Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

10 маусым күні kaspi bank-інің Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен kaspi bank-інің басшысы Михаил Ломтадзе дәстүрлі баспасөз ланчында іскери БАҚ-тың журналистерімен кездесті. Банк тарапынан ешқандай да ресми мәлімдеме болған жоқ, уәжі – журналистерді көптен толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беру, Қазақстанның банк нарығында болып жатқан соңғы оқиғаларға түсініктеме беру.
Назарларыңызға барлық сұрақтар мен жауаптарды тарқатып беріп отырмыз.

«Құнсыздану құрдымы»

Бізде кері процесс жүреді, доллардың деңгейі 118-122 теңгеге түседі деп пайымдауға негіз бар. Қазір оны Ұлттық Банк ұстап отыр. Сіздер мұндай сценарийге дайынсыздар ма?

Михаил Ломтадзе: Өзіміздің валюталық ұстанымдарымыздың тұрғысынан біз баланста ұстауға әрі валюта бағамы бойынша болжамдар жасамауға тырысамыз. Біздің несие портфелімізде шамамен 20% валюталық несиелер бар, жалпылама қарасақ әрі басқа банк секторымен салыстырсақ, бізде жалпы алғанда валюталық тәуекелдер жоқ. Егре сіз айтып отырған бола қалса, долларлық несиелері бар қарыз алушылар өз қарыздарын оңай өтейді. Орта мерзімді болашақта бұл несие портфелінің сапасына әсер етуі мүмкін. Жалпы біздің банк туралы айтар болсақ, біз валюта нарығында валюталық алып-сатарлықпен, ойындармен айналыспаймыз.

Ақпан айында болған құнсыздануды бағалайтын болсақ, қазақстандық банктер үшін негізгі нәтиже мынада: активтердің құрылымы өзгерді, банк жүйесінде біржолғы қайта бағалау жүрді әрі цифрлар өзгерді. Сіздер өз мақалаларыңызда баланстар мен активтердің өсімі бойынша шолу жасағанда, сіздерге осы теңге құнсызданғанда болған біржолғы нәтижені ескеру қажет.
Жалпы экономика тұрғысынан біржолғы болған құнсыздану – өте маңызды. Бұл өз шикізатын экспорттайтын ірі компанияларға бәсекелестік қабілетін арттыруға көмектесті.

Сонда ірі компаниялар өз мәселелерін халықтың есебінен шешкен болып тұр ғой?

Михаил Ломтадзе: Өздеріңізге белгілі, билік ұзақ мерзімді жоспарларға, еліміз бен экономика 5 жылдан кейінгі көріністерге сүйене отырып шешім қабылдайды. Біржолғы құнсыздану, әлбетте, дұрыс қадам болды деп есептеймін. Бұл ТМД-ның басқа елдерінде болғаннан әлдеқайда дұрыс жасалды. Оларда 6-12 ай бойы құнсыздану нақты 40-60% болды әрі ол өте баяу жүрді. Нәтижесінде бұл елдердің экономикасының халі өте нашар. Украинаға қараңызшы. Мен мұндай шешімдер экономиканың ұзақ мерзімді дамуы мен ұлтық қауіпсіздікке сүйене отырып қабылданады деп есептеймін. Әу бастан-ақ мен бұл дұрыс шешім деп есептедім. Орта мерзімді болашақта мұның Қазақстан экономикасы үшін артықшылығы бар: компаниялар үшін де, қаржы секторы үшін де, халық үшін де.

Сонда да валюта бағамының ахуалы және Ұлттық Банк оны қалай басқарып отырғаны қызықтырады.

Михаил Ломтадзе: Ұлттық Банкті басқару ТМД нарығында ең кәсібилердің бірі. Бұл біздің пікіріміз. Мен экономист атағынан үміттеніп отырған жоқпын, біз – практикпіз. Клиенттеріміз бен акционерлеріміз үшін құндылықтар жасау үшін басқарып отырған банкіміз бар. Экономикамен байланысты сан алуан теориялық нәрселерді маған болжау қиынға соғады. Ұлттық Банкте жұмыс істейтін адамдарды мен нағыз кәсіпқойлар деп есептеймін, олар не істеп жатқандарын түсінеді. Реттеушілер мен Ұлттық Банк тарапынан қолға алынып жатқан шаралар өте жедел әрі тиімді.

«Қыздар – ең сапалы клиенттер»

Мұнай секторы мен ірі инвестициялық жобалармен болған проблемалар банк секторын әлсіретуі мүмкін. Сіздердің банк халықпен жұмыс жасайды, өздеріңіз үшін бұл тәуекелдерді қалай бағалайсыздар? Дәл сол корпоративтік бизнесте сәтсіздіктен қорықпайсыздар ма?

Вячеслав Ким: Қазақстандағы нарық шағын ғана, сондықтан да барлық банктер әмбебап, корпоративтік сектормен де, бөлшек сектормен де жұмыс істей береді. Біздің банк әрдайым бөлшек бизнеске ерекше назар аударды.

Михаил Ломтадзе: Корпоративтік бизнеспен біз айналысқанбыз. Күткенімізден де көптеу онымен таныспыз десек те болады. Дәл қазір біз өзіміздің корпоративтік клиенттерімізбен жұмысты жалғастырып жатырмыз, өйткені олардың мүмкіндіктері шектеулі, ал серіктестік бір-біріне қол ұшын беруден тұрады емес пе? Міне, біз осылай істеп жатырмыз. Алайда корпоративтік сегменттің өзінде біздің бөлшек бизнесімізді дамытуға септігін тигізетін бизнестер біз үшін басым болып отыр. Біріншіден, бұл сауда желілері. Осындай корпоративтік клиенттер арқылы біз банк қызметін өзіміздің мақсатты аудиториямызға ұсына аламыз. Мысалы, бұл кинотеатрлар, косметика, электроника және тұрмыстық техника желісі. Неге бізді сан алуан желілер қызықтырып отыр? Өйткені бөлшекті желілер қызметін біздің мақсатты аудиториямыз пайдаланып отыр. Қазіргі айтайын дегенім әйелдер қауымы үшін мақтау сөз болуы мүмкін. Біздің банктің ең сапалы клиенті – қыздар. Біздің қыздармен жемісті еңбек ете алатынымызды көзге елестетіп көріңізші ? Олар қай жерде көбірек болатын болса, біз де сол жерден табылуымыз керек! Сондықтан да біз Қазақстанда «нөмір бірінші» болғысы келетін әрі өз дүкендерінің санын екі есе көбейткісі келетін «Mon Amie» косметика желісін қаржыландыруды шештік .
Жалпы алғанда, егер сіз банктің корпоративтік бизнес бойынша несие порфелін қарасаңыз, бізде көптеген бөлшек желілер бар екеніне көз жеткізесіз: бұл ұялы телефондар, кинотеатрлар, ойын-сауық парктері, техника және т.б.

Халыққа несие беруге қатысты айтар болсақ, ең бастысы – тәуекелдерді бағалау. Тәуекелдерді біз былайша бағалаймыз: несие берер кезде көптеген факторларды бағалаймыз. Біздің бизнес-үлгіміздің Қазақстанның банк секторында осыған дейін іске асырылған бизнес-үлгілерден айырмашылығы бар. Бұл біз ақшаны бәріне бірден бермейміз дегенді білдіреді. Бизнес технологиялық тұрғыда клиенттерге өте жылдам әрі тиімді қызмет көрсететіндей етіп құрылған, бұл ретте клиентті бағалау үшін бірнеше минуттың немесе сағаттың ішінде ауқымды ақпаратты өңдеу керек. Бұл тұрғыда біздің банк – несие тәуекелдерін өте жылдам бағалай алатын әрі халыққа несие бере алатын фабрика, зауыт. Біз ай сайын шамамен 20-30 мың тұтынушылық несиелерін беріп жатырмыз. Оларды сапалы беру үшін біз көлемді факторлар шоғырын талдаймыз. Біз ықтимал қарыз алушылардан түскен 40 мыңнан астам несие өтінімдерін қараймыз, ең үздік клиенттерді таңдаймыз. Ай сайын несие беретін 20 мың клиент – бұл еліміздегі қала халқының не бары 1% ғана. Біз жұмыс жасайтын деректер базасының көлемін елестете аласыз ба? Егер де біз ай сайын 1% алып отырсақ, біздің айдан айға, жылдан жылға дейін: а) нарықтағы қатысымызды ұлғайтатындай, б) өз клиенттерімізді тереңірек түсінетіндей әрі олармен ұзақ мерзімді қарым-қатынас жасайтын деректер портфелі болатын еді.

Ұзақ мерзімді қарым-қатынас деп біз нені түсінеміз? Егер біз бір адаммен бір рет жұмыс жасасақ және ол өз міндеттемелерін адал орындаса, онда біз оның өмірінің кез келген белесінде оның несие ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыратынымызға кепілдік береміз. Қазіргі таңда біздің қарыз алушыларымыздың 20-30% – қайта өтініш айтқан клиенттер, бізден 2-3-5 рет несие алған адамдар.

Банктердің несие портфелінің нашарлағанына қандай баға бересіздер, сіздікімен не болып жатыр, мерзімі өткізілген несиелермен қандай жұмыс жүргізіп жатырсыздар, олар шынында да қиындық тудырып жатыр емес пе?

Михаил Ломтадзе: Кез келген банк - жалпы экономикалық ахуалдың көрінісі іспеттес. Банктің балансы – бүкіл экономиканың айнасы, үлкен қателіктер жоқ десек те болады. Ал шындығында, көптеген банктер қазір мерзімі өткізілгендерге қарамастан, осы несие портфелімен қызмет көрсетуде. Мысалы, егер Альянс-банкпен болған жағдайды алсақ, әу баста клиенттердің тәртібін түсіндіруге болатын еді. Адамдарда «банкпен ертең не болатыны белгісіз, әзірше алған несиемді төлемей қоя тұрайын, сұрай қалса ғана төлермін» деген ой болды, бүкіл әлемде осылайша еді. Ондағы ахуал айқындалғанда, жаңа команда келді, қарыз алушылармен жұмыс жандана түсті, төлемдер жасала бастады.

Мерзімі өткен төлемдермен банктер қалайша жұмыс жүргізіп жатыр? Капиталдың бірдейлігінің деңгейіне көп нәрсе байланысты. Банктің капиталы жоғары болған сайын мерзімі өткен несиелерді жабу үшін провизияларды жасауға мүмкіндіктер көп. Біздің жағдайымызда несиені жабу деңгейі мен провизияларды жасау мүмкіндіктері бізде өте жоғары, қажеттісінен 2-3 есе көп. Клиенттерімізде несиені төлеуде қиындықтар туындаса, біз олармен жеке жұмыс жүргізуге тырысамыз. Қарыз алушыға оның ай сайынғы төлемін жеңілдетуге көмектессек, ол белгілі бір уақыттан кейін қалыпты төлеп отырса, біз оған қолдау көрсетеміз. Алайда егер клиенттің қаржылық жағдайында ешқандай жақсылық нышаны байқалмаса, онда, өкінішке орай, оның кепілге берген заттарын сатамыз. Біз негізгі борышты төлеудің мерзімін кейінге қалдыру бойынша түрлі көпшілік акцияларды өткізумен айналыспаймыз.

«Міндетіміз – король емес, бай болу»

БЦК инвестор ретінде халықаралық қаржы корпорациясын тартты. Сіздер осындай әрекет жасамайсыздар ма?

Михаил Ломтадзе: Біздің банктің ірі халықаралық инвесторлары бар ғой. Менің инвестициялық қызметімде дәл осы сұрақты қойған кезде мен жиі былайша жауап берген едім: міндетіміз король емес, бай болу . kaspi bank туралы нақты айтар болсақ, біздің инвесторымыз – ТМД нарықтарындағы ең үлкен инвестициялық қор, сондықтан да біз капиталды тарту жөнінде ешқандайда келіссөздер мен диалог жүргізбейміз. Ағымдағы жағдайда басқа банктердің IFC сияқты инвесторларды тартуы (айтпақшы, өткен жылы олар бізге ең қомақты несие берді - 100 миллион доллар) – бұл қалыпты практика, олар несиелеген кезде капиталдағы үлесін сұрайды. Қазір ақша қымбат, сондықтан кез келген институционалды қаржы институты қазір «қарызды» капиталдағы үлеспен қиыстырады. ЦентрКредит банкінің жасаған қадамы - ірі жетістік.

Сіздер проблемалы банктердің акцияларын сатып алуды жоспарлап отырсыздар ма?

Михаил Ломтадзе: Біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ. Біздің банк үшін нақты құнды заттарға дұрыс баға берген кезде инвестициялауға қызығушылығымыз бар. Бізді мамандырылған қаржы компаниялары, зейнетақы қорлары немесе басқарушы компаниялар, филиалдық желімен, банкоматтармен байланысты активтер қызықтырады. Мұның бәрі қызығушылық тудырады, бірақ біз өз мүмкіндіктерімізбен салыстырамыз. Нарықта болса әрі компаниялар бізге мәні бар активтерін сата бастаса, біз, әрине, оларды қуана сатып аламыз. Алайда бізде міндетті түрде бір нәрсе сатып аламыз деген фикс идеясы жоқ.

«Орта санаттағы банктерге деген сенім артты»

Ұлттық Банктің төрағасы Марченко мырза дәл қазір агрессивті жарнамасы бар әрі жоғары – жылдық 14% көп пайыздық мөлшерлемемен депозиттерді тартып жатқан 3 «күдікті» банк бар деп мәлімдеді. Сіздердің банктің де жарнамасы өте көп. Бұл жайында не айтар едіңіз?

Вячеслав Ким: Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда жалпы алғанда жарнама нарығы ірі көлемде қысқарды. Агрессивті жарнама дегеніміз не? Қазіргі таңда әйтеуір жарнама болса, оны агрессивті деп атайды. Біздің банкте жай ғана жарнама бар. Оның болуы мына тыныштықтың көлеңкесінде бәріне жарқ еткендей көрінуі мүмкін. Біздің жарнамалық бюджетіміз өткен жылғыдай сақталды. Депозиттік базаға қатысты айтар болсақ, ол шынында да белсенді түрде ұлғаюда, әсіресе соңғы 1,5 жыл ішінде. Банкке ішінара БТА сияқты ірі банктердің салымшылары да келіп жатқаны түсінікті, оның үстіне олар өз ақшасын басқа орта банктерге салып жатыр. Депозит бойынша мөлшерлемеміздің басқалардан айырмашылығы жоқ. Жалпы алғанда біз Ұлттық Банк төрағасы айтқан банктердің критерийіне жатпаймыз. Бізде бір ғана депозит бар, оның тиімді мөлшерлемесі -13,8%.

Сіздердің банк ірі банктермен болған оқиғадан тек ұтты, олардан депозиттер ірі көлемде алынса, сіздерге ірі көлемде салымдар түсті, өйткені ірі банктерге деген сенімсіздік орташаларына деген сенімділік тудырды. Адамдар ақшаны сақтайтын тұрақты орын іздеп жүр…

Вячеслав Ким: Мен бұл мәселені қатал түрде талдамас едім. Біріншіден, өйткені дағдарыс дүркін-дүркін қайталанып тұрады. 1998 жылғы дағдарыстан кейін 1999 жылғы қаңтарда да құнсыздану болған тұғын, банк жүйесіне деген сенімсіздік болды, 8 жыл өтті – салымдар өсті, банктер көптеген инвестицияны тартты әрі өсіп өркендеді. Сүт өндірісінен бастап авто, банктерге дейін отандық өндіріске тіптен сенбейтін адамдардың санаты міндетті түрде болады. Адамдардың мұндай санаты әрқашан болады. Қазақстан дағдарыс жағдайында міне 24 ай бойы тұр. Біздің банкке қатысты айтар болсақ, біз шынымен де жеңдік, өйткені халықтың орташа, алайда сенімді біздің банкке деген сенімі артты. Кез келген дағдарыс – оң-солын қайта қарау сәті. Біз бәрін де қайта қарап шықтық, халық та дәл солай істеп жатыр. Үкімет белгілі бір қадамдар жасауда, оны сынауға да болады, дегенмен, осы 2 жыл ішінде біз Қазақстанда ешқандайда катаклизм көрген жоқпыз. Елімізде халықтың 30% пайызы кедейшіліктің шегінен шығып кетті ме? Ішерге асы болмағаннан ереуілге шықты ма? Мұндай ешнәрсе болған жоқ қой, мемлекет дағдарыстың халыққа тигізер әсерін барынша төмендетті.

Халықтың депозитіне кепілдік беру қорымен байланысты сұрақ. Кейбір банктерде дефолт жағдайы бола қалса, ақша жетпей қалуы мүмкін. Ал дефолт болуы әбден мүмкін. Мемлекет мұндай банктердің қарыздарын төлемейтінін мәлімдеді ғой.
 
Вячеслав Ким: Мемлекет Қазақстандағы әлеуметтік тұрақтылыққа ден қойып отыр. Биліктің жасаған әрбір қадамы мұны анық білдіріп отыр. Мемлекет БТА мен Альянс банкке кірген кезде, ең алдымен әлеуметтік шиеленісті болдырмау басым міндет болды. Мемлекеттің осы банктерге кіргеніне де бірнеше айдың жүзі болды, қандай жаңалық болса да, нарықта бұл банктерге кіргенге дейінгі үрей жоқ. Депозиттерді сақтандыруға қатысты, сөз жоқ, әрбір банк өз депозиттік базасын сақтандыру үшін төлемдер жасайды. Мемлекет - қордың 100% акционері, осыдан барып кез келген жағдайда бұл қор ағымдағы ресурстармен немесе қосымша инвестициялармен әрбір салымшы алдында өз міндеттемелерін іске асыра алады.

Мен қажет болса үкімет депозиттерге кепілдік беру қорын қосымша капиталдандыруға барады деген сенімдемін. Елімізде халықтығ саны көп емес – соңғы деректер бойынша 15 млн. 800 мың адам, халықтың белсенді бөлігі – одан да аз. Сондықтан да адамдардың қаржы жүйесіне, мемлекетке, билікке деген сенімділігі өте маңызды.
 
Михаил Ломтадзе:
Халықаралық нарықтарда ауқымды өзгерістер болып жатқанына, міне, 2 жыл уақыт өтті. Осы екі жыл ішінде сіздің, достарыңыздың өмірінде тұтынушы ретінде түбегейлі өзгерістер болды ма? Жоқ. Әлбетте, адамдар өз ақшасын әртараптандырды, иә, өз ақшасын үнемдеді, алайда қазақстандықтардың көпшілігіндегідей сіздің өміріңізде де қандай да бір күрт өзгерістер болған жоқ.

Өз әріптестерімнің, таныстарыммен қарым-қатынас жасауға сүйене отырып, «мен үнемдеймін», «өз жинақтарымды әртараптандырамын» деген нәрселер күнделікті қолданылатын болғанын түсіндім, мұның бәрін бір сөзбен айтуға болады – «мен жоспарлай бастадым». Осыған дейін ешкім де жоспарламайтын, дәл қазір мұны істеу керек.

Қалай ойлайсыз, адамдардың барлығы да дағдарыстан шаршады, пәтер сатып алғысы келеді, айтыңызшы, дәл қазір бағасы барынша арзандады ма, жоқ па?

Михаил Ломтадзе: Білесіз бе, инвестициялық банкирлердің арасында кең тараған мәтел бар, біреуі екіншісіне: «Түбі көрінді, енді бұрғылай бастаймыз» депті . Шындығында, ел экономикасының түбі көрінді ме, жоқ па, айту қиынға соғып тұр. Анығы – эмоциялық тұрғыдан әу бастағыдай анық еместік дәл қазір жоқ. Бұл айқын. Бұл банк жүйесі компаниялардың дамуын қаржыландыра бастау үшін экономиканың жұмыс істей бастағанының, компаниялар өндіріс күші мен жұмыс орындарын ашу үшін күрделі шығындар шығара бастағанының белгісі. Яғни бұл тізбектің басталғаны.

Вячеслав Ким: Бұрынырақ біз «түбі» десек, «бұдан да қиын болады» деп ойлаушы едік, қазір сұрақтар былайша қойылады: «түбі көрінді ме?». Яғни баламасы бар – мүмкін, енді жақсы болар. Күтуден жалыққан кезең басталады да, адамдар жылжымайтын мүліктің бағасы енді түспейтінін сезе бастайды. Адам сатып алу туралы шешім қабылдайды. Қазір біз шаршадық, сондықтан сіздің «түбі көрінді ме, жоқ па» деген сұрағыңыздың жауабын өзіміз білеміз. Осыдан бір жыл бұрын барлығын шаршы метрдің әділ құны қызықтыратын. Сол кезде мұны қолдан жасауға болады деп едік. Осы шаршы метрді салуға қанша сағат, қанша адам қажет екенін түсіну қажет, оған құрылыс салушының үстеме пайда ретінде табатын 15-20% қосыңыз. Дәл қазір пәтер сатып алғыңыз келе ме? Қазір пәтер сатып алуға шешім қабылдаған көптеген адамды білемін. Егер де осындай тілектер болса, онда келісуге боларлық баға болғаны. Сатып алуға тілек пайда болғанда, тұтынушылық сұраныс қайта қалпына келеді.

Тоқырау дегеніміз не? Ұсыныстың сұраныстан көп болуы. Сұраныстың пайда болуы - нарықтың жағымды тренді. Бұл дағдарыстан шығудың жолы.

Біздің кәсіпкерлерімізде «түбі – ернеуліктен төмен баға» деген бір елес болған. Өткен жылы біз банктің бас офисі үшін ғимарат сатып алуға тендер жарияладық, өте көп өтінім келіп түсті, баға 2007 жылмен салыстырғанда 10% арзан еді. Біз ғимарат сатып алды деп ойлайсыз ба? Жоқ. Бағаның әлі де түсетінін біз сездік. Алайда енді төмен түспейтін де баға бар. Мен осы жылдың аяғында адамдар жылжымайтын мүлік сатып ала бастайтынына сенімдімін.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер