Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Комиссиясыз онлайн төлем енді барлық Қазақстандықтарға қолжетімді

Kaspi Bank көпшілік назарына дизайны мен қызметтері жаңартылған kaspi.kz-ті ұсынды.

kaspi.kz-те төлемдерді үйде немесе жұмыста отырып-ақ, 1-ақ минутта комиссиясыз төлеуге болады. kaspi.kz сайтының бірінші нұсқасы 2012 жылдың орта кезінде kaspi bank клиенттері үшін іске қосылған болатын. Банк клиенттері арасында жылдам сұранысқа ие болған сайтқа 2 жыл ішінде 522 000 қолданушы тіркелді.

«Уақыт – біздің ең құнды нәрсеміз. Біз оны түрлі қызметке төлем жасау үшін кезекте –өткізгіміз келмейді. kaspi.kz бізге уақытымызды достарымыз бен отбасымызбен бірге пайдалы өткізуге, жеке игіліктерге арнауға мүмкіндік береді», -дейді Михаил Ломтадзе.

26 маусымға дейін kaspi.kz тек kaspi bank клиенттері үшін ғана қолжетімді еді. Енді комиссиясыз, кезексіз төлем жасауға, қай банктің клиенті екендігіне қарамастан бүкіл қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Төлемдерді кез-келген банктің картасы арқылы немесе барлық өңірдегі kaspi bank-тің 3000-нан астам терминалдары арқылы kaspi әмиянды толықтырып қолдануға болады.

kaspi bank-тің есебінше қазақстандық отбасылар әр ай сайын түрлі төлем жасау үшін кезекте кемінде 2 сағат уақыт тұрады. Осылайша жалпы алғанда бір жылда 5 миллион отбасы жалпы көлемі 120 миллион сағат уақытын кезекте өткізеді.
«Осы уақыттың ішінде өзіміз, айналамыздағы адамдар, еліміз үшін қаншама тамаша нәрселер жасауға болады?! Естеріңізде болса, Медеу мен Шымбұлақ шатқалдарында 2011 жылғы боран кезінде 100 мыңға жуық ағаш құлады. Егер әрбір сағат сайын бір ағаштан отырғызсақ, онда біздің төлем жасауу кезінде босқа кететін уақытта 1200 орманды қалпына келтіруге болады!- деді Михаил Ломтадзе. - Мен комиссия туралы айтып отырған жоқпын. Біздің есебімізше, осы уақытта төленген комиссияның жалпы есебі 45 миллиард теңгені құрайды».
kaspi.kz - Digicert халықаралық жетекші компаниясымен сертификатталған және Visa халықаралық төлем жүйесінің қауіпсіздік жөніндегі стандарттарына сәйкестендірілген.

Төлемдердің өткені және жалпы жүзеге асырылған төлем операциялары СМС-хабарлама арқылы мақұлданады. Бұл соманы тексеруге, кездейсоқ қателіктерден сақтандыруға мүмкіндік береді.

Барлық төлемдердің тарихы мен банк мөрімен мақұлданған түбіртектер сақталады. Оны қажеттілік туындаған кез-келген уақытта басып шығарып, пайдалануға болады.

«Біз сайттың әдемі, ыңғайлы, түсінікті болуы үшін ең заманауи технологияларды қолдандық,- дейді Михаил Ломтадзе,- kaspi.kz-ті жасау кезінде біз банктерде қазақ тіліндегі толыққанды сайттардың жоқтығын аңғардық. Cондықтан, біз kaspi.kz-ті қазақ тілінде жасадық».

Қосымша сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
Ербол Азанбек
БАҚ-пен байланыс басқармасының бас маманы
Жұмыс.: +7 727 258 59 65 ішкі 2945
Ұялы.: +7 702 280 50 30







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер