Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Каспий банкі Халықаралық қаржы корпорациясынан (IFC) ұзақ мерзімді қаржыландыру тартты

Каспий банкі Халықаралық қаржы корпорациясынан шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелеуді дамытуға 7 жылдық мерзімге 80 миллион доллардан және сауданы қаржыландыруға 20 миллион доллардан құралатын 100 миллион АҚШ долларын тартты.

Келісімге қол қою рәсіміне IFC вице-президенті Деклан Даф мырза мен Каспий банкінің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе қатысты. Баспасөз конференциясына сондай-ақ IFC Оңтүстік Еуропа мен Орта Азия жөніндегі директоры Шабаз Маваддат мырза, IFC Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Гортон де Монд мырза мен IFC аға менеджері Томаш Тельма қатысты.

«Біз IFC-мен ынтымақтастықта болғанымызға қуаныштымыз. Халықаралық қаржы нарығындағы ағымдағы қиын жағдайда мұндай ірі көлемдегі ұзақ мерзімді қаржыландыру тарту – тек біздің банк үшін ғана емес, жалпы қазақстандық банк секторы үшін атаулы оқиға, – деді Каспий банкінің басшысы Михаил Ломтадзе. – IFC сынды ірі халықаралық институтымен мәміле жасасу Орта Азиядағы үздік бөлшекті банк болуға талпынатын Каспий банкінің сапасының, мөлдірлігі мен сенімділігінің маңызды дәлелі болып табылады. Алынған қаражат біздің банкке өз бизнесінің маңызды стратегиялық бағытының бірі – Қазақстанның Шағын және Орта кәсіпорындарын несиелеу сегментінде өзінің қатысын күшейтуді жалғастыруға мүмкіндік береді».

IFC вице-президенті Деклан Даф шағын және орта бизнес кәсіпорындары Қазақстанның тұрақты дамуы үшін және жұмыс орындарын ашу үшін өте маңызды екенін, алайда олар капитал нарығына жеткілікті кіре алмайтынын, IFC Каспий банкіне бөлінген қаражат арқылы кәсіпорындарды қаржыландыру қол жетімділігін кеңейтетінін, осылайша ел экономикасының тұрақты және бір қалыпты дамуына ықпал ететінін мәлімдеді.

Қазақстанда Каспий банкінде – капиталдың бірдейлігі ең жоғары, ал сыртқы қарыздың мөлшері ең төменгі деңгейде, акционерлер қатарында халықаралық инвесторлар бар және тұрғындар салымының өсу қарқыны жоғары – соңғы бірнеше айда ол 25% артты. Барлық осы көрсеткіштер – тұрақтылық пен қарқынды дамудың маңызды көрсеткіштері.

Сонымен бірге банкте Қазақстандағы ең ірі филиал желісі бар – 157 филиалдар мен бөлімшелер. Несиелеу, шағын және орта бизнесті несиелеу, төлем карточкалары мен жедел несиелер – Каспий банкі үшін стратегиялық маңызды сегмент болып табылады.

«Қазіргі таңда Қазақстанның банк нарығында біз үшін қолайлы орта қалыптасты және Каспий банкінің бизнесін ұлғайтуға және нарықтағы үлесін арттыруға мүмкіндік туды, – дейді Михаил Ломтадзе. – Біз өзіміз үшін маңызы зор сала – тұрғындарды және ШОБ-ты несиелеуге қатысымызды арттырамыз деп отырмыз. Тек 2008 жылдың басынан бері біз шағын және орта бизнесті дамытуға шамамен 10 млрд. теңгені құрайтын 1,7 мыңнан астам несие бердік. Бұл ақша ішкі нарықта жұмыс жасайтын қазақстандық кәсіпкерлерге берілген болатын, мен біздің даму стратегиямыз ірі халықаралық инвесторлардан, клиенттеріміз бен салымшыларымыздан қолдау тапқанына өте қуаныштымын».

Каспий банкінің несие портфеліндегі шағын және орта кәсіпорындарға (ШОБ) несиелер шамамен 55 миллиард теңгені немесе несие портфелінің 28% құрайды. Биыл Каспий банкі қазақстандық кәсіпкерлерге кемінде 15 мың қарыз беруді жоспарлап отыр, осылайша, жылдың аяғына дейін банктің ШОБ бойынша несие портфелі тағы да 30% артады.

«Банк «Каспийский» АҚ:
«Банк «Каспийский» АҚ 269 млрд. теңгеден асатын активтерімен және 41 млрд. теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. 2007 жылдың қорытындысы бойынша банктің несиелік портфелі 188 млрд. теңгені құрады. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 147 бөлімше мен 548 пункттен құралады. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау жетекші қоры – «Банк «Каспийский» АҚ-ның инвесторы www.bc.kz.


Бэринг Восток Кэпитал Партнерс:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн. артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспий» Банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында танымал халықаралық қаржы институттары: Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорацисы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялау қорларын басқару тобының құрамына кіреді. www.bvcp.ru

Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC)
Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) – Бүкіләлемдік банк тобының мүшесі. Халықаралық қаржы корпорациясының миссиясы – өтпелі экономикасы бар елдердің жеке секторына шетел инвестициясын тарту, бұл адамдардың әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізеді. IFC жеке сектордағы жобаларды қаржыландырады, қаржы нарығындағы капиталды жұмылдырады, клиенттерге кәсіпорындардағы әлеуметтік және экологиялық стандарттарды көтеруге көмектеседі және үкімет пен жеке компанияларға техникалық қолдау көрсетеді.
IFC капиталға үлестік қатысу түріндегі қарыздар, инвестиция, тармақталған қаржыландыру мен тәуекелдікті басқару өнімдерін береді, сондай-ақ дамушы елдердің жеке секторының дамуын ынталандыру мақсатында кеңес беру бойынша қызмет көрсетеді.
2007 жылы IFC $ 8,2 млрд. және қосымша синдикатталған қарыздар мен тармақталған қаржыландыру арқылы 69 дамушы елде жүзеге асырылатын 299 жобаға тағы да $3,9 млрд. инвестициялады.  www.ifc.org
 
Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласу керек:
Лариса Пак
Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директор
Тел: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1099)
Эл. пошта: Larissa.Pak@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-222-93-39
 
Салтанат Әскербекқызы
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының жетекші маманы
Тел: 8 (727) 250-18-00 (ішкі -1928)
Эл.пошта: askerbekkyzy@bc.kz
Ұялы тел: +7-777-261-15-43
+7-701-758-50-42

Алматы, Қазақстан:
2 сәуір 2008 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер