«Kaspi Bank» АҚ акционерлеріне арналған Банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы ақпараттық хабарлама
«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің назарына
«Kaspi Bank» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А», ЖСК KZ69125KZT1001300249, БСК NBRK KZ KX, БеК – 14, БСН 971240001315, телефон: (727) 355-14-27, факс: (7272) 50-95-96, E-mail: office@bc.kz, 2023 жылғы 21 қыркүйектегі акционерлердің Кезектен тыс жалпы жиналысының шешімінің негізінде жай және артықшылықты акциялар бойынша бір акцияға 3000 теңге мөлшерінде дивиденд төленетінін хабарлайды. Дивиденд төлеуді бастайтын күн – 2023 жылғы 21 қыркүйек. Төлеу кезеңі – 2022 жыл. Банктің акциялары бойынша дивиденд төлеу акционерлердің жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде не номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның акциялары бойынша дивиденд төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылады.