Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Мақсұт Жұмаевтың түскен жарнама ролигінің түсірілімі туралы шағын фильм

Kaspi Bank қызықты «фильм туралы фильмді», әлемнің ең биік 14 шыңын бағындырған белгілі қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаевтың қатысуымен «Қаһармандар Kaspi-мен бірге» имидждік науқаны үшін түсірілген 60 минуттық жарнама ролигінің түсірілімі туралы сюжетті назарларыңызға ұсынады.

Роликтің өзі (2015 жылғы 25 мамырдан бастап 19 шілдені қоса алғанда еліміздің ірі телеарналарында көрсетілді) Алматы маңындағы Қарлытау шыңында, Богданович мұздығы аумағында түсірілді. Түсіру жұмыстары әсерлі әрі қауіпті оқиға болды. Тіпті көктемнің соңғы күндері де Қарлытау бөктерін қар басып жатты, бірақ ери бастаған екен. Дәл осы жағдай Мақсұт Жұмаевтың өміріне қауіп төндірді, ери бастаған қардың осал шетін басқан альпинист құрдымға құлады. Тек сақтандыру арқаны мен серіктесінің қайратты қолының арқасында қаһарман қазадан аман қалды. Бұл оқиға камера жұмыс істеп тұрғанда орын алып, осы кадрлар роликтің бөлігіне айналды. Оны Kaspi bank үшін Канаданың Sherpas Cinema компаниясы түсірген. Бұл студия экстремалды жағдайларда жоғары кәсіби түсірудің арқасында әлемге танымал болған. Студия жұмыстарының техникалық жағынан, сол сияқты көркемдік жағынан кинематографиядағы жаңа бағыт ретінде саналуы орынды.

Kaspi жарнама ролигінің түсірілімі туралы шағын фильм канадалық студияның мамандарының және Мақсұт Жұмаевтың өзіне қандай қатал жағдайларда жұмыс істеуге тура келгені туралы әңгімелейді. Түсіру тобы орналасқан шатырды не қар басып тастап, не жел құлатып отырды. Тек түсіретін күні ғана ауа райы ашылып, биік таудың таза ауасы және көз шағылыстыратын күн сәулесі сиқырлы ахуалдық мөлдірлігі мен бояу қанықтығын беруге көмектесті.

Материалдың көп бөлігі бірегей Cineflex аппаратурасының көмегімен тікұшақ бортынан түсірілді, бұл құрал адам айтқысыз селкілдеу кезінде де «бір қалыпты» көріністі алуға жағдай туғызады. Сондай-ақ әртүрлі крандары мен слайдерлері бар жоғары шешімі бар RED Epic арнайы камерасы пайдаланылды. Мұның бәрі тірі бейненің серпінді әрі қайталанбас әсерін жасады.

Мақсұт Жұмаев түскен роликтің түсірілімі туралы шағын фильмді тамашалаңыз:

Мақсұт Жұмаев түскен ролик мұнда

АНЫҚТАМА: 2014 жылғы қыркүйек айында Kaspi қадам басқан сайын шыңдарды бағындырып, мақсатқа жетіп, қажырлы еңбек пен алға жүруге деген үздіксіз талпыныс арқылы керемет нәтижеге жеткен қарапайым қазақстандықтар туралы сүйікті клиенттері мен достарына айтып беру туралы шешім қабылдады. Әлемнің барлық ірі шөлдерін жүгіріп өткен белгілі марафоншы Марат Жыланбаев, 16 жылдан бері барлық уақыты мен күшін асырауындағы балаларына арнайтын 350 баланың анасы Тұяқ Есқожақызы, әлемнің ең биік 14 шыңын бағындырған альпинист Мақсұт Жұмаев қаһарман болды. Әрбір қаһарманның қатысуымен оның жетістіктері туралы әңгімелейтін ролик түсірілді.

Kaspi «Қаһармандар Kaspi-мен бірге» имидждік науқанын жалғастырмақшы. Жаңа қаһарманды күтіңіз!







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер