI Rating (Тұтынушылардың қанағаттануының жалпы еуропалық индексін өлшеу жөніндегі тәуелсіз жоба) зерттеу нәтижелері көрсеткендей «Kaspi Bank» АҚ - клиенттерінің қанағаттануы елеулі түрде 14%-дай өсіп, 81,5 балл деңгейіне жеткен Қазақстандағы жалғыз банк. 2011 жылғы зерттеуге сай Қазақстанда банк тұтынушыларының өткен жылғы қанағаттану индексі өзгеріссіз 76,1 балл деңгейінде қалған.

Бұл – Қазақстандағы банк нарығы үшін үздік нәтиже. Зерттеу жайлы есепте «kaspi bank өз клиенттерін банк өнімдерінің сапасымен таңғалдыра білді де қанағаттану және адалдық өсімімен марапатталды, нәтижесінде бұл қаржы нәтижелеріне өз ықпалын тигізеді» делінген.

Зерттеуде 2011 жылғы деректердің кеңінен талдануы сала бойынша орта есеппен тұтынушылардың қызмет көрсету сапасының жақсарғанын сезгені көрсетілетіні айтылады. – Атап айтқанда, қызмет көрсету сапасына қанағаттану индексі сала бойынша орта есеппен +3,3% -ға өсті, алайда бұл олардың қанағаттануы мен адалдығына еш әсерін тигізбейді.  

- Әзірге Қазақстанның ірі банктері өз клиенттеріне ненің керек екенін бүге-шүгесіне дейін түсіне бермейді, - дейді Ресейдегі және ТМД елдеріндегі EPSI бас директоры Александр Кособоков. – Олар қызметкерлердің сыпайылығы мен жылы шырай танытуларын жақсартады, банк бөлімшелерін жөндеуден өткізіп, жұмыс сағаттарын өзгертеді. Алайда тұтынушыларға мұның қажеті жоқ. kaspi bank  тарихы осыған айқын дәлел. Өз өнімінің стратегиясын дамыту қызмет көрсетудің ағымдағы деңгейін сақтаған кезде банк үшін, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және тұтынушыларды ұстап қалу үшін әлдеқайда тиімді әрі пайдалы.

kaspi bank тұтынушылардың қанағаттану индексінің өсімін (81,5%) ғана көрсетіп қойған жоқ, банк клиенттерінің адалдық индексі одан да жоғары – 82,6 балл. Бұл дегеніміз, нақ kaspi bank-інің клиенттері банк өнімдерін қайта пайдалануға әрі оларды өздерінің  достарына, туыстары мен таныстарына ұсынуға барынша дайын.

«Біздің жұмысымыздың бәсекелестерімізбен салыстырмалы түрде бағаланып отырғаны әрі бұл тұрғыда алғашқы болуымыздың өзі қуантады, - дейді kaspi bank басшысы Михаил Ломтадзе. - Әсіресе біз үшін «Адалдық индексі» маңызды. Біз қос индекс бойынша бірінші орында ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы «адалдық индексі» «қанағаттану индексінен» жоғары жалғыз банкпіз. Бұл біздің клиенттерді ұстап қалудағы ұзақ мерзімді бәсекелестікке артықшылығымыздың белгісі.».

Қазіргі сәтте kaspi bank Қазақстандағы тұтынушылық несиелеудің көшбасшысы, әр 3 күн сайын жаңа бөлімшелер ашуда, жеке тұлғалардың депозиттерінің өсу қарқыны бойынша көшбасшы болып табылады.

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ шамамен 362 млрд теңгеден астам активтерімен және 42 млрд теңге біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында. Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсету сегментінде көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі шамамен 200 филиал мен бөлімшеден және 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 350 жедел несие сату орындарынан тұрады. Baring Vostok Capital Partners жетекші инвестициялық компаниясы басқаратын Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-тың инвесторы. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Востоктың басқаруымен Яндекс, kaspi bank, Шығыс Экспресс Банкі, Европлан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарский ЛПК, Сладко, Боржоми және Озон сияқты компанияларды қоса алғанда қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы 50-ден астам табысты компанияларды инвестициялады. Қор инвесторларының санатында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы сияқты атақты халықаралық қаржы институттары, сондай-ақ әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Үндістан, Еуропа және Латын Америкасының $3,5 млрд доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді.

EPSI
Ресейдегі және ТМД елдеріндегі EPSI– Ұлыбританияда штаб-пәтері және Швецияда Зерттеу орталығы бар EPSI Research Services халықаралық зерттеу компаниясының бөлімшесі. Біз жетекші компанияларға мүдделі топтардың (тұтынушылардың, қызметкерлердің, инвесторлардың, қоғамның) қанағаттануы мен адалдығы индекстерінің мониторинг жүйесін қалыптастыруға, пайда мен өсімге әсер ететін нәтиже шығаруға көмек береміз. EPSI 20 еуропа елі мен Еуразия елдерінде бірыңғай стандарт бойынша жүйелі түрде тәуелсіз зерттеулер жүргізеді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласыңыз:
Ботагөз Жұманова
Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры 
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. поштасы:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz  
Zhumanova@bc.kz
Ұялы телефоны: +7 (701) 2238785







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер