Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамының
Акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

Толық атауы: «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы
Атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А»
«Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 37-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына және 41-бабына сәйкес жиналысты шақыруға бастама көтеруші ретінде 2019 жылы 15 наурызда жергілікті уақытпен сағат 10:00-де 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – акционерлердің жалпы жиналысы) өткізілетінін хабарлайды.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу жиналыс өткізілетін жерде жергілікті уақытпен сағат 09:30-да басталып, жергілікті уақытпен сағат 10:00-де аяқталады.

  • Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердiң тiзiмi жасалғаннан кейiн, осы тiзiмге енгiзiлген тұлға қоғамның оған тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен айырса, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар табыс етілуге тиіс.

Кворум болмай қалған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы 2019 ж. 18 наурызда жергілікті уақытпен сағат 10:00-де мына мекенжайда қайтадан өткізіледі: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А».

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалатын күн – 14 ақпан 2019ж.

Күн тәртібі:       

  1. «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
  2. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережесіне өзгерістерді бекіту туралы;
  3. «Kaspi Bank» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивиденд төлеу және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту туралы.

Акционерлік қоғамдар туралы заңның 44-бабының 4-тармағына сай күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар жиналыс өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында дайын болады және акционерлердің танысуы үшін қолжетімді болады. Жалпы жиналысты өткізуге қатысты ақпаратпен «Kaspi Bank» АҚ Корпоративтік сүйемелдеу департаментінде 8(727)356 34 23 телефон нөмірі арқылы танысуға болады.

Жалпы жиналысты өткізу тәртібі Акционерлік қоғамдар туралы заңның 48-бабына сәйкес жүргізіледі.

Жиналыста сырттай дауыс беру қолданылмайды.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер