Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Ақшаға барлығын сатып алу мүмкін бе?

«Ақшаға барлығын сатып алу мүмкін бе?»: Осы өзекті мәселе "Қазақстандағы PR күндері»  шеңберіндегі 4-ші Халықаралық PR-Форумында  бірнеше қырынан қарастырылмақшы.

13-14 мамырда Алматыда «PR-шы»  Клубының ұйымдастыруы және PG Communications консалтингтік агенттігінің қолдауымен 4-ші рет «Қазақстандағы PR күндері»  өткізіледі.

Қазақстан. Мұнай. Ақша. Ақшаға барлығын да сатып алу мүмкін бе? Қандай ақшаға? Ақша Қазақстанға даңғайыр құрылыста қалай көмектеспек? Қазақстан күрделі кезеңді басынан өткеруде: бір жағынан — 2011 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге қол жеткізу, ауқымды энергетикалық ресурстар мен пайдалы қазбаларды игеру келісімшартарын қайта қарау; екінші жағынан елдің рейтингінің төмендеуі,  қаржы нарығындағы терең коррекция, шахталардағы жарылыстар. Даңғайыр тәуекелдер барынша жоғары. Ары қарай не болмақ? Осы және басқа да сұрақтарға жетекші сарапшылар мен коммуникация нарығының практиктері жауап бермек. «Бөгеттің ар жағынан» мемлекеттік шенеуніктер, бизнесмендер, журналистер мен PR майталмандары өз көзқарастарын білдірмек.  

«PR Күндері» шеңберінде мынадай төрт негізгі оқиға болады: ІҮ Халықаралық  PR форум, студенттік PR жұмыстардың алтыншы конкурсы, Қазақстандағы PR маман күнін мерекелеу, PR-шы клубының алты жылдығы. Клуб тұңғыш рет корпоративті БАҚ конкурсын ұйымдастырып отыр. Сонымен бірге, Форум жұмысы кезінде жиынға қатысушылар Қазақстанның оңтүстік астанасының өткені мен бүгіні туралы — «Алматы — арман қала?» атты фотокөрмені тамашалайды.  PR Форумға «Каспийский» банкі» АҚ бас демеуші болды. 

«Қазақстандағы мөлдір әрі тұрақты қаржылық құрылым — Каспий банкі PR-форумды қолдай отырып, ақпараттық алаң барынша ашық және мөлдір бағытта даму үшін өз үлесін қосады», — деп мәлімдеді Каспий банкінің басшысы Михаил Ломтадзе.

Форум аясында жыл сайын «PR-шы» клубының мүшелері — Қазақстандағы индустрияның жеткеші практиктері жұмыс істейді. Бұл «ми орталығы» қоғаммен байланыс нарығының барлық аспектілерін қамтып, басты тенденциялар мен проблемаларды есепке алады.

"Қазақстандағы корпоративтік коммуникация нарығындағы күрделі жағдай дағдарыстың пайда болуымен тереңдей түсті. Біз халықтың бизнес пен билікке деген сенімін сақтап қалу үшін жүргізіліп жатқан күресті бақылап отырмыз. Кемшіліктерді түзеуге кеш емес. Қалай түзеуге болады? Бұны біз  PR-форумда талқыламақпыз. PR-шы ретінде біз тұтынушы ықыласын ақшамен сатып ала алмайсың деген аксиоманы қуаттайтын боламыз», — деді PRшы Клубының Президенті Лариса Пак.

Ұйымдастырушылар екі күн ішінде: әлемдік қаржы жүйесіндегі дағдарыс және оның Қазақстанның беделіне әсері; коммуникация саласындағы аутсорсинг; компанияның бірінші PR тұлғасының ерекшеліктері; компанияның имиджі және бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қолға алудағы PR-директордың рөлі; аймақта PR нарығын дамыту, кәсіби БАҚ нарығын дамыту және осы сияқты басқа да тақырыптар бойынша пікірталастар өткізуді жоспарлады.

Бұл тақырыптар кездейсоқ таңдалған жоқ. Өйткені форумның баты мақсаты — елде PR индустрияның,  дағдарыстан шығу технологияларының, корпоративті стандарттардың, репутациялық менеджменттің дамуына  тікелей әсер ететін сұрақтарды — Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуының ең маңызды деген мәселелерін талқылау болып табалады. Пленарлы, секциялық-тақырыптық, және панельді пікірталастардың көлемі шараның кез-келген қатысушысының спикерлер баяндамасын белсене талқылауға, қолдауға немесе пікір таластыруға мол мүмкіндік береді.

Халықаралық Форумға 150 делегат қатысады деп күтілуде. 2008 ж Форумына қатысушылар қатарында — PR-шы клубының мүшелері, спикерлер қатарында IPRA 2009 сайланбалы Президенті Мария Гергова, "Банк "Каспийский" АҚ басқарма төрағасы , Михаил Ломтадзе, "Моңғол" фильмінің  продюсері, Гүлнара Сәрсенова,  Азия Авто АҚ Президенті Ержан Мандиев, ҚР құрылысшылар ассоциациясы, ҚР үлескерлер ассоциациясы бар.

«Халықаралық PR Форумның сандық және сапалық деңгейі жыл өткен сайын өсіп келеді. Форумда биылғы жылы табысты пиаршының қоймасынан табылуы міндетті тәжірибелік кейстер мен технологиялар қарасытырылатын болады. Қатысушыларға бұл кәсіби қажетті ақпаратты алу тәжірибесін үйрену, іскерлік байланыс пен әріптестік қатынасты қалыптастыруды тамаша мүмкіндігі», — дейді PG Communications консалтингтік агенттігінің бас директоры Әсел Қарауылова.

PR Форумға әріптес ретінде: «БТА-Банк» АҚ, ұялы байланыс операторы Beeline, General Motors компаниясы, «DERBES (ДЕРБЕС)  сыра қайнату компаниясы» ЖШС », “ArtиШок" театры жанындағы Орталық-азиялық орындаушылық өнері мектебі және "Iteca" көрме компанясы қатысты.

Халықаралық 4-ші PR-Форумның ақпараттық әріптестері:
"Бизнес и Власть", "Новое поколение", "Курсив" газеттері.  "Exclusive", "National Business", "Эксперт-Казахстан", "Маркетинг товаров и услуг", “Экономические стратегии Центральная Азия”. Интернет-порталы "Центр Тяжести" журналдары және publicity.kiev.ua

PR-кәсіпқойларының PRшы Клубы туралы:
Қазақстандық PR-кәсіпқойларының PRшы Клубы Клуб www.prclub.kz 2002 жылы құрылған. Клуб бизнес құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ және Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары мен PR агенттіктерінің PR-менеджерлерінің бейресми бірлестігі болып табылады. Бүгінгі күні Клубқа қоғаммен байланыс жөніндегі 30 шамалы кәсіпқой мүше.
Клубтың мақсаты — елде қоғаммен байланыс бойынша өркениетті нарықты дамыту, PR индустрия стандарттарын, сондай-ақ, Қазақстанның PR мамандарының беделі мен біліктілік деңгейін арттыру. Клуб мүшелері кәсіби ақпараттар алмасып, өз іс-қимылының проблемаларын талқылайды, өзара ақыл-кеңес алады, Клубтың басқа мүшелерінен кәсіби білім үйреніп, іскерлік қатынасты қалыптастырады.


Клубтың негізгі жобалары:

PR Форум
Саланың ағымдағы тенденциялары мен проблемалары талқыланатын PR индустрияның жыл сайынғы ірі оқиғасы. Форумға PR индустрияның барлық дерлік жетекші сарапшылары, практиктер, өзге елдердің сарапшылары жиналады. 

Ашық  мастер-кластар

Студентер және қатысуға ынта білдіргендердің барлығы үшін қазақстандық ЖОО-лардың бірінің базасында Клуб мүшелері осындай шара өткізеді.

Студенттік жұмыстар байқауы
Қазақстанның қоғаммен байланыс жөнінде мамандық/мамандандыруға ие барлық ЖОО-лары үшін жыл сайын өткізіледі. Байқау PR-студенттіктің шығармашылық әлеуетін айқындау мен кәсіби деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылады. Байқау студенттердің бакалавриат және магистратура категориясы үшін өтеді.

Қазақстандық  PR-маманның туған күні
Жыл сайын 15 мамырда PR-маман күні бейресми мерекесі аталып өтеді

Редакция үшін ақпарат:
Халықаралық PR Форум Hyatt Regency Almaty Hotel мейманханасында 13-14 мамырда өтеді. Жиынға аккредиттелген, арнайы беиджі бар журналистер ғана кіре алады.  Аккредиттеу мәселесі бойынша Қазақстан Баспасөз клубына хабарласу керек.

Аккредиттеу үшін төмендегі мекен-жайға хабарласуларыңызды өтінеміз:
Әсель Берімжарова, Қазақстан Баспасөз Клубы
+77017490200
2 64 67 37, 264 66 89, 264 65 79
press@pressclub.kz

Қосымша ақпарат үшін төмендегі маманға хабарласуларыңызды өтінеміз:
Гаухар Төкішева, PR-Форум үйлестірушісі:
+7 701 7779806,
+7 777 2244932
prforum@pressclub.kz

Елена Ауман, PR-шы Клубының үйлестірушісі:
+7 777 3888196,
elena.auman@gmail.com







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер