Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Банк «Каспийский» АҚ Қазақстанның ең күлімкөз қалаларының алғашқы ондығының рейтингін жасады

Күлімкөз қалалар ондығы рейтингінің жеңімпазы болып Шымкент қаласы танылса, оныншы орынды Қызылорда иеленді. Байқауға Қазақстанның 22 қаласынан 147 филиалдар мен бөлімшелер қатысты.  

Каспий банкі көктемнің 3 айында банк ішінде «Күкі аулаушылар» деп аталатын байқау өткізген. Конкурстың мәні – әрбір қызметкердің банктегі қызмет көрсету деңгейіне риза болған өз клиенттерінің күлкісін неғұрлым көбірек «жинауы» керектігінде. Аймақтық банкирлерге 45,8 мың адам күлкілерін сыйға тартты.

– «Күлкі аулаушылар» байқауы «Патриот» атты материалдық емес уәж бойынша әзірленген жүйеге кіреді, – дейді Каспий банкінің басшысы Михаил Ломтадзе. – Біздің мақсатымыз – Қазақстан мен Орта Азиядағы күлімкөз адам келбетінде алдыңғы қатарлы бөлшекті банк деңгейіне көтерілу.

Зерттеу нәтижелері бойынша ең көңілді күлімкөз клиенттер қатарын шырайлы Шымкент тұрғындары құрады. Осы қаладағы филиалда жұмыс жасайтын қызметкерлер 10 мыңнан астам күлкі жинады. 5 мың клиенттің күлкісін аулаған Семей қаласы ықыласына орай күлкі сыйлаудан екінші орынды иемденді. Өскемен 4,8 мың клиенттің күлкісін жинап, жалпы рейтингте үшінші орыннан көрінді. Ал Теміртау қаласының тұрғындары 22 қала арасындағы жалпы рейтингте ең көңілсіз клиенттер ретінде танылды.
 
Әлеуметтанушылар және саясаттанушылар қауымдастығының сарапшылары (ӘЖСҚ) клиенттердің күлімсіреуінің басты төрт факторын анықтады – ол климат, ділі мен тұрғындардың орташа жасы, ипотекалық дағдарыс, сондай-ақ тұрғындардың тұтыну кәрзеңкесі.


Қазақстанның күлімкөз қалаларының рейтингі
жиналған күлкінің жалпы санынан % үлес

 

Әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығының сарапшысы Мақсұт Сәрсеновтың айтуынша, біріншіден, адамдардың мінез-құлқы олардың тұратын климаттық белдеуіне қарай ерекшеленеді. Байқау көктем айларында жүргізілгендіктен, күннің нұры оңтүстік аймақтарға бірінші түсіп, адамдардың да жүзіне күлкі үйірілді.

Екіншіден, титулды ұлт ділі артықшылықтарының бірі – қиыншылықтар мен ауыртпалықтарға қарамастан мінезі жайдары және болған оқиғаға қашанда оң көзқараста. ӘЖСҚ мәліметтері бойынша қазақтардың ең көп шоғырланған жері – оңтүстік және батыс аймақтар(70%). 

Үшіншіден, банк нарығындағы мәселелер адамдардың көңіл күйіне түрліше әсер етті. Тұрғын үй сатып алуға несиені әсіресе Алматы, Астана және Атырау қалаларының тұрғындары алғандықтан, олардың қазір күлімдеуге шамалары жоқ және бұл қалалар жетекші қалалар үштігіне де кіре алмады. 

Төртіншіден, оңтүстік және шығыс аймақтарда тұтыну кәрзеңкесінің құны біршама төмен. Егер мегаполисте тұратын отбасылардың орташа кірісі 87 мың теңгені құраса, Шымкент пен Өскеменде бұл сома орта есеппен 46 мың теңгені құрайды. Алайда шығындарын қоспағанда, жеңімпаз атанған аймақ тұрғындарының жиынтық кірісі біршама жоғары. 

 «Банк «Каспийский» АҚ:
«Банк «Каспийский» АҚ 269 млрд. теңгеден асатын активтерімен және 41 млрд. теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. 2007 жылдың қорытындысы бойынша банктің несиелік портфелі 188 млрд. теңгені құрады. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 147 бөлімше мен 548 пункттен құралады. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау жетекші қоры – «Банк «Каспийский» АҚ-ның инвесторы www.bc.kz.

Бэринг Шығыс Кэпитал Партнерс:
Бэринг Шығыс Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Шығыс қорлары 50 компанияға $600 млн артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспийский» банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында танымал халықаралық қаржы институттары: Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Шығыс ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялау қорларын басқару тобының құрамына кіреді. www.bvcp.ru

Қосымша мәлімет қажет болса хабарласыңыз:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:  Zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85

Салтанат Әскербекқызы
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының жетекші маманы
Тел: 8 (727) 250-19-13 (ішкі -1928)
Эл. пошта: askerbekkyzy@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-758-50-42

Алматы, Қазақстан:
16 маусым 2008 ж.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер