Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Lost/Тірі қалу
Жаңа маусым ...2009 жыл
 

19 қаңтарда kaspi bank-інің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің іскер тілшілермен осы жылғы тұңғыш кездесуі өтті. Банк басшысы «Ақ кит» кофеханасының бейресми жағдайында өзінің сиыр жылын бағалауымен және болжамдарымен бөлісті. «Биылғы жылы барлық қазақстандық компаниялар енеке табыны сияқты буырқанып жатқан өзенге сүңгиді, ал 2010 жылы ол өзеннен кімнің жүзіп шыққанын, ал кімді ағыс алып кеткенін көре жатармыз», – деп мәлімдеді Михаил Ломтадзе. Бұл ретте kaspi bank басшысының пікірінше, 2009 жыл – сан алуан бизнес-тәжірибелер мен қателіктер үшін ең жақсы кезең.

Сіздердің назарларыңызға барлық сұрақтар мен жауаптарды іріктеп ұсынып отырмыз.

Михаил Ломтадзе:
2009 жылы біз өткен жылы нені жоспарлап, не туралы айтсақ, соны жалғастырамыз. Ең бастысы – біз белсенді түрде өз бизнесімізді дамытып келеміз, ай сайын 20 мыңдай несие береміз. Менің ойымша, берілген несиелердің саны бойынша kaspi bank қазір тұтынушылық несие текшесінде ірі ойыншы болып табылады. Біз тұрақты түсімі бар клиенттерге бағытталған «Қолма-қол несиені» іске қостық, тартымды шарттарымен ерекшеленетін несие картасын іске қостық. Бұл екі өнімнің халыққа қаншалықты керек екенін көріп отырмыз: екі ай ішінде банк тек «Қолма-қол несие» өнімі бойынша 2 мыңға жуық несие берді. Шындығына келгенде, нәтижелеріне көңіліміз толады.

Халыққа ақшаның қажет екені көрініп тұр. Ең бастысы – оны адамдардың қажетсіз рәсімдерсіз қолы жететіндіктей етіп беру. Сондықтан 2009 жылға деген біздің бағдарымыз – осы өнімдерді дамыту.


– Михаил, сіз несие портфеліндегі бөлшек және корпоративтік несие арасында қандай арақатынасты жоспарлап отырсыз?
Михаил Ломтадзе: Біз екі үлкен сегментті несиелейміз – бөлшек және корпоративтік бизнес. Біздің жағдайымызда бөлшекке – шағын және орта бизнесті несиелеу де кіреді.
Осыдан келіп, біздегі несие желісінің шамамен 60%-ын бөлшек және 40%-ын корпоративтік бизнес алады. Бөлшек бизнестің осы 60%-ның ішінде 40% ШОБ, қалған 20%-ын тұтыну несиесі алады. Қазір біз «Даму» қорымен ынтымақтаса отырып, кәсіпкерлермен белсенді жұмыс істеудеміз, біз қатысатын үшінші бағдарлама барысы келісілуде.


- 2009 жылы провизияны арттыру – әлі де ашық мәселе. Сіздің банкте тәуекел менеджментін жақсарту жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Михаил Ломтадзе: 2009 жылы банк секторындағы басымдылық 2008 жылдағы сияқты. Бір жағынан, өтімділікті басқару, екінші жағынан, несие тәуекелдерін басқару. Несие тәуекеліне баса назар аудару жағынан қарасақ, барлық банктердің қарыз алушыларды бірдей бағалау үшін көп күш жұмсайтындығы түсінікті. Бұл бүгінгі күннің ақиқаты әрі бұған көбісі дайын. Былтыр жыл бойы біз kaspi bank-інің тәуекел-менеджменті саласында көп шаруа тындырдық, ендігі жерде біздің жүйе көптеген шешімдерді бірнеше сағаттың ішінде іске асыратындай етіп құрылған. Мәселен, қарыз алушылардың белгілі бір санаты бар, олардың жұмыс орнына, отырған лауызымына және т.б. қарай мұндай санаттағы қарыз алушылар біз үшін қатерлі деген шешімге келеміз, ал мұнда біз 15 минуттың ішінде несие желісіне түзетулер енгзе отырып, оларды іріктеуге айтарлықтай қатал қараймыз. Менің ойымша, бұл көптеген қазақстандық банктерде жоқ бірегей мүмкіндік.

– ҚБА-ның банктердің қорландыруын ішкі нарыққа жұмылдыру туралы ұсынысын қалай бағалайсыз?
Михаил Ломтадзе: Қазіргі үрдіс мынадай: банктер сыртқы төлемдерін ішкі ресурстармен жауып отыр, сондықтан қалай болған жағдай да, 2008 жылғы болған үрдіс биылғы жылы күшеймек, себебі сыртқы нарық жабылады. Осыған сүйене отырып сыртқы міндеттемелерге жұмсалатын ақша ішкі ресурстармен жабылады, нәтижесінде ішкі ресурстарға тәуелділік артады.

Ішкі қор бірнеше бөліктерден тұрады: біріншіден, бұл депозиттер. Жеке тұлғалардың депозитін біз жылына шамамен 2-3 миллиард долларға бағалаймыз. Сол сияқты компаниялардың депозиттері де бар, бірақ олардың көлемі осы компаниялардың қолма-қол ақша алу мүмкіндігіне байланысты. Несие қоры шектеулі болғандықтан, бұл ақшаны компаниялар өзінің дамуына пайдалануы ықтимал, сондықтан корпоративтік сегмент депозиттік база тарапынан айтарлықтай өспейді. Тағы өз активтерімен «Самұрық – Қазына» басқарушы қорының зейнетақы қоры, мемлекеттік компаниялардың атынан бір ірі ақша көзі бар. Олар былтырғыдай депозит нарығында маңызды ойыншы болып қала бермек.

Валюта болжамдары мен жылжымайтын мүлік

– Қазір теңгенің тағдыры төңірегінде көптеген әңгімелер шығуда, ұлттық валютаның құнсыздануы туралы не ойлайсыз?
Михаил Ломтадзе: Валютаға Қазақстанның ішкі факторлары, сондай-ақ көршілерде болып жатқан жағдайлар көп әсер етеді, сондықтан айырбас бағамы қандай болатындығын болжау өте қиын. Негізінде, осы жылдың ішінде теңгенің қандай да бір қалыпты баяу құнсыздануы болатындығын айтуға болады. Бұл болжам Қазақстанның өз өндірушілеріне көңіл бөлетіндігіне негізделген. Мысалы, егер Ресейде күшті құнсыздану болса, Ресей тауарлары арзан тұратын болады және олармен салыстырғанда қазақстандық тауарлар бәсекеге төтеп бере алмайды, сондықтан отандық экономиканы жақсарту және қолдау шеңберінде валютаның шамалы құнсыздануына жол беру керек.

Әр банк өз валюта тәуекелдерін өзі ретке келтіреді, біздің жағдайда біз хеджирленіп отырмыз. Біз күткен валюта бағамынан шыға отырып, өз активтерімізді басқарамыз әрі балансымызды қауіпсіздікте ұстап тұрған құралдарды сатып аламыз. Халыққа келсек, теңгемен жұмыс істеп, жарамды мөлшерлемемен ұлттық валютадағы салымдарымен барабар өтемақы алу жақсы шешім деп ойлаймын. Қазіргі кезде валютамен не боларын болжап айтып беретін адам көп емес. Күн сайын бағам соншалық түбегейлі өзгеруде, евро және доллардың серпінін болжау өте қиын.

Бағамды дәстүрлі болжау әдісі қазір жұмыс істемейді. Мұндай тұрақсыз жағдай бірнеше уақытқа созылады, сондықтан осы уақыт ішінде теңге – қазақстандықтар үшін қауіпсіз салым түрі. 

– Болжаудың қандай да бір негізгі әдістері жұмыс істемегенімен, түрлі экзотикалық әдістері де бар емес пе, мысалы, өзге бір елдердегі ауа райымен болжау?
Михаил Ломтадзе: Айырбас бағамы экономикаға құйылып жатқан ақша көлемі сияқты факторларға да байланысты. Бірақ қазіргі сәтте АҚШ экономикасына аптасына бірнеше дүркін үлкен сома құйылып жатыр, алдымен мемлекеттің қанша ақша басып шығаратынын білмесең, ақша жиынының көлемі қанша екендігін есептеу қиын. Америка конгрессі өз қаржы жүйесін қайта капиталдандыру және корпорациясының 700 миллиардтық бағдарламасы жөнінде ресми түрде хабарлады. Бірақ әр түрлі бағалаулар бойынша, АҚШ федералды резерв жүйесінен, осы 700 миллиард доллармен шамалас келетін өте көп қаражат берілген. Егер ақша жиынының көлемі қаншаға артқанын білмесең, болжам жасау да қиын. Сондай-ақ экономикаға басқаруында триллион доллары бар зейнетақы қоры сияқты түрлі қаржы институттары әсер етеді. Олардың экономикаға әсері өте үлкен және осы цифрларлың барлығын бірге түйістіру өте қиын.

– Қазақстандағы жылжымайтын мүлік жөніндегі болжамдарыңыз қандай?
Михаил Ломтадзе:
Қазір өз мақсатыңа арнап жылжымайтын мүлік сатып алуға жақсы кез екендігіне сенімдімін, өйткені жылжымайтын мүлік құны айтарлықтай түсті.
Несие ақшасына ма жоқ өз ақшаңа ма, бұл екінші мәселе. Қазіргі күні бағаның тартымды екені анық.

– Біздің үйдің кіре берісінде екі бөлмелі пәтерді 30 – 40 мың долларға сатып аламын деген хабарландыру ілулі тұр. Бұл қалыпты баға ма?
Михаил Ломтадзе: Жекелеген пәтерлердің құны туралы пікір айту маған қиын, мұның бәрі көптеген факторларға байланысты. Құнының 30-50% түскені анық.

Банк мәселелері: көршілерде нашарлау

– Биылғы жылғы қазақстандық банктердің тәуекелі туралы сіздің пікіріңіз. Мәселен, Ресейде көптеген банктер сәтсіздікке ұшырады. Сондай-ақ мемлекеттің ірі 4 ойыншының капиталына кіру жәйтін қалай бағалайсыз?
Михаил Ломтадзе:
Біздің жағдайды 2 мыңдай банкі бар және олардың көбі қалыпты банк ретінде жұмыс істемеген Ресеймен салыстыру қиын. Олар түрлі топтар мен компаниялардың қалталы банктері болатын. Ресейдің банк жүйесі жыл сайын өзінен-өзі табиғи жолмен қысқарып отырды, ал үстіміздегі жылы нарық одан да жылдамырақ тазарып келеді. Қазақстандық банк жүйесіне келсек, 2007 жылдың ортасынан бастап көп күш жұмсалды, сондықтан ағымдағы мәселелер банк менеджерлері үшін, реттеушілер мен мемлекет үшін жаңалық емес. Сыртқы нарықтың Қазақстанның өсу серпініне әсері жағына келсек, несиелеу қарқынына, портфель сапасы мен ішкі қорлар үшін бәсекенің күшеюіне әсер етуі жалғасын табады.

Барлық қазақстандық банктер осы кезге дейін қиындықтарға өте жақсы төтеп берді, өз бизнес- үлгілерін өзгертті, өз қарыздарын төледі, ...жалпы барлығы айтарлықтай деңгейде жасалды. «Самұрық – Қазына» қорына келсек, мемлекеттің банктерге кіруіне әрқашан кешенді түрде қарау керек. Қазақстандағы дағдарыспен күрес – бірегей тәжірибе емес, дағдарыс әр 6-7 жылда болып тұрады, Қазақстанға осылай жаһанды түрде бірінші рет әсер етуде. Биліктегілердің әрекеті қандай? Біріншіден, ШОБ пен ипотеканы қолдайтын мемлекеттік мақсаттық бағдарламалар бар, екінші – кепіл құралдарының тізімін кеңейтуі және несие қорларын Ұлттық Банк арқылы беруі. Үшінші – бір жағынан, капиталдың бірдейлігін қолдауы, екінші жағынан, ресурс беру үшін банктердің капиталына тікелей беруі. Капитал – банктер ала алатын, ең ұзақ мерзімді ресурс. Проблемалы қарыздарды сатып алу үшін стресті активтер қорын құру – бұл бастама іске асырылып жатыр. Менің ойымша, бұл шаралардың бәрі – барабар. Ал осы және өзге банктердің мемлекет тарапынан капиталдандыру бағдарламасына қатысуы көбіне осы банктердің қажеттіліктеріне байланысты. Бұл көбіне меншік иелерінің жеке шешімі.

– Егер «Самұрық-Қазына» қоры сіздің банктің капиталына да кіруді ұсынса, келісер ме едіңіз?
Михаил Ломтадзе: Біз ол туралы ойланған жоқпыз, мұндай ұсыныс тіптен талқыланған жоқ. Негізінде, кез келген инвестиция алуға болатын шарттар мен артықшылықтарға байланысты екендігін айта аламын. Мысалы, мен мемлекеттік басқарушы компания сияқты инвестор кіруінің көптеген жақсы жақтары бар деп санаймын. Бұл ресурс берумен және мемлекетпен неғұрлым тығыз жұмыс істеуге байланысты. Мұның ұтымды сәттері көп, бірақ бұл әрқашан келіссөздер мәселесі.

Біздің банкке келсек, биылғы жылы былтырғы жылдың ақшасын тарту тәсілін ұсынамыз. Екі бағытта жұмыс істейтін боламыз: депозиттік базамызды арттыру және халықаралық институционалды ұйымдармен жұмыс жасау. Мен қазақстандық банктердің ішінде (мұны аудит деректерінен көреміз) халық салымдарын тарту жағынан біздің банктің қарқыны ең жоғарғы болады деп ойлаймын. Жақында біз шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша қаржы алу үшін тағы бір халықаралық ұйыммен келісімге қол қойдық. Анық-қанығымен релиз таяу уақытта шығады.

– Сіз қазір kaspi bank ай сайын 20 мың несие беріп отыр дедіңіз. Өз статистикаңыздан нені көріп отырсыз, ШОБ-пен не болып жатыр? Кім және не үшін алып жатыр?
Михаил Ломтадзе: ШОБ-пен үрдіс мынадай – бәріне оңтайлану керек. Көптеген компаниялар өз шығындарын қысқартып жатыр, себебі шикізат құны айтарлықтай түсті, сату көлемі азайды, осыдан келіп өз шығыныңды азайту керек болды, өйткені осыған дейін олар өте қарқынды өсуге бағытталған болатын, ал қазіргі таңда ол жоқ. Қазір бәсекелестік басымдылық көрсеткісі келетін көптеген қалыпты компаниялардың басқа амалы жоқ. Біздің банкке келер болсақ, біздегі несиелеу сегменті іс жүзінде өзгерген жоқ. Бізде құрылыс секторы аз, іс жүзінде жоқ десекте болады, басқа барлық бизнеске несие беруді жалғастырудамыз. Егер сөз кепіл несиелеу жөнінде болса, онда барлығы кепіл базасы мен клиенттің өзінің несие тарихына байланысты. Мысалы, қазір біз үшін медицинаны несиелеу пайдалы бизнес болып отыр.

– Несие портфелінің құрылымы туралы сөз қозғасақ, сіздерде орташа мерзімді және ұзақ мерзімді болашаққа бағытталған несиелердің артқаны байқалады. Бұл банктің шешімі ме, әлде ұзақ мерзімді қаржыландыруды клиенттердің өздері таңдай ма? (айтып отырғанымыз қазақстандық қор биржасындағы есептер- ескерту.)
Михаил Ломтадзе: Негізінде, бастапқыларымызды ауыстыру жөнінде жоспарымыз жоқ, біз көбінесе қысқа мерзімді несиеге бағыт ұстаймыз. Неғұрлым ұзақ мерзімді жаңа өнімдерді шығару (менің айтып отырғаным, 5 жылға дейінгі жылдық несие не 3 жылдан 10 жылға дейінгі несие емес, жарты жылдық несие) мерзімдерді шамалы арттырудың көзі болуы мүмкін. Мысалға, несие карталарының мерзімі мүлдем жоқ, бұл несие ресурсын әрдайым алу мүмкіндігі. Сондай-ақ ШОБ тұрақты клиенттеріне ұзақ мерзімді ресурс беруге тырысамыз.


– Қазір барлығын дағдарыстан қалай шығу мәселесі қызықтырады. Түрлі бастамалар ұсынылып жүр: барлық депозиттерге толық кепілдік беру, басып шығару станогын қосып, экономиканы ақшаға толтыру және осылайша экономиканы жақсартуға ішкі ниет пайда болады деп те айтылуда. Бұл барлық ауруларға ем бола ма? Сіздің ойыңызша, тығырықтан шығудың қандай жолдары бар?
Михаил Ломтадзе: Негізінде мен теоретикке қарағанда, көбірек практикпін. Сондықтан мен төселген экономист емес, жақсы әңгімелесуші ретінде ғана талдауға қатыса аламын (күледі – ескерту). Менің ойымша, Қазақстан ТМД-ның көптеген елдерінен ерекшеленеді, себебі бұл жердегі негізгі проблемалы тұс – банктердің сыртқы қарыздары мен елден шығарылуы тиіс қаржының көлемі. Қазақстандық банк жүйесінің қарызы шамамен 40 миллиардты құрайды, одан әр 12 ай сайын 10 миллиард доллардан төлеп отыру керек.
Осы проблемалардың ауқымын басқару жағынан келсек, олардың банк жүйесінде шоғырлануының есебінен мәселе жеңілдейді. Өрескел тілмен айтқанда, мәселенің шоғырлануы – банктердің бірінші ондығында, олармен жұмыс істеу керек. Мәселен, Ресейдің өзінде барлығы анағұрлым күрделірек. Олардағы сыртқы қарыз банктер мен корпоративтік бизнес арасында, яғни банк секілді шетелдерден тікелей қарыз алған жүздеген, мыңдаған кәсіпорындардың арасында бытырап кеткендіктен, ол жерде негізгі қиындықтар биыл шығады.

Міне, сондықтан Қазақстанда үкімет банк секторына соншалық назар аударып отыр. Биліктегілерге бірінші негізгі мәселені шешу керек – банктердің осы сыртқы қарыздарымен не болмақ, сосын экономикаға қанша ақша құйылады.

Шешу механизмдері: ақшаны басып шығару керек пе, жоқ па – инфляция қарқынын, өз валютасының ұстанымын бағалайтын, яғни жалпы экономикаға қарайтын мемлекеттің ерекше құқығы.. Басу станогын қосу өз кезегінде инфляцияға әкеп соқтыратынын білесіз, мүмкін қысқа мерзімді болашақта ауыртпалық әкелер, бірақ орташа мерзімде – экономиканың жағдайына жақсы әсерін тигізеді. Кәсіпорындардың шығыны азая бастайды, шикізат пен азық-түлік арзандай бастайды, нәтижесінде экономикаға пайдасы тиеді. Бірақ осы іс-әрекеттерді қандай кезекпен қою керек – бұл Қаржы министрлігінің, Ұлттық Банктің және Үкіметтің ерекше құқығы.

– Қазір батыстың БАҚ –тарында біздің еліміз күйреу шегінде екендігі, тіпті біздің экономикамызды қирату үшін ақпараттық шабуыл әзірленіп жатқандығы туралы материалдар шығып жүр. Осындай болжамдар туралы не ойлайсыз?
Михаил Ломтадзе: Білесіз бе, мен шетелдік БАҚ-тан мұндай материалдарды көрген жоқпын. Менің ойымша, Қазақстанның жағдайы көптеген дамушы елдерге, оның ішінде Ресейге қарағанда әлдеқайда жақсы. Ал мұндай мақалаларды.... (күледі - ескерту) мен құпия қастандық теориясы мен конспирацияға сенбеймін .... әсіресе батыс тілшілерінің нақты бір елге қарсы дегенге. Ал халықаралық рейтинг агенттіктері кейде бір нәрселерді айтуы мүмкін (күледі).

– Егер тоғышар адам ретінде қарасақ, Ресейде жақсы сияқты, ол жерде өздерінің шина, автомобиль өндірісі бар, тіпті балалардың ойыншықтарын да шығарады, ал Қазақстан не шығарады? Әртараптандыру туралы айтылып келе жатқанына 17 жыл болды, ал ол әлі жоқ.
Михаил Ломтадзе:
Жүйелік тәуекелдер, әрине, бар. Бірақ менің қашан да айтарым, осы дағдарыс жағдайы – бұл жай ғана жаңа мүмкіндіктер үйіндісі, тіпті нақты компанияларды алсақта та, 5 жыл өткеннен кейін бұл жағдай мүлдем басқаша көрінуі мүмкін екеніне сеніңіз.

2009 жылдың керемет мүмкіндіктері:
ірі тәжірибелер мен қателіктер уақыты

– Онда айтыңызшы, бүгінгі дағдарыста сіздің банкіңіздің қандай мүмкіндіктері бар және оларды қалай пайдаланғыңыз келеді?
Михаил Ломтадзе: Біз қазіргі таңда жылжымайтын мүлік пен жалдау құны тұрақталып, жарнама құнының төмендеп келе жатқандығы туралы айтқанбыз. Бідің банк былтырғы жылы жарнаманың үлкен тапсырыс берушісі болған, сондай көлемдегі жарнаманы біз биылғы жылы да бере аламыз, бірақ 30-40% арзан, біз мұны өзіміздің барлық жеткізушілерімізден талап ететін боламыз. Жалақы сондай қарқынмен өсіп отырған жоқ, оны айтпағанда, Қазақстанда да, шетелде де жақсыларын тарту арқылы өз командаңды күшейтуге болатындай, нарықта қаншама мамандар пайда болды. Былтыр жыл бойы біз өз қызметкерлеріміздің жалақысын қысқартқан жоқпыз, дағдарыс салдарынан ешқашан жұмыстан шығарып, филиалдарды жапқан жоқпыз, сондықтан дамуға мүмкіндігіміз көп. 2009 жылы филиалдың ашылуы, жұмыс күші мен өнімдерімізді ілгерілету арзанырақ болады. Біздің банктегі ең үлкен шығын – бұл еңбек ақысының қоры, жарнама және жалдау ақылары/коммуникация. Осының бәрі арзандап келеді. Егер кім осы мүмкіндіктерді барынша пайдаланса, сол ұзақ мерзімді болашақта жақсы болмақ. Ендігі жерде ешкімнің артынан қуудың қажеті жоқ. Қазір нарықта бүкіл елге бет алды несие тарату жоқ. Қазір адамдарға: «Демалысқа шық та, 20 жылға несие ал», - деген слоганмен 20 жылға тұтынушылық несие ұсынудың керегі жоқ (күледі), мұндай ауытқулар нарықта жоқ, бұл бізге жақсы.

Биылғы жылы біз жаңа өнімдер шығарамыз және 2008 жылы іске қосылғандарды да ұсынамыз. Бұл біздің өзгелерден ерекшеленуімізге көмектеседі. Біз жай ғана не екені түсініксіз және қай уақытта екені түсініксіз нәрсені ұсынбаймыз, әр қадамымызды ақырындап басамыз, сондықтан адамдар біздің банкті шынайы бағалайды. Біз былтырғы жылы байқаған депозиттердің қарқынды өсуі жайдан жай емес шығар, бізде қаражат сыртқа кеткен бірде-бір ай болған жоқ, бізге әрқашан қосылып отырды. Бұл клиенттермен өзіміздің байланысымызға, қызметті жақсартуға қаржы салғанымыздың нәтижесі. Нарықта біздің атағымыз жақсы, осының бәрінің арқасында біз нарықтағы өз үлесімізді ұлғайтамыз.

Сондай-ақ қазір қателік жасауға ең қолайлы уақыт, өйткені олар қазір әлдеқайда арзан тұрады, ал қателік – жаңа бір нәрсені үйренудің ең қызық мүмкіндігі. Сол сияқты қабылдауға болатын барлық қатал шешімдер.
Әдетте бір нәрсені өзгерткенде үлесіңді, бәсекелестік басымдылығыңды, қызметкерлерді жоғалтамын деп қорқасыз. Қазір сіз бұлардың ешқайсысын жоғалтпайсыз, өйткені сенің банк бизнесін жалғастырып, белсенді түрде несиелеп және депозит тартып отырған аз банктердің бірі екендігіңізді ескерсек, ағымдағы нарық жағдайында бұл тәуекелдер жоқ. Сондықтан 2009 жылы бізде көптеген тәжірибелер болады деп ойлаймын.

– Банк экономика дамуының орны ретінде аграрлық секторды несиелеумен айналыса ма? Қазақстанның ЖІӨ бұрын банктер мен құрылыс компаниялары ілгерілетіп отырған, ал қазір қозғаушы күш кім болады?
Михаил Ломтадзе:
Кез келген салада дұрыс іс істеп, қиын кезеңдерге салмақпен қарайтын компаниялар бар. Бірде-бір менеджер 1,5 жыл бұрынғыдай бәрі жақсы деген қиялмен өмір сүрмеуі керек. «Автоматта», инерциямен өмір сүріп жатқан, қатаң шешім қабылдай алмайтын компаниялар да бар. Мұндай компаниялар нарық сегментіне қарамастан, аман қала алмайды. Биылғы жылы 2009 жылдың даму көзі болатын қозғаушы күшті таңдау қиын. Орта мерзімді болашақта – бұл ШОБ пен қызмет көрсету саласы, себебі шикізат тұрақсыз болып табылады әрі ол бақылауға көнбейді. Халықаралық нарықта біреу көп мұнай шығарса, баға бірден өзгереді. Ол жерде ешқандай қосымша құн жоқ, бағасы салған күшіңе емес, жеткізу көлемімен анықталады. Ал қызмет көрсету мен ШОБ тұрақтылықты дамытады, менің ойымша, келесі қозғаушы күш солар болады.

– Бұқаралық ақпарат құралдарының болашағы бар деп ойлайсыз ба?
Михаил Ломтадзе: Маған оны айту қиын, сіздердің негізгі жұмыстарыңыз – дұрыс ақпараттық өріс тудыру. Егер сіздердің қызметтеріңіз халыққа қажет болса, өз ақпаратын клиенттерге жеткізу үшін жарнама берушілер сіздерді таңдайды. Ал егер сіздерді оқымаса, көрмесе, жарнама берушілерге мұндай БАҚ керек емес. Менің ойымша, Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының нарығы тым ұсақ, аз тиражды басылымдар өте көп. Қазір елімізде шығатын басылымдар мыңдаған, бұл өте көп, өкінішке орай, ұсақ басылымдардың саны қысқартылады.

– 2009 жыл қандай болмақ?
– Қиын. Бұл анық.

– Болашақта, 2010 жылы, не болады?
Михаил Ломтадзе:
Өзенді кешіп өтуі тиіс енекелердің жағдайындай болады. Күштілері шығып, әрі қарай жүгіре жөнеледі, ал әлсіздері тұңғиыққа батады. Түсінесіз бе, экономика қазір өзгеріп отыр, бұл өмір сүруге болатын ең қызық кез. Бізге дейінгі аға ұрпақ әлдеқайда қиын кезді басынан өткерген. Бүгін әлемдік экономиканы, бизнесті жүргізудегі негізгі құндылықтары қайта қаралып жатыр, өйткені мұндай жаһандық жаппай дағдарыс ешқашан болған емес. Жергілікті ірісі болған, бірақ дәл мұндай әлем болып дағдарысқа ұшырау болған емес. Таяуда өте көп ғылыми зерттеулер пайда болады, мысалы, Гарвард бизнес мектебі кейстер жазуды бастаған, профессорлар да өздеріне жұмыс тапты (күледі -ескерту).

– Тиісті несиелеусіз ШОБ-тан қандай да бір қозғалыс күтуге бола ма, әлде тек сонымен ғана дами ма?
Михаил Ломтадзе:
ШОБ бойынша күтетініміз, адамдар өз бизнесін шынымен сапалы дамытса. Мен базарда контейнері бар адам, өз ісін ойлаудың орнына «Порш-Кайен» сатып алғандығы жайында мысал келтіргенмін. Бір кезеңдерде «Бентли» Алматыда такси ретінде жүрген. Мұның бәрі жоғалады. Өз капиталымен және парасатымен өспеген, себебі бәрі өсті емес пе, бизнес қабаты кетеді. Бизнестің мұндай бөлігі, егер меншік иесі жылдам қозғалмаса өшеді, жер бетінде адамдар бекер отырып үлкен ақша табатын ессіз алып сатарлық болмайды. Бизнес өз қызметкерлеріне жалақы төлеуге және дамуға жететіндей табысты болуы үшін үлкен күш жұмсау керек болады. Сапалы басқару, кәдімгі бюджетті құру және жоспарлау, қызметкерлерді ынталандыру жүйесі – осы сияқты негізгі нәрселер маңызды болады. Осыны істей алған менеджерлер өз компаниясын тығырықтан алып шығып, ұзақ мерзімді бизнес құратын болады. Қазіргі кезде ШОБ-ты несиелеудегі ең негізгі тәуекел – осы не өзге комапнияның табысы экономикадағы жаһандық өзгерістерге қаншалықты ұрынғанын бағалау. Мысалы, өз көлемін азайтып отырған ірі өнеркәсіп компаниясын алайық. Осы компанияның төңірегінде көптеген ұсақ кәсіпорындар байланып тұр: оған қызмет көрсететін кофеханадан бастап көлік компаниясына дейін. Үлкен компанияның көлемінің азаюы неғұрлым ұсақ мердігерлердің түсіміне әсер ететіні анық.

– Михаил, банк секторындағы өтімділік жағдайын қалай бағалайсыз?
Михаил Ломтадзе: Барлық банкілер өз міндеттемелерін орындап отыр. Бұл –үлкен артықшылық. Мемлекет тарапынан өте үлкен өтімділік беріліп отыр. Бизнесті қолдау бойынша «Самұрық-Қазына» мен «Дамудың» үшінші бағдарламасы 1 миллиард доллардай бөліп отыр, ол көлемі жағынан ШОБ нарығының 10-15% құрайды. Бұл – экономикаға айтарлықтай құю. Бізге қатысты айтар болсақ, биылғы жылы біздің банктің алдында біраз төлемдер тұр, шамамен 100 миллион доллардай, ал өтімділік жағынан біздегі ұстаным тіпті жақсы. Тарту жағынан қарағанда өтімділікті болжау өте қиын, өйткені бізде депозиттер тез өсуде, сондықтан пайызын төлейтін ақша өте көп болып тұр.

– Биылғы жылы депозит бойынша мөлшерлеме қандай болмақ?
Михаил Ломтадзе: Банктер арасында ішкі ресурс үшін бәсеке жүріп жатыр, нәтижесінде депозиттер бойынша мөлшерлеме өсуі тиіс. Нарықта мөлшерлеме коридоры бар және кез келген банк өзінің қалауынша бағдар алады, ең жоғарғы мөлшерлемені ұсынып, өзін солай бағдарлауға болады. Барлығы топ-менеджерлер таңдаған тәсілге байланысты. Біз өз тарапымыздан біздің көзқарасымызбен тұрақтылық көзі болып табылатын банктерді таңдадық та, ұқсас талаптарды ұсындық: бұл өте төмен не өте жоғары да мөлшерлеме емес, бұл - орташа деңгей. Ұзақ мерзімді болашақтағы жалғыз бәсекелік басымдылық болып табылатын – қызмет көрсету сапасы, демек, біз осыған көп уақытымыз бен күшімізді саламыз.

– Тұтынушылық несиеге қатысты, маржамен айналысатын банктерде маржа ары қарай өсе ме?
Михаил Ломтадзе: Жоқ, ол барлық банктерде түседі. Бұл қазіргі жағдайда қалыпты құбылыс.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер