kaspi bank-інің салымшыларына арналған жаңа қызмет
2010 жылғы 17 маусымнан бастап kaspi bank-інің кез келген қолданыстағы картасы бар біздің Банктің салымшыларына салым бойынша пайыз осы картаға ай сайын аударылуы мүмкін.
Бұл қызметті ресімдеу үшін клиенттерге kaspi bank-інің кез келген бөлімшесіне жолығуға болады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен kaspi bank-інің картасы болуы тиіс.
kaspi bank-інің несие картасының иелері үшін мұндай қызмет тек қана теңгедегі салымдар үшін көрсетіледі. Біздің банктің дебет картасы болған кезде, оған пайыз валюталық салымдардан да (USD/евро) аударылуы мүмкін, ол үшін картада қажетті валютада шот ашса болғаны.